ң дыбысы мен әрпі
Әліппе.
Сабақтың тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату.
- ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- 3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке ,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әріптер кассасы, тақырыптық, заттық суреттер
ң әрпінің баспа, жазба түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау, проблема туғызу, әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты , сабақты.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
-Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
-Ұұ әрпімен.
-Ендеше ,Ұәрпін еске түсірейік.
а) Қ ұ с т а р, ұ р а н сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
○ ○ ○○○○ ○ ○ ○ ○
ә) Құрақ, тұрақ сөздерін буынға бөлу.
б) Құс, ұн сөздерін қатыстырып сөйлем ойлау.
в) Оқулықтағы «Құстар» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Суретпен жұмыс:
-Балалар, суретте не бейнеленген?
-Қасқыр.
-Түлкі.
-Аю.
-Тиін.
-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
-Аңдар.
-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?
-Орманда. Олар жабайы жануарлар.
-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы)
-Жоқ.
ә)Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.
-Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
-ң (қайталап айту).
б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
в)Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау
г)Сызбамен жұмыс: ң әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру.
ІV.Сергіту сәті:
Қолды жайып ұшайық,
Қыран құсқа ұқсайық.
Сол қанатты тербейiк,
Оң қанатты сермейiк.
Бір, екі, үш, төрт, бес деп,
Биiктерге өрлейiк.
V.Жаңа сабақты пысықтау:
Сұрақ- жауап:
-Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?
-Сөздерді ,мәтінді оқығанда.
— Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.
а)Оқулықпен жұмыс
аң аң шы таң жа ңа жаң ғақ
оң қам шы тоң жа ңа лық жаң быр
-Ал әріптің жазба түрі бізге қандай кезде қажет?
-Жазу жаз.анда.
-Олай болса дәптерімізге бүгінгі жаң ң әрпін әдемі етіп жазайық.
Ң әрпінің жазба түрімен, әріп элементтерімен таныстыру.
ә)дәптермен жұмыс
ҮІ . Шығармашылық жұмыс:
Әр оқушы жаңғақ, аң ,жаңа сөздеріне текшелерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жасау.
VІІ. Тіл ширату сәті:
Жаңылтпаш айту
1 Шұңғыл шұңқыр,
Шұңқыл шұңғыл.
2Атты таң,
Болма таң.
ҮІІ Ойын:
«Допты қағып алу» ойыны арқылы өткен әріптерді қайталау. Айтылған дыбыстарға байланысты сөздерді атау
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия:
-Балалар бүгінгі өткен әрпімізді басқа әріптеріміздің арасынан кім шапшаң тауып береді?
-Қандай дыбыспен таныстық?
-ң дыбысымен
-Ол қандай дыбыс?
-дауыссыз
-ң дыбысы мен әрпін тануда бізге қиын болды ма?
-Қандай сөздерді оқуда қиналдыңдар?
-Қандай сөздер бізге бұрын таныс еді?
— Қандай сөздерді бірінші рет естідіңдер?
-Сабақ ұнады ма?
ҮІІІ. Мадақтау.
Сабаққа жақсы қатысқан балдарды жүрекшелер арқылы бағалау.