Әліппе-білім бастауы

Тақырыбы:  Әліппе-білім бастауы

Мақсаты:  Білімнің бастауы болған «Әліппеден»

Үйренгендерді тиянақтау. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында

Алған білімдерді тиянақтау. Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете тусу,өзін-өзі басқаруы мен ана тілін суйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әріптердің суреті, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы.

 

 

 

 

Жүру барысы:

(Атасы немересін жетектеп келеді.)

Мұғалім:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп» деп

Жетпіс келеді жүгіріп.

 

Ата:

-Балам,балам,жақсы бол,

Міне,сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал

Ақылды бол тентегім.

Немере:

Қыркуйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейріммен

Қадамымды құп алып.

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «д» сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың.

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

 

Тоқтарбай Жайна:

Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.

 

Амина:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға!

 

Мұғалім:

-Балалар,мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын.

Сендер соған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

 

Хормен:

 

Болашаққа жол бастар-

Ол сүйікті-Әліппе!

Ол сүйілті-Әліппе!

 

Мұғалім:

 

-Олай болса,бәрімізге ең кымбат Әліппені ортағы шықырайық.

 

Хормен:

 

Әліппе!  Әліппе!  Әліппе!

 

Әліппе:

-Армысыздар ма,қадірлі ұстаздар,ардақты ата-аналар,өнерпаз бүлдіршіндер!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғашаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің,

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың,

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық!

 

-Мен қазір өзімнің әріптерімді түгендейін.

Ъ белгісі Ь белгісі қандай?

 

Тоқтарбай Жайна:

 

-«Біздерден дыбыс шықпайды»- деп келмей қалды.

-Барып алып келіңдер.

-ъ белгісі,ь белгісі сендеордің де Әліпбидің ішінде өз орындарың бар. Келіңдер,отырыңдар.

 

Данияр:

 

Әліппем,менің Әліппем

Сені қолға алам мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

Бекарыс:

 

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

 

Жанболат:

 

Әліппе деген алтын,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

 

Асылтас:

Қане бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық.

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық.

Хор: «Әліппе» әні

Авторы: Жұмекен Нәжімеденов

Мұғалім:

-Енді ортаға әріптерді шақырайық.

«Отан», «Мектеп» сөздерді шығатындай

(о,т,а,н,м,е,к,т,е,п) әріптер таққан оқушылар шығып мақалдар айтады.

 

Абдуллах:

О-Отан оттан да ыстық.

 

Әділ:

Т-Туған жердей болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

Азат:

А-Ата-бәйтерек,

Бала жапырақ.

 

Еркебұлан:

Н-Не ексең,соны орасың.

 

О Т А Н

 

 

Жігер:

М-Мектеп-кеме,

Білім-теңіз.

 

Амина:

Е-Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

 

Сайнова Жайна:

К-Көз-көру үшін,

Ой-білу үшін.

 

Әділ:

 

Т-Тіл-көнілдің кілті.

 

Жүсіп:

Е-Ел көркі-мал,

Өзен көркі-тал.

 

Мадина:

П-Әр үйде бір қапқа бар,

П-аумаған тап болар.

 

Мұғалім:

-Рахмет, балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болындар!

(Сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді.)

 

Білмесбек:

-Мыналар не жиналған-әй. Менің атымды атаған қайсың?

 

Мұғалім:

Сәлеметсің бе, Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.

 

Білмесбек:

-Әліппемен қош-та-су. Қоштасындар!  Қоштасындар!  Қой, мен кетейін. Чао!

(Кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады.)

 

Сайнова Жайна:

-Тиіспе, менің шарыма. Мұнда әріп жалынған.

 

Білмесбек:

-Әріп дейді. Қайдағы әріп? Мынау доңғалаұтың суреті,ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін. Мәссаған,менің рогаткамды қара.

 

Мұғалім:

-Ол не деген Білмесбек. Бұлар О, П, Ү әріптері. Дегенмен балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.

 

Білмесбек:

-Онда мен де кітап оқығым келеді.

 

Мұғалім:

-Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті-басыңды тазалап,жөнге сал. «Әліппені» таза,ұқыпты балалар ғана ұстайды.

 

Білмесбек:

-Жарайды (шығып кетеді.)

Мұғалім:

-Балалардың әріптерді танып қана қоймай,олардың басын қосып осылайша оқи білулері ата-ана үшін де,мен үшін де үлкен қуаныш.

 

Ән «Әліппе»

Авторы: Нұрлан Еспанов

Орындайтын: Маңғыстау Азат,Сайнова Жайна.

 

Ерасыл:

Әліппе-білім анасы,

Әліппе-кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы?

 

Ерлан:

Анам менің,әкем де

Атам менің апам да

Шопан,ұшқы, ғалым да

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе

 

Жігер:

Бүкіл қазак баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен

 

Арзу:

Әліппем,менің Әліппем

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет!

 

Омар:

Таныстырган әріппен

Жақсы кітап-Әліппе

Жол көрсеткен білімге

Қош бол,құтты Әліппе!

 

Әліппе:

-Ал,достар,бүгін сендер енді менің жолымды әрі жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

 

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме,балалар.

Сәлем,достар,аман ба?

Аман болған аманда,

Ана тілін ардақтар,

Ата-бабам,анам да,

Туған тілдің тілімін,

Ақылы мен танымын

Таныстырар бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілім-ұраным

Ана тілім-құраным

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

 

Әліппе:

-Ал енді,мен сендермен қоштасамын. Қош болсыңдар,балалар. Сабақты жақсы оқыңдар.

 

Хормен:  –Қош бол,кұтты Әліппем!

 

Х О Р: «Рахмет саған,Әліппе!» әні.

Авторы: Бота Бейсенова.

 

Жүсіп:

Қош бол құтты,Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

 

Мирас:

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жағастырдың.

Әр әріпті құрастырып,сөз құрап,

Хат танып,алғаш сен көзімді аштың.

 

Мақсат:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға «Ана тілін» аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты балаңыз

 

Мұғалім:

-Енді «Дыбыстар әлеміне»саяхатқа шығайық.

Ерте-ерте,ертеде дауыстылар ауылы мен дауыссыздар ауылы болыпты.

Дауыссыздар ауылында ешқандай той-думан болмайды,тып-тыныш. Ал дауыстылар ауылында күнде мереке,той-думан.

 

Домбырасыз сән қайда,

Домбырасыз ән қайда.

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

-Мен екі ауылдың дыбыстарын біріктіріп,өзгеріс енгіздірдім. Сонда сөздер пайда болды.

 

Абдуллах:

Ең алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

Еркебұлан:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет ұстаз алғашқы.

Ән:  «Ұстазым»

Орындайтын: Қанатбай Әділ,Бақытбай Назерке.

 

«Гул сыйлау» ойынын ойнату.

 

Мұғалім:

-Балалар,санамақ жеке-жеке айтып,құмырадағы гүлді залда отырған қонақтарға береміз.

 

1 дегенім-бесік

Шықтық содан өсіп.

 

2 дегенім-елім

Далам,тауым,көгім.

 

3 дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

 

4 дегенім-төзім

Төзе білем өзім.

 

5 дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт.

 

6 дегенім-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

 

7 дегенім-жалау

Жүректегі алау.

 

8 дегенім-сөзің,

Серт беретін кезің.

 

9 дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

 

10 дегенім-Отан,

Қорға соны ботам.

 

Хор: «Мектебім» әні

Авторы: Бота Бейсенова

 

Мұғалім:

-Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры.

Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы береміз.

 

-Сөз кезегін мектеп директоры бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Қосмбаева Маржан апайға береміз.

 

-Сөз кезегін мектеп директоры тәрбие жөніндегі орынбасары Жусупова Әсияға береміз.

 

-Сөз кезегін ата-аналар өздеріңізге бердік.

 

-Құрметті қонақтар,Әліппемен қоштасу мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.