Әлібек, бұл-көкөністер.

Сабақтың тақырыбы: Әлібек, бұл-көкөністер.

Өтілетін күні:           

    Сыныбы:

    Сабақтың мақсаты:

    1.Білімділігі:Көкөніс атауларын үйрету,жемістер мен көкөністерді ажырата білуге көңіл бөлу.Айтылым,сұрақ-жауап ,оқылым әрекетін іске асыру.

    2.Дамытушылық:Тақырып аясында сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:Жемістер мен көкөністердің денсаулыққа пайдасын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,аударма,түсіндірме,ойын .

    Көрнекілігі:Интерактивті тақта,кеспе қағаздары,сөзжұмбақ шешу,суреттер.

   Сабақ барысы:

   I Ұйымдастыру кезеңі

1Сәлемдесу

2 Түгелдеу

3 Үй тапсырмасын тексеру:

Қандай  жемістерді білесің?Оларды ата,

Алманың дәмі қандай?

Анардың түсі қандай?

Сен жемістерді жақсы көресің бе?

II Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

III Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс жасау

Көкөніс-овощи

    1-тапсырма.Көкөністерді біліп ал.Интерактивті тақтаны пайдалана отырып,көкөністермен танысу.Көкөністердің атауын үйрену.

Пияз-лук,қызанақ-помидор,орамжапырақ-капуста,қызылша-свекла,сәбіз-морковь,қияр-огурец.

    2-тапсырма.Оқылым әрекетін іске асыру.Сөздер мен сөз тіркестерін оқу.Не?Қандай?сұрақтарына жауап беруді үйрену,мағынасын түсіну.

Не?                                                          Қандай?

Қызанақ                                                     Қызыл қызанақ

Пияз                                                            Ащы пияз

Қияр                                                             Жасыл қияр

Сәбіз                                                           Сары сәбіз

Орамжапырақ                                         Үлкен орамжапырақ

Ендігі кезекте «Кім тапқыр?» ойынын ойнату.

3-тапсырма.Көкөністер мен жемістердің суреті арқылы тілдесім әрекетіне жетелеу.Сұраулық шылауларды дұрыс қолдану.

Мынау қияр ма?                             Иә,бұл-қияр.

Мынау пияз ба?                              Жоқ,бұл-алма.

Мынау картоп па?                         Иә,бұл-картоп.

Мынау сәбіз бе?                             Жоқ,бұл –қызылша.

Сергіту сәті.

4-тапсырма.Кеспе қағаздармен жұмыс жасау,сөз тіркестерін аударып айту.Жазылым әрекетін іске асыру.Балаларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Красный помидор-қызыл қызанақ.

Красная морковь-қызыл сәбіз

Зеленая капуста-жасыл орамжапырақ

Зеленый лук-көк пияз

Зеленый огурец-көк қияр.

IY  Жаңа сабақты қорытындылау.

Сурет сөзжұмбағын шешу арқылы ой-өрісін өсіру,ізденімпаздыққа баулу.

ҚияР
СәбіЗ
КартоП
Қызылша
ОрамжаПырақ

 

Сабақты  қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма