Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
3 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
|
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш 8- сынып
|
Уақыты
1 Мин
1 мин
6 мин
5 мин
8 мин
2 мин
5 мин
1 мин
3 мин
5мин
10 мин
1 мин
1 мин
1мин
| Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?
Психологиялық ахуал Шаттық шеңбері
Үй жұмысын тексеру Эссе оқылады
Баяндауыш тақырыбы бойынша тақтадағы сұрақтар
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтам, тақырып туралы қысқаша мәлімет беру
Кеспе жұмысын таратамын
Сергіту сәтін өткізем
Тапсырма. Елдерге саяхат
Сабақта бақылаушы топ құрамын
Әр топты тыңдаймын
Бақылаушы топқа сөз беремін.
ІV. Бекіту . Венн диаграммасы
Қорғалған жұмыстардың (мәтін ішінде) арасында бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаларды табуға нұсқау беремін
V. Қорытынды (Кері байланыс) Рефлексия 1. мен үшін сабақ бүгін сәтті өтті. 2. Бүгін сабақта болған көңіл – күйіңді суретпен көрсет 3. Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
VІ Үйге тапсырма беру. Екі елді салыстырып, айрмашылықтары мен ұқсастықтарын венн диаграммасы арқылы жазып кел. Ережені жаттау
VIІ. Бағалау Күнделікке баға қою
| Оқушылардың іс-әрекеті
Кезекші оқушы шаттық шеңберін өткізеді.
Әр топ өздерінің үздік эсселерін ортаға салады. Оқушылар кезекпен диалог арқылы бір бірлеріне сұрақтарды қойып жауап береді.
Оқушылар керек ережелерді дәптерлеріне жазып алады.
Сұрақтарды негізе ала отырып, оқулықты пайдаланып, топпен ынтымақтастыққа жұмыс жасау арқылы орындайды
Кезекші оқушы жүргізеді
Әр топ плакатқа елдерді таңдап, сол елге саяхат жасай келе, бізге таныстыруы керек. Бақылаушылар орындалып жатқан тапсырманы қадағалайды.
Әр топ өз плакаттарын қорғайды, қалған топтар стиктер арқылы бағалайды.
Ьақылаушылар әр топтың жұмысына тоқталып кетіп, қандай топ қалай жұмыс жасағанын айтады, бақылаушылар тарапынан әр топқа бір ұсыныс, бір тілек айтады
Оқушылар басқа бір топтың жұмыстарын қарастыра келе, тауып дәптерге жазу. Ережемен түсіндіреді.
Стик таратып, оқушылар өз ойларын ерекін жеткізуге тырысады, қалаған оқушы өз рефлексиясын айтып бере алады
Үй тапсырмасын күнделікке жазу
Жиналған жұлдызшалардың формативтік бағасынан суммативтік баға шығару
| Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық және т.б. қажет?
PowerPoint
Дәптер
PowerPoint Дәптер
Кеспе қағаздары
Шағын доп
Плакат
Плакаттар
Актив студио Дәптер
Презентация стиктер
презентация Күнделік
жұлдызшалар |
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алалған білімдерін негізге ала отырып, қалай оқу керектігін үйрету модулі бойынша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны меңгеруге бағыт – бағдар бере арқылы топтық жұмысты дамыту, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Сабаққа талдау: Оқушылар топпен жұмыс жасады. Сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін. Үй тапсырмасына берілген эссені әр топ үздік эсселерін орта салып таныстырады, әр топ бағалайды Сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану арқылы топтастыру әдісі мен жұмыс істеген уақытта топтардың бір -бірінің ой пікірлерін тындауын, талқылауын бақылаймын,осы кезде бағыт- бағдар беріп отырамын. Әр топ дайындаған коллаждарын
қорғап болғаннан кейін жұмыстарды бағалаған кезде бақылаймын, кейін бақылаушы топқа сөз беріліп,өз ойларын еркін ашық жеткізе білуді дамытамын
Нәтижесінде: Алған білімдеріне сүйене отырып, бастауыш пен баяндауыштың арасына қай кезде сызықшаны қойылатынын біледі, Әр топқа тапсырма беріп, елдерге саяхат жасау арқылы коллаж жасай алады, бақылаушы топ бола алады,бір-біріне сұрақтар қою арқылы ережелерді есте сайтай алады.
Не сәтті өтті?
Оқушылар топпен бірлесе отырып, ынтымақтастыққа жұмыс жасайс алды. Өз ой пікірлерін еркін, ашық, дәйекпен дәлелді түрде жеткізе алды, (бұл әсіресе, бақылаушы топ мүшлерінен байқауға болады Русланды айтып кету керек. Руслан біріншіден, өзін бақылаушы рөлінде ұсынды, екіншіден ол топтарды аралап, қадағалап жүрді, үшіншіден плакаттарды қорғаған кезде ол өз ойын ашық дәлелді түрде жеткізе білді, бұл қазақ тілі пәнінде Руслан үшін жетістік)
Не сәтсіз өтті?
Топ болып плакаттарды қорғаған кезде әр топ бір бірлерін бағалау кезінде келіспеушіліктер байқалды. Бұл жерде өзара бағалау дұрыс болған жоқ. Сол кезде төмен баға қойған оқушы неге солай қойғандығын дәлелмен дәйекпен келтіре білді. Содан кейін бағалау өз нәтижесін берді.
Нені дамытқым келеді?
Жоғарыда айтылғандай, өзара бағалау кезінде критерийалды бағалауды әр сабақтың әр кезеңінде енгізгім келеді. Топпен ынтымақтастықты одан әрі дамытқым келеді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттырып, өз ойын еркін, дәлелді түрде фактімен жеткізуді дамытқым келеді
Ол үшін мен не істеймін?
Ол үшін мен көбірек сыни тұрғыдан оқушының ойлау белсенділігіне әсер ететіндей тапсырмалар беріп отырамын.