«Республика күні»
Сабақтың тақырыбы: «Республика күні»
Сабақтың мақсаты:
ә) білімділік: оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту, есте сақтау қаблеттерін ұлғайту, ауызекі тілде сөйлеуге машықтандыру;
ә) дамытушылық: әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өз ойын түйіндркге, топпен жұмыс істеуге жұмылдыру, белсенділігін арттыру, сөйлеу тілін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды саналы, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, елдің әр мерекесіне мақтанышпен қарауға баулу.
Сабақтың түрі: сайыс- сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, пікір алмасу;
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланысы: музыка пәні
Сабақтың өту барысы:
- 1. Ұйымдастыру кезеңі
- Мұғалімнің кірспе сөзі
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Балалар, бүгінгі сабағымызды ҚР әнұанымен бастайық.
— Бүгін нешесі
— Аптаның қай күні?
— Мемлекеттік мерекелерді атаңдар?
- Сайыс- сабақ
- f) Үйге берілген тапсырманы тексеру
ә) Сайыстың кезеңдерімен таныстыру:
- Топпен таныстыру, ұраны (әр топ өзінің тобының атымен, ұранымен таныстыру
- Тақпақ сайысы (әр топтан бір оқушыдан шығып республика туралы жаттаған тақпақтарын мәнерімен жатқа айту
- Егер де мен ….. (депутат, әкім, президент, кәсіпкер) болсам өз ойларын жазу
- Сұрақтарға жауап беру (1.Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды ата
2.Үндестік заңының неше түрі бар
- Буын түрлерін ата
- Қазақ тілінде неше дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз
- Антоним дегеніміз не
- Омоним дегеніміз не
- Синоним дегеніміз не
- Отбасы мүшелерін ата
- Жыл мезгілдерін ата
- Сөз құрамы туралы айт)
- Сурет сайысы («Менің Республикам» атты тақырыпта сурет салу
- Актерлік шеберліктерін көрсету (өз еріктері бойынша ке-келген тақырыпта актерлік шеберліктерін көрсету)
- Кім жылдам (берілген үш сөзге фонетикалық талдау жасау)
- Сайысты қорытындылау (сайыстың қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Оқушыларды мақтау қағазымен мадақтау.)
- Бағалау.
- Үйге тапсырма
«Республика» сөзіне сөзжұмбақ жазып келу