Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы:  Мезгіл   бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Мезгіл   бағыныңқы сабақтас  туралы түсінік беру

2.Дамытушылық:  Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін  ажырата білуге  сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба

Сабақтың түрі:   жаңа      сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

131- жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істІң жүзеге асу я аспау мерзімін білдіреді.

Мезгіл бағыныңқының баяндауыштары -ша/ше жұрнақты есімшеден (-ған+ша, -ген+ше), жатыс жалғаулы есімшеден (-ған + да, -ген-\-де), есімшеге септеулік шылауларынын, (-ған, -ген, соң, кейін, сайын, бері, шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған, -ген, кезде, шақта, уақытта) тіркесуі арқылы, көсемшеден (-ғалы, -гелі, -а, -е, -й) және етістіктің түбіріне -ысымен, -ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.

 

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың сұраулары: қашан?    қашанға    шейін?     кашаннан     бері? Мысалы: Соңғы аттылар Қүнанбай қасына жеткенде, балқьыған темірдей боп ұшқын атып жарқыраған үлкен күн алыстағы Арқат тауының иректелген жотасына міне бастап еді (М. Ә.).

 

ІV. Cабақты меңгерту

132-  жаттығу

Өзіндік жұмыс

Сабақтас құрмалас сөйлемнің (Қарсылықты ,шартты мезгіл) түрлеріне мысал келтіру

  1. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс

VІ. Үйге тапсырма беру. 133 -жаттығу        

  VІІ. Бағалау.