Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

 

Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.

Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал, бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарудамын.

  • ҰБТ-ға дайындыққа арналған жобалар құрастырдым.
  • Өткен тақырыптардан теориялық білімдер беремін.
  • Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.
  • Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргіземін.
  • Тақырыптық тест құратырамын.
  • Әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын.

Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол сабақтың ғана нәтижесі

болып қоймай, ҰБТ-ның балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін не істеу керек? Оқушы төмен балл алмаудың немесе өте жақсы деген баға алудың жолын қарастырайық. Қазақ тілі тест тапсырмасының бірінші пәні ретінде тұрғандықтан оқушы білетін сұрақтарды белгілеп шығады да, қалған уақытын күрделі сұрақтарды шешуге қалдырады. Оқушының бірден сұраққа жауап беруі оның дайындығының жақсы екендігін көрсетеді. Қазақ тілінен сұрақтарының ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырайық.

1.Фонетикадан бастайық. Тіл дыбыстарының жіктелуін буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттау керек. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуын есте сақтаудың  балаға ең жеңіл тәсілін ұсынамын. Мысалы, үнді дауыссыздарды «менің айуларым» тіркесінің оқылуы арқылы есте сақтатамын. Дауысты дыбыстарды алып тастап оқығанда мнңйулрм үнді дауыссыздары дыбыстары қалады. Сондай-ақ ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың түрлеріне ережемен қатар мысалды да жаттаған дұрыс. Ережені жатқа білген оқушы мысалды да есінде сақтай алады.

  1. Лексикада ережелерін қайталап, әр тақырыптан 25-30 сөзден аспайтын жаттығу жұмыстарын 4 рет орындаған жағдайда оқушы есіне жиі сақтап алады. Егер оқушыға тақырып қиындық туғызса, жаттығуды орындаған кезде көмектескен дұрыс. Бірақ үй тапсырмасына мысалдар жазып келумен қатар ережелерді жаттауға тапсырма берген дұрыс.

3.Морфологияны талдау барысында Н.Оразахынованың «Сатылай кешені бойынша» талдауын пайдалану, әр сөз табының кестесін сызғызып, жаттығулар жасатқызу жақсы нәтиже береді.

4.Синтаксис тарауын қайталауда сөйлемнің  ережесі мен мысалдарды жазғызып отыру керек . Жай сөйлемнің түрлерін қайталағанда сөйлем мүшелерін қалыпты астын сызғызып, жақша ішіне сөйлем ретінде жазғызған дұрыс. Құрмалас сөйлемді де солай талдатып, тек сабақтастың түрінде тиянақсыз баяндауышына морфологиялық талдау жасатып, сұрақ қою арқылы айыра біледі. Жалаң түрде ережені айтып, лекция түрінде мысалдар жазғызу жеткіліксіз.

  1. Тыныс белгілерін қайталаған кезде, тыныс белгілерінің ережесін жаттатқан соң, тыныс белгілерінің сызбасын ғана беріп, мысалдар құратып жазғызу керек. Сонда оқушы тыныс белгілерінің ережесін есте сақтайды. Әр тараудан кейін тест жұмысын алып, қандай сұрақтардан қате жібергенін анықтап, сол тақырыпты оқушыға қайтадан түсіндіру керек . Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Мысалы, мына тұрақты тіркестің антонимін табыңыз: Ат ізін құрғатпады – Ат ізін салмады. Бұл сұрақта оқушы екі тақырыпты білу керек. Біріншіден, тұрақты тіркесті, екіншіден антонимді білу шарт. Тақырыпты қайталау барысында оқушыларды топпен отырғызып дайындау да тиімді. Дегенмен жекелеген оқушылармен арнайы жұмыс жасасаңыз нәтижеге жылдам жетесіз. Айталық, Құрмалас сөйлемді қайталағанда, 1-топ Салаластың түрін қайталайды . 2-топ Сабақтастың түрін қайталайды. 3-топ Араластың түрін қайталайды. Тақтаға шығып сызба немесе модель сызу арқылы  түсіндіреді. Оқушыны жеке дайындаған сәтте тақырыпты түcіндіріп, оқушыға мысал келтіре отырып түсіндіріп, жаттығулар орындатып бекітіп,  өзіне қайталата отырып қорыту керек.  Ережелерді мысалдармен қатар жатқа білетін оқушы тапсырманың кез-келгенін дұрыс орындайды. Тест тапсырмасын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі.