Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік сөздер

 

Сабақ жоспары

Бекітемін:Қазақ орта мектеп — интернаты
Сабақ: қазақ  тіліСынып: 11 «а» — сынып
Уақыты:                         Күні: Шаяхметова А.Е.
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бағыт – бағдар бере отыра шешендік сөздердің әлеуметтік – тұрмыста қолданылуын, би-шешендеріміздің бір сөзбен көп мағына берер асыл сөздерін көкейлеріне тоқыту, сыни ойлау арқылы шешендік өнерді осы өмірде пайдалана алу, тілге шешен, өз ойын толық жеткізе білетін тәрбиелі де саналы болуға тәрбиелеу.Мұғалім – оқушы арасындағы және оқушы мен оқушы арсындағы тілдік орта қалыптастыру арқылы сөздік қорын молайту. Бірін – бірі және өзін өзі әділ бағалай білуге үйрету, еркін сөйлеуге үйрету
Ресурстар: деңгейлік тапсырмалар, таратпа қағаздар, қосымша оқулықтар, маркерлер, плакаттар, стикерлер
Модульдер: талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, диалогтік оқыту

Сабақтың критериилері:

1. Шешендік сөздің мазмұндылығы.
2. Сөздің дәлдігі — ойдың айқындылығы.
3. Тіл тазалығы.
4. Тіл көрнектілігі.

Уақыты:Жұмыс түрі:Мұғалім әрекеті:Оқушы әрекеті:
 

08.00-08.05

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренингСабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырадыОқушылар орындарына отырады, сабаққа дайындалаы, оқу-құралдарын дайындайды

Кезекші оқушы мұғалімге есеп береді

08.05-08.10Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/

Мұғалім оқушыларға өткен тараулар  бойынша сұрақтар қоядыОқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады
08.10-08.15ТүсіндіруРесурстар таратып беремін, парақшалар таратылады, тапсырмалармен, плакат, маркер, стикерлерді беремінОкушылар танысады, бір-бірден шығып тапсырмаларды алады, орындайды
08.15-08.25ЗертттеуШешендік өнер дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Қандай би – шешендердің сөздерін білеміз?

1. топ: Білім — ғылым мазмұнды шешендік.
2. топ:Әлеуметтік — саяси мазмұнды шешендік.
3. топ:Әлеуметтік — тұрмыстық мазмұнды шешендік.
4.топ: Діни мазмұнды шешендік.
5.топ: Сот ісі шешендігі.

Оқушылар топтарға бөлініп, өздерінің зерттеу тапсырмасын интербелсенді тақтадан жазып алады
08.25-08.30ТалдауАл, топтар дайын болсақ ортаға шығамыз.

« Ұтымды пікір — ұтқыр ой».

Біздің заманымызға шешендік қажет пе? (оқушы жауабы).
— Қазіргі таңда елімізге танымал шешендер бар ма? Бар болса кімдер деп ойлайсыңдар? Мысалдармен дәлелде, өз мысалың қазіргі шешендіктің қай түріне жатады деп ойлайсың?

 

 

 

 

ТАЛДАУ:

1.Фонетикалық талдау —
2. Лексикалық талдау —
3. Морфологиялық талдау —
4. Синтаксистік талдау

Әр топ ортаға шығып жазған дүниелерін талдайды, бір-біріне түсіндіреді, бірін-бірі топ басшылары бағалап отырады. (оқушы жауабы).
08.30-08.35ҚорғауМұғалім әр топты бақылайды, қадағалайдыәр топ басшысы шығып және топ мүшелері ортаға шығып қорғайды
08.35-08.40ҚорытындыМұғалім мен оқушы арасындағы диалог. Мұғалім сұрақтар қояды.

 

 

 

Оқушылар мұғалімге жауап береді, бір-бірінің ойын толықтырып отырады.
14.40-14.43БағалауМұғалім бағалау парақшаларын таратып бередіәр топ басшысы шығып топ мүшелерінің барлығын өздері стикерге жазып бағалайды
14.44-14.45Үй тапсырмасын беруӘлеуметтік – саяси шешендік сөз туралы дерек жинап әкелуКүнделіктеріне жазып алады