Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтіннің бірліктері мен белгілері жайлы ой қорыту, мәтіндерге талдау жасауға үйрету
Тәрбиелік: Мәтін мазмұны арқылы тіл тазалығын сақтауға, орынды сөйлей білуге, адамгершілікке, қоршаған ортадан тек жағымды қылықтарды сіңіре білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, мәтін мазмұнына үңіліп, ондағы негізгі ойды анықтай білуге машықтандыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәтінмен жұмыс, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұраймын.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтін — өзара байланысты сөйлемдер жиынтығы.
Мәтінде бір-бірімен жалғасып келетін бірнеше күрделі ой болады. Бір бүтін күрделі ой жазуда абзац ( азат жол) арқылы көрінеді.
Абзац:
- Мәтінді жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалатын шегініс.
- Бір азат жол мен келесі азат жол арасындағы азат жол бөлігі
Мәтін
Көркем шығарма Публицистикалық Ғылыми
шығарма шығарма
(Диктанттар жинағынан мысалдар келтіремін)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
7-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Талдау
- Дәптермен жұмыс
Орфографиялық нормаға сай келмейтін қолданыстарды тауып жазу
8-жаттығу
- Мәтінді оқу
- Қандай сипаттағы мәтін?
- Ауызша талдау жасау
9-жаттығу
- Мәнерлеп оқу
- Қай ғылым саласына жатады? (Тіл ғылымы)
- Қазіргі тіл нормасында қолданылмайтын сөздерді теріп жаз.
Лұғат дәлдігі – мағына дәлдігі
10-жаттығу
- Мәтінді түсініп оқу
- Тапсырмалар бойынша жұмыс
11-жаттығу
- Мәтінді оқып, тақырып қою.
- Мәтіннің бұған дейінгі берілген мәтіндерден өзгешелігін ажырату
- Араб-парсы тілдерінен енген сөздерді тауып, олардың лексикалық норма болатынын дәлелдеу
Ү. Қорытынды
ҮІ.Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 12-жаттығу