Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды талдау

Сабақтың тақырыбы:  Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды талдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орфографиялық, орфоэпиялық ережелерді еске түсіру, олардың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдегі орны, айырмашылықтары жайлы алған білімдерін пысықтату

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, дұрыс сөйлей білуге, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, ұтымды, нақыт сөйлей білуге тірбиелеу

Дамытушылық: оқушы ойын дамыту, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту

Сабақтың типі:                                          Қайталау сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                           Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс, талдау, т.б.

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге «Мәтін» тақырыбын оқып келуге және  12-жаттығуды орындап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

Қосымша сұрақтар:

  • Мәтін дегеніміз не?
  • Сөйлем мен мәтіннің айырмасы неде?
  • Түрлерін атаңдар.
  • Абзац дегеніміз не? Қандай мәнде жұмсалады?
  • Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен қалай байланысады?

 

ІІІ. Өткенді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары

  • Орфографиялық, орфоэпиялық норма дегеніміз не?
  • Бұл сөздер тілімізге қай тілдерден енген?

 

13-жаттығу    Ауызша

 

  1. Мәнерлеп оқып, қаратпа сөздерді табу
  2.  Мәтіндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді тауып, жазылу емлесін түсіндіру.

 

 

14-жаттығу

 

  1. Тыныс белгілерін қоя отырып көшіру.
  2. Оқшау сөздерді ажырату
  3. Демеулік шылауларды анықтау
  4. Орфоэпиясында өзгеріске ұшырайтын сөздерді анықтау

 

15-жаттығу                Ауызша

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мәтіннің абзац санын, ондағы негізгі ой мен тірек сөздерді анықтату

 

 

16-жаттығу                Шығармашылық жұмыс

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мәтінді ары қарай жалғастырып жазу

 

 

Топтық жұмыс

20, 21, 25-жаттығуларды үш қатарға беріп, берілген сөздерді айтылуы бойынша транскрипциясымен жаздырамын.

 

Бұрынғы — [бұрыңғы]

Аймангүл — [Аймаңкүл] т.б.

 

 

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

31, 32-жаттығулар.

Мәнерлеп оқу, мәтін түрін анықтау, тірек сөздерді теріп жазу