«Баскетбол» Допты алып жүру, допты екі қолмен кеудеден беру және қағып алу.
Сабақтың тақырыбы: «Баскетбол» Допты алып жүру, допты екі қолмен кеудеден беру және қағып алу.
Мақсаты: Баскетбол ойынының техникасын жетілдіру және дамыту:
- Білімділік: Допты алып жүру және допты екі қолмен кеудеден беру және
қағып алу әдісін жетілдіру.
- Тәрбиелік: Ойын барысында адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.
- Дамытушылық: Оқушылардың үйлесімді қимыл-қозғалысын дамыту..
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар баскетбол ойынды меңгереді кұрделі қимыл-
қозғалыстарды қалыптастырады.
Уақыты: 45 минут Өтетін орны: Дене шынықтыру залы.
Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы.
Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
С/ методикалық жабдықталуы: Ысқырық, баскетбол доптары, секундомер.
Сабақтың жобасы:
- Дайындық бөлімі:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Жүру, жүгіру жаттығулары
- Арнайы жаттығулар орындау.
- Негізгі бөлім:
- Допты алып жүру, екі қолмен кеудеден беру және қағып алу әдістерн көрсету.
- Әдістерді қолдана отырып эстафеталық жарыстар ұйымдастыру.
- Ережемен оқып-үйрену жаттығу ойынын ойнату..
III. Қорытынды бөлімі:
- Бағалау
- Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
№
С/б | Сабақтың мазмұны | t | Ұ.Ә.Н. |
1 | 2 | 3 | 4 |
I. | 1. Сапқа тұрғызу. Рапорт. Сәлемдесу. Сабақтың мақсат міндетімен таныстыру. 2. Жүру: аяқ ұшымен және өкшесімен, аяқтың сыртқы және ішкі қырымен , аяқтың өкшесінен ұшына көтеріліп жүру. |
15 | Оқушылардың спорт формасына, психологиялық атмосферасына көңіл бөлу.
Жаттығулар мен бұйрықтардың дұрыс орындалуына көңіл бөлу. |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жүгіру: жеңіл жүгіру, тіркеме адыммен, тізені көтеріп, аяқты артқа тастап бір аяқта секіру.
3. Арнайы жаттығулар. Қарсы лекте тұрып допты алып жүру кеудеден екі қолмен беружәне қағып алу.
| Сабақ барысында қателерді ескертіп түзетіп отыру.
| ||
ІІ. | 1. Допты алып жүру, екі қолмен кеудеден беру және қағып алу әдістерн көрсету. Допты беріп орын ауыстыру жаттығулары.
2. Әдістерді қолдана отырып эстафеталық жарыстар ұйымдастыру. Допты ойыншылар арасында оң және сол қолымен алып жүру. Нысанаға допты лақтырып қағып тосып алу. «Доп үшін күрес» ойыны
3. Ережемен оқып-үйрену жаттығу ойынын ойнату. Демалу жаттығулары. |
25 |
Допты алып жүру, екі қолмен кеудеден беру және қағып алу техникасын дұрыс орындалуын қадағалау.
Ойын ережесінің сақталуын бақылау |
ІІІ. | 1. Оқушыларды бағалау.
2. Үйге тарсырма. |
5 | Оқушылардың жетістіктерін, кемістіктерін ескере отырып бағалау.
Алға, артқа домалау, көпірге тұру. |