Гимнастика. Саптық жаттығулар

Гимнастика. Саптық жаттығулар

Сыныбы 3
Өткізілетін орны: Спортзал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау. Алға, артқа домалауды жетілдіру.
2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.

Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу.
Жүру жаттығулары:
— аяқтың ұшымен қол жоғарыда.

— қол желкеде, өкшемен жүру.

— қол белде табанның сыртымен жүру.

— қол белде табанның ішімен жүру.

— отырып, жартылай отырып жүру.
Назар аудару жаттығулары:
— жүріс
— жүгіріс
Спорт жүрісі
Жүгіру жаттығулары:
— Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру.
— Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.
— Түзу аяқты жан – жаққа лақтырып жүгіру.
— Он жағымен жүгіру
— Сол жағымен жүгіру.
— Теріс қарап жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:
— Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1 — 4 басты оң жаққа айналдыру.
1 — 4 басты сол жаққа айналдыру.
— Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1, 2 денені оң жаққа бұру.
3, 4 денені сол жаққа бұру.
— Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде.
1 — оң аяққа еңкею.
2 — ортаға еңкею.
3 – сол аяққа еңкею.
4 – Ж. Б.
— Ж. Б: Н. Т.
1 — 4: оң аяқта секіру.
1 — 4: сол аяқта секіру.
1 — 4: екі аяқта секіру.
2. Негізгі бөлім
Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау:

Бір орында.
— Бір қатардан екі қатарға тұру.
— Екі қатардан бір қатарға тұру.
Жүрісте:
— Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.

— Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.
— Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.
Алға, артқа домалауды жетілдіру:
— Алға жинақталып домалау.
— Артқа жинақталып домалау.

— «Көпір» жасау
Қозғалмалы ойын. «Қашпа доп»

3. Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызу.
2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.

  1. Үйге тапсырма “ Саптық бұрылулар ”
    4. Ұйымдастырып қайтару.