Гимнастика.

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика.

Сабақтың тапсырмалары: 1. Акробатикалық жаттығуларды үйрену.

  1. Арқанға өрмелеу түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту.
    2) Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
    3) Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі: 10-12мин

  1. Сапқа тұрғызу. Рапорт беру.Амандасу.Тізім бойынша тексеру

Сабақтың тақырыбын түсіндіру

  1. Саптық жаттығулар

— сапқа тұру, бұрылулар, саптық адымдар.

— бір қатардан екі қатарға тұру.

  1. Жүру

— Аяқтың ұшымен қол жоғарыда.

— қол желкеде, өкшемен жүру.

— қол белде табанның сыртымен жүру.

— қол белде табанның ішімен жүру.

  1. Жүгіру.

— тізені көтере жүгіру.

— өкшені артқа көтере жүгіру.

— сол жақ иықтан секіре жүгіру.

— оң жақ иықтан секіре жүгіру.

— қол белде тік аяқты алға сермеп жүгіру

— қол желкеде тік аяқты артқа сермеп жүгіру.

5 Ж. Д. Ж. орнында.

Б. қ. қол белде басты 4 рет сол жаққа айналдыру, 4 рет оң жаққа айналдыру.

  1. Б. қ. сол қол белде, оң қол жоғарыда, аяқ иық көлемінде.

1 — 2 сол жаққа еңкею, 3 — 4 оң жаққа д. с.

  1. Б. қ. аяқ иық көлемінен алшақ қол белде.

1 — сол аяққа еңкейеміз, 2 — ортаға еңкею, 3 — оң аяққа еңкею, 4 — бастапқы қалып.

  1. Б. қ. қол белде аяқ иық көлемінде. 1 — қол жоғарыда, 2 — алға еңкею, 3 — қол алдыда отыру, 4 — бастапқы қалып.
  2. Сол аяқ алдыда оң аяқ артта қол тізеде. 1 — 2 — 3 – сол аяққа қарай отыру, 4 — секіріп аяқты ауыстыру.
    Негізгі бөлімі: 20-25 минут
    1. Сапқа тұру
    2. Жаңа сабақты түсіндіру,тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
    3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
    4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.
    Сабақ жаттығулары:
  • Аяқты алшақ қойып тұру қалпынан алға домалап түсу.
  • Алға қарай домалап түсіп, түрегелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу
  • Қолды тіреп отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.
  • Артқа домалап, жаурынға тұру.
  • Көпір жасау.

Аяқты кеуде тұсқа құшақтай отырып алға қарай домалап түсу.

5.Арқанға өрмелеу.

Қорытынды бөлімі. 5-минут
1. Сапқа тұру
2. Үйге тапсырма “Акробатикалық жаттығулар түлерін орындау”
3. Бағалау