Баскетбол. Допты әріптесіне беру
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол.Допты әріптесіне беру
Сабақтың мақсаты:1.Допты беру әдістеріне машықтандыру
2.Ептілік қабілеттерін дамыту
3.Допты төменнен не жоғарыдан беруге жаттықтыру
Пән аралық байланыс: биология, АӘД
Көрнекілік:доп, ысқырық, секундамер
Өтетін жері:спорт зал
Сабақтың түрі:үйрету
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың әдісі:жан-жақты
Күні: класы:
р/с | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
Кіріспе-дайындық бөлімі.5-8 мин | Сапқа тұру.Кезекші мәлімдемесі. Түгелдеу.Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау | 1мин | Сабаққа дайындығын қадағалау, қауіпсіздік шараларын тексеру |
Саптық жаттығулар: Жүру, жүгірудің әр түрлі байланыстарын орнату | 2мин
| Дене функцияларын біртіндеп кірістіру | |
Қарапайым дене қыздыру жаттығулары. | 5мин | ||
1-жаттығу: 1-2 Аяқтың үшымен жоғары көтеріліп, демді ішке алу 3-4 бастапқы қалыпқа келу, демді шығару | 4 рет | Соңғы нүктеге дейін тартылу | |
2-жаттығу бастапқы қалып: Аяқты кең алып, қолды иыққа қою 1-2 иықты оңға айналдыру 3-4 артқа айналдыру
| 4 рет | ||
3-жаттығу бастапқы қалып:оң қол жоғары, сол қол белде. 1-2 солға иілу 3-4 оңға иілу
| 4 рет | Тереңірек иілуге тырысу | |
Негізгі бөлім | Доппен арнайы жаттығулар Доп беру әдістері 1.Допты екі қолмен кеуде тұсына беру А) алақан мен саусақтар допқа тиіп тұрады. Ә)Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады. Б)допты екі қолмен кеудеден беру | Допты бір орында тұрып ұстау мен беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек. | |
Допты екі қолмен төменнен беру. Допты берудің бұл түрін бір-біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады. | Шеңбер немесе екі қатарда әр оқушыға кезекпен доп лақтыру | ||
Бір қолмен беру Доп берудің едәуір күрделі түрі.Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету. | Білезікті бос ұста, допты шеңгелдей ұстаған саусақтар оның ұшу бағытын және жылдамдығын өзгертуге көмек береді. | ||
Допты ұстау Допты ұстаған бетте тез әріптесіне беру. Допты ұстау кезінде орнықты тепе-теңдікті сақтаған қалыпта және кез-келген еркін қозғалатындай ыңғайда болу керек. Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанды ұшып келе жатқан допқа қарсы бағыттау керек.
| Кеуде аздап алға қарай еңкейген күйде болады. | ||
Допты алып жүру 1.Допты оң және сол қолмен алып жүру 2.Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны | 10 мин | Допты баяу қарқынмен алып жүру. Ереже бойынша ойын. | |
Қорытынды бөлім.3мин | Сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіру жаттығулары. Бағалау. Сабақ қорытындысын шығару. Үйге тапсырма.Секірмеден секіру
| 1-2 мин | 2 рет 1 миуттан |