Оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлаудың ұтымды жолдары
Оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлаудың ұтымды жолдары.
Қазіргі таңда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену-үйрету мақсаты көзделіп отырған кезде, оны жеделдетіп сауатты оқытудың әр түрлі жолдары қарастырылуда. Жыл сайын тапсырылатын ұлттық бірыңғай тестілеу қазақ тілін сауатты меңгеру, әсіресе, грамматикалық сауаттылыққа басымдылық беріп отыр.
«Мұғалімнің айналысатыны — үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп — өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен шектеліп қалуға болмайды… . Сабақ беру — жәй үйреншікті шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», — деп тәлімгер – ғалым Ж.Аймауытов атап көрсеткендей пәннің пәрменділігін арттыруда педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана білудің рөлі зор.
Мен тәжірибемде Блум таксономиясын жиі қолданамын. Себебі,
- жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады;
- жаңаны сезгіштік;
- ой ұшқырлығы;
- жаңаға ұмтылушылық;
- шығармашылық қабілеттер;
- өзіндік ой – пікірлер айта білу;
- өзіне сын көзбен қарау;
- қисын ойлау;
- күмәншілдік;
- әр нәрсеге күмән келтіру сияқты қасиеттер пайда болады.
Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның шығармашылық дербестілігі қалыптасады. Демек, оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.
ҰБТ-ге даярлықта Блум технологиясын пайдалану — нәтижеге қол жеткізудің бірден – бір жолы. Блум таксономиясы 2 деңгейден тұрады:
ӨНІМСІЗ ДЕҢГЕЙ:
- білім
- түсінік
- қолдану
ӨНІМДІ ДЕҢГЕЙ:
- анализ
- синтез
- баға
Блум жүйесі :
Оқушының іс — әрекеті:
- БІЛІМ – қабылдайды, түсінеді, ойлайды;
- ТҮСІНІК – түсінеді, көрсетеді, жазады;
- ҚОЛДАНУ – жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады;
- ТАЛДАУ – салыстырады, ашады, талдайды, ойлайды және т.б.;
- ЖИНАҚТАУ – продуктивті шығармашылық жұмыстар құрастырады;
- БАҒА – (сыни баға) бағалайды, талқылайды.
Блум технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың өз жұмыстарына баға беріп, жұмыстарына талдау жасап, жасаған әрекеттеріне сыни көзбен қарап, нәтижеге қол жеткізу үшін танымдылық және шығармашылық икемдігін дамытады, жүйелі жұмыс істеуін, өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгертеді.
Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленеді. Блум таксономиясы – тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс.
Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында республикамызда ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеніне де бірнеше жыл болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу – жаңа технологияға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлкеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлауда көп ізденуімнің қажет екенін түсіндім. Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып —
- жаңа тақырыпты меңгеру;
- әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру;
- негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу;
- әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету негізгі міндетім.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін өткен оқу жылының басында 2 жылдық даярлық жоспары құрылды:
І. Грамматикалық тақырыптар:
- Қазақ тілінің салалары бойынша:
- Фонетика.
- Лексика
- Морфология
- Синтаксис
- Пунктуация
- Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары.
- Оқулық бойынша тапсырманың нақты орындалуы.
- Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру.
- Тест сұрақтары арқылы оқушының қай тақырыпты дұрыс меңгере алмағандығын анықтау.
- Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру.
ІІ. Лексикалық тақырыптар:
5-11 сынып оқулықтары және тест жинақтары бойынша грамматикалық сұрақтардан қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, георгафия пәндеріне байлынысты басқа сауалдарды топтастыра отырып, оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыру, тілін дамыту, жан-жақты ойлауын қалыптастыру, білім сапасын көтеру мақсатында жұмысты түрлендіріп отырамын. Мысалы: биылғы оқу жылында жаңадан тәжірибеме енгізіп жүрген жұмыстың түрі «Сөзжұмбақтар». Бұл жұмыс оқушылардың шығармашылығын дамытады. Блум жүйесіне сәйкес ТАЛДАУ, ЖИНАҚТАУ, БАҒАЛАУ (сыни баға) жүзеге асырылады. Оқушы дайын жұмыс түрін орындамайды, өзі құрастырады, ізденеді, оны талдап, тексереді, сыныптастарына сергіту жаттығуы ретінде ұсынады, қатесі болса, анықтап, өзін-өзі бағалайды. Осылайша «Сөзжұмбақтар» базасы құрылуда.
Оқушылардың тест орындау жолдарын ұйымдастыру:
- Тақырыпты оқу, түсіну, жан-жақты талдау
- Тақырып бойынша тест жаттығу жұмыстарын орындау.
- Грамматиканы басқа тілдермен салыстыра білу.
- Жіберген қателеріне талдау жасай білу.
Өз тәжірибеме сүйене отырып, қазақ тілі пәнінен тестілеуге даярлауда орыс тілді оқушыларда болатын болатын мынадай кедергілерді айтқым келеді:
- Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары;
- Сининим, омоним, антонимдер;
- Лексикалық қорларының жетіспеу салдарынан, сұрақты дұрыс түсінбеу;
- Шылау түрлерін, яғни, септеуліктерді және демеулектерді ажырата алмау;
- Құрмалас сөйлем түрлерін шатастыру;
- Орфография мен орпоэпия нормаларын сақтамау және т.б..
Әр мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде әрекет жасауы тиіс. Оқытудың әр түрлі технологиясы жасалып, мектеп өміріне енгізілгені бәрімізге белгілі. Мұғалім — жаңа технологиямен үздіксіз жұмыс жасайтын, жеке тұлғаны қалыптастыруда орны ерекше адам. Қорыта келгенде, мемлекет басшысының 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында Үкіметтің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 қаулысымен бекітілген 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында Білім және ғылым министрлігіне «Орыс мектебі оқушыларының он бір жылда мемлекеттік тілде еркін сөйлеп шығатын әдіс-амалын қарастырып, оны ғылыми негізде жүзеге асырылсын» деп көрсетілген. Сондықтан, орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәні ұстаздар қауымының алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік — мемлекетті, ғылымды, өнеркәсіпті, өндірісті нағыз басқаратын жастар қазір біздің алдымызда екенін, соларға өз дәрежесінде білім беру, тәлім-тәрбие беру, біліктілігін арттыру, санасын тәрбиелеу, болашаққа жол салу біздің қолымызда тұрғанын сезіну үшін тек ерінбей еңбек ету, іздену, шығармашылықпен жұмыс жасау деп түсінемін.