ҰБТ-ға қорытынды дайындық

СҚО, Петропавл қаласы. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шегебаева Г.Т.

«Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» дегені мәлім Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Осы тұрғыда үкіметіміз білім беру мекемелеріне тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр болатындай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет « Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

Қазіргі таңдағы мектеп пен мұғалімнің алдында тұрған мақсаттардың бірі де, бірегейі де Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды сапалы түрде дайындау.

Қорытынды қайталау сабақтарының мақсаты мен міндеттерін талқылау барысында қазіргі сабақтың ерекшеліктері мен ұйымдастыру жолдары кеңінен әңгіме болуы тиіс. Өйткені қорытынды қайталай сабағы әдеттегі қайталау сабақтарынан өзгеше. Себебі алда тұрған ҰБТ-ке дайындалу бұл сабақ үшін маңызды мәселе. Мұнда оқушылар алдағы емтиханға дайындалу барысында бүкіл математика курсын жүйелі қайталап, өз бетімен ізденіп, оқып толықтыруды іске асырады.

ҰБТ-ға қорытынды дайындық негізіндегі мұғалімнің мақсаты:

  • жыл бойы жүйелі қайталау барысында 10-11 сыныптағы математикалық білімдерін тереңдету;
  • математиканың 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыру дағдысын қалыптастыру;
  • оқушылардың математикалық білімдерін өз бетімен жинақтап жүйелеу арқылы ҰБТ-ға өз бетімен дайындалу дағдысын қалыптастыру.

Сонымен, ҰБТ-ке дайындық жұмысын ұйымдастыру жоспары жасалды. Жоспардың үлгісін төмендегідей ұсынамыз:

  • қайталауға тиісті оқу материалдарының мазмұнын жеке бөліктерге бөлу;
  • әр бөліктерге сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін анықтау,
  • оқушыларды деңгеіне қарай топқа бөлу;

Математикадан ҰБТ-ден қандай нәтиже күтетіні жөнінде сауалнама :

а) математикадан қанағатанарлық баға алу;

ә) математикадан « жақсы» , «өте жақсы» деген баға алу;

б) жоғары оқу орнынына түсу үшін жоғары балл жинау.

Математиканың әртүрлі тараулары бойынша оқушылылардың білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау.

ІІ. Қорытынды қайталау сабағының мақсаты мен міндетін айқындау кезеңі.

2.1. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушыларды ортақ мақсаттары бойынша топтау.

2.2. Әр топтың қайталау бағдарламаларының  мақсат, міндетін талқылау.

ІІІ. Оқушылардың таңдаған қайталау бағдарламалары бойынша  өз бетіндік оқу әрекетін ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сынақ.
  2. Білім, біліктерді толықтыру, түзету.
  3. ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылыларды есепті уақытқа шығаруға дағдыландыру қажет.

Есеп шығару кезінде калькуляторларды жинап алып, оқушының тек өзі есептеуін қадағалау керек. Есептің шығарылуы тексеріліп, талданып, оқушыларға кемшіліктері ескеріліп отырылады. Бұл олардың ынталануына, логикалық ой-өрісінің артуына, ми қызметін тез арада есепке жұмылдыруына ықпал етеді

Ай сайын оқушылардың білімін математика бойынша тексеріп, қорытындысы сынып көлемінде талқыланады. Аралық бақылауда 25 есептен кем берілмейді және уақытқа әр есепке 1-1,5 минут шамасында шектеу қойылады. Ата-аналарын жинап, оларға балаларының дамуын немесе тоқырап қалғанын айту керек, тоқыраудың неліктен болғанын талдап, одан шығу жолдарын белгілеу қажет.

Есеп шығаруда шектеу қоюдың аса маңызды психологиялық әсері бар. ҰБТ кезінде берілетін 3-3,5 сағат уақыт оқушыға соншалықты көп сияқты көрінгенмен, өз бетімен есеп шығаратын бала үшін тез арада өте шығады. Сондықтан дағдыланбаған бала өз уақытын алғашқы 20-30 минутын асықпай босқа өткізеді. Ал тест бітер кезде уақыт жетпей, қатты қиналады да кездейсоқ белгілеп шығады.

Математиканы меңгеруге кешенді түрде дайындау- оқушыны тек ҰБТ-ға дайындау үшін емес, оны болашақ жоғары оқу орнына лайықты етіп дайындаудың бірден-бір кепілі.

VІ Қорытынды.  Оқушыларды математикадан ҰБТ-ға дайындау кезінде келесі әдістемені қолданудың тиімді екендігі байқалды:

  1. Оқушыларды есепті уақытқа шығаруға дағдыландыру, есеп шығаруға берілетін уақытты шектеу арқылы өз мүмкіндігін толық пайдалану үшін ынта- жігерін жұмылдыруды қалыптастыру;
  2. ҰБТ кезінде уақытты бос кетірмей, әр минутты тиімді пайдалануды дағдыландыруға психологиялық тұрғыдан дайындау;
  3. Оқушылардың ҰБТ-ға өз бетімен дайындалуын ұйымдастыру;
  4. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітімді көпнұсқалы оқытуға көшу сияқты мәселелері мұғалімдерден шығармашылықты, және бөлек көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. « Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін- білім»- деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, еліміздің келешегі кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.