Жаһандану әлеміндегі ХХІ- ғасыр мұғалімі

 

Жаһандану  әлеміндегі  ХХІ- ғасыр мұғалімі

 

Біз ұстаздар қауымы, мамандығымыздың қасиетті де құдіретті екендігімен мақтанамыз. Мақтанамыз, себебі  біз  «әлемге  мұғалім  болып  жіберілген» Мұхаммед  пайғамбардың  салып  кеткен  сара  да  дара  жолының  мұрагеріміз, әлемнің  екінші  ұстазы – Әл-Фараби  бабамыздың  ізбасарымыз, ағартушылық  қызметтің  өшпес  жұлдыздары – Ыбырай, Абай, Ахметтердің  ұрпағымыз  және  де  біз  еліміздің  ертеңгі  жарқын  болашағы – бүгінгі  жастардың  тәлімгер  ұстазымыз.

Қазақстан  Республикасының   толассыз  педагогикалық  тұжырымдамасында   «мұғалім»   рухани жағынан  дамыған, шығармашыл, қабілетті, ғылыми  мамандандырылған, педагогикалық  дарындылығы   басым, жаңашыл  тұрғыда  белсенді, алдағы  уақытта  жұмысында  өрлей  білуге  талпынып, өзінің  жеке  әрекеттерін  дамытуға  жұмыла  білуі  қажет.

Қазіргі  замандағы   мұғалімнің  алдындағы негізгі  басты  міндеті — тек  қана   оқушыларды    білім  жағынан   ғана   қалыптастырып  қоймай,   оқушылардың  рухани  деңгейін  оятып, тәрбиелік  құндылықтарын  арттырып, пәнге  деген  қызығушылықтарын   дамытуға  атсалысу. Бала   тәрбиесінің  дамуына  ұстазынан   басқа    қоршаған   орта  немесе  басқа  да  адамдардың  ықпалы   әсер   ететіндігі барлығына  аян.

Сонымен,   ХХІ —  ғасырдың   мұғалімі  қандай  болу  керек?   Бұл —  арнайы  мамандандырылған, өз  пәнін  жетік   меңгерген, оқушылардың кез-келген  тосын  сауалдарына   жауап  қайтара  алатын ұстаз  болуы  шарт. Ол  үшін  мұғалім  үнемі  ізденісте  болып, өз  білімін  жетілдіріп  отыруы  қажет.

Мұғалім  өмір  бойы  оқушымен   оқушы  болып  өтетіндіктен, оқып — ізденуін  ешуақытта  тоқтатпайды.Мұғалімнің     өздігінен  ізденіп,  білімін  жетілдіріп  отыру —  бүгінгі  таңдағы       білімнің  ажырамас   бөлігі  болып  табылады.Сондықтан  да  мұғалімнің  кәсіби педагогикалық  қызметі  болуы  шарт. Ең қабілетті  де  білімді  деген  мұғалімнің  өзі,  қазақ  тілі  пәнінің  мұғаліміне  көмектескен  жағдайда   өзінің  жаңашыл    ойларын  ашып, қосымша  күш-жігерін   жұмсай  білуі  қажет  делінген.

«Қазіргі   мектепке  қандай  мұғалім  қажет?»  деген  сұраққа, кәсіпқой  хабардар,  зиялы,  сергек,  жаны  әдемі, мейірбан, әрине   ең  бастысы  мықты  психолог  болуы  керек  деп   айтар  едім. Жоғарғы  деңгейдегі   психология —    әрбір  баланың   оқудағы  білімі  мен  тәрбие  жағдайына  көмектесіп,  жақсы  жетістіктерге  жетуге   итермелейді. Жеке   адам  болып  қалыптасуына  ықпал  жасайды. Бұл  қандай  да  бір  даулы  мәселелердегі  ішкі  тұрақтылық  пен  көңіл   күйді  қалыптастыру  деген  сөз.

Кәсіби  даму  үшін  педагог   өз  әдіс-тәсілдерін  ерекше  дағдыландыру  керек.

Дағды — үнемі  сараптамадағы  ойлардың   топтасқан  тиімділігі  мен  кәсіби  қызметтегі   әрбір  қадамының  бағалары. Білім  кеңістігі мұғалімнің  жалпы   мәдени  жағынан  болсын,  әлеуметтік  жағынан  болсын  жоғарғы  талаптармен  алға  жылжып  жатыр. Сондықтан  да  педагогикалық  немесе  әдістемелік  деңгей  жағынан  үнемі  ізденісте  болып, білімін  дамытып  отыруды  қажет  етеді.Оқулықтар  мен  газет-журналдарға  жазылып,  компьютер  мен  технологиялық  ақпараттарды  қолдану да  мұғалімнің   жеке  ізденісін  көрсетеді.

Мен   өз  үйімдегі  компьютердің  көмегімен  әрбір  сабаққа  қажетті   материалдар  мен  көрнекі  құралдарымды  әзірлеп, интернет  арқылы   кез-  келген  кітапхана  бөлімдері  мен  әдістемелік  журналдарды  пайдалана  аламын.  Мәселен, ШҚО,  Өскемен  қалалық  А.С.  Пушкин атындағы  кітапханадан; —  электронды  және   баспа  коллекциялары;

-әдебиеттер   топтамасы;

— «параграф» —  құнды  анықтамалық  жүйе    сынды   жинақтардан  өзіме  қажетті  ақпараттарды  қолданамын.

Қашықтан  оқытатын  сабаққа   арнайы  тұсаукесерлердің  слайд  түрлерін  жасай  аламын. Бірақ ,  өкінішке  орай   сабақты   үнемі   компьютермен   өткізу  мүмкіндігі   жоқ   болғандықтан,  көбінесе  мұндай  жұмыс  түрлерін   көрсете  алмаймын. Себебі  сынып  қашықтан  оқытуға  арналған  тақта  мен  компьютермен  жабдықталмаған.

Елбасының қадағалап отырған әлемдік талапқа сай білім беру жүйесін қалыптастыру баршамыздың алдымызға қойылған ұлы мұрат. ХХІ ғасырдың ұстазы өз мамандығы бойынша ғана емес, жалпы ғылымдар саласы бойынша ой-өрісі кең, ұлтты менталитеті жоғары кәсіби білікті маман, қоғаммен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, кез келген жағдаяттардан шыға алатын, жауапкершілік сезімі жоғары қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс.

Міне, осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат етілген шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін әрбір қырық бес минутымды қырық бес жыл сыйып кететіндей берекелі түрде өткізуге тырысамын. «Қысқа жол – білген жол» демекші, ойлаған мақсатымды іске асырып, сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін, ең озық үлгідегі әдістемелерді қолданамын және әдістемесіз сабақ өткізуді «уықсыз шаңырақ көтергенмен тең» санаймын.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің оқытылуына ерекше мән беріліп отыр. Қазіргі таңда оқушыларға білім беруде әртүрлі жаңа технологиялар пайдаланылуда. Орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың басты бір мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, тілін дамыту, яғни олардың тіл туралы білімін меңгерту ғана емес, қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге, пікір алысуға, бір бірімен әңгімелесуге үйрету.

Осыған байлынысты әрбір мұғалім белгілі бір педагогикалық технологияны пайдаланып жұмыс істейді.

Мен өз сабағымда М.М. Жанпейісованың «Оқытудың модульдік технологиясын» қолданамын.

Жалпы   қорыта  айтсақ,  модульдік  технология мұғалімнің  алдында тұрған көптеген  мәселелерді  шешуге  көмектеседі:

  • жалпы білім  сапасын  жоғарылату;
  • сабақтың тиімділігін  жоғарылату;
  • дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
  • жеке тұлғаның  өзін-өзі  реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі  дамытуы.

Модульдік  технология алға  қойған  мақсатқа оқушылармен бірлесе  отырып проблемаларды шешуге  мүмкіндік  береді.

 Өз  сабағымның  негізгі  мақсаттары:

         1) Оқушылардың  білімін  жетілдіру  барысында   модульдік  тақырыптарды  жан-жақты  санасына  дарыту.Тілдік  және  танымдық  біліктіліктермен  қамтамасыз  етіп, оқу  үрдісінің  жүйелілігін  сақтай  отырып, сапалы  білім  беру;

2) Пән  бойынша   іскерлік  дағдыларын  қалыптастырып, ой-өрісін, кітапппен  жұмыс  істеу   дағдыларын   арттырып, сөздік  қорын, тілін  байыту;

3) Оқушылырдың  өзіндік жетістіктеріне  талдау  жүргізіп, өздік  бағалау  әрекеттерін  ұйымдастыру барысында  сауаттылыққа, шыншылдыққа  тәрбиелеу;

Мәселен,  4-сыныпта үнемі  қазақ  тілінің  базалық  деңгейлерін  меңгерту  жұмысымен  айналысамын. Бастысы   оқушылардың  дағды-іс  әрекеттерін  қалыптастырып,  жеткілікті  құзырлылық  қарым-қатынасты  ұсыну,  әсерлі  де  қалыптасқан  ғылыми  біліммен  қамтамасыз  ету.

Жұмыс  тәжірибемде  анықтамалық  материалдар: сөздіктер,  кесте —  сызбалар,  жазба  жұмыстарының  түрлерін,  ауызекі  сөйлеу  үлгілерінің   түрлерін, сөзжұмбақтар  мен  шешуге  арналған  тапсырмаларды   қолданамын.

Қазақ  тілі  сабағында  оқушылармен  жұптасып  сөйлесу  мен ауызекі  сөйлеу  жұмыстарына  арналған тәжірибелік  жұмыс  түрлері  сыныпта жүргізіледі.

ХХІ  ғасыр  мұғалімі  —  шығармашылық  негізі  қалыптасқан, өзін  саналы, білімді,  әдіскер,  ұйымдастырушы,  әртіс  деп  санайтын адам  болуы  керек.

Мен   осындай  салауатты  өмір  салтының  ұстанымдарын  басшылыққа   ала   отырып,  болашақта   өзімді   саналы  да   білімді  оқушылар  тәрбиелеп  шығара  алатыныма сеніммен  қараймын. «Мұғалім»  деген  жеке  тұлға,  ол  өз  тумасынан  «оқушы», үнемі әлемнің  дамуына  септігін  тигізіп  отырады. Бүгінгі  таңның  мұғалімі – үнемі  ізденісте  болып,  дамып  отыруы  қажет. Жоғарыда  айтып  өткендей,  оқушының  кез-келген  сұрағына  жауабы  даяр  болып, компьютерлік  технология  мен  педогогикалық  білімді  жетік  меңгерген  болу  керек.

Ақын —  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин: «Мұғалім  —  мектептің  жүрегі» —  деп  жазған. Сондықтан  да ұстазы  бар  жерде  саналы  білім  мен  сапалы тәрбие  болмақ.