«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БІЛІМ ТАЛАБЫНЫҢ ШЕШІМІ

«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН БІЛІМ ТАЛАБЫНЫҢ ШЕШІМІ

Бахтыбаева Айдын Камалқызы

Рудный қаласы «15 орта мектебі» ММ

ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процессіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.

Бүгінгі таңда Республика мектептері толығымен жаңа ақпараттық комьютерлік техникалармен қамтамасыз етілуде, әрине бұл жаңашыл мұғалімдердің құзырлылығымен сапалы және инновациялық технологияларды талап етеді нәтижеде «жаңа ұрпаққа –жаңашыл оқыту — жаңа мұғалім». Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі  педагогикалық  технологиялар негізінен гуманистік  бағытта, қарым-қатынаста жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.  Бұрынғы әдетке айналған  сабақ  үлгілеріне  альтернативті болатын бұл  технологиялар  мұғалімге  қарағанда оқушының  басымырақ  рөл  атқаруына  жол  сілтейді.  Оқушы  бойындағы сан қырлы  қасиеттер  мен  ерекшеліктерді ашуға, жеке  мүмкіндіктерін жетілдіруге  жағдай  жасауымызға  бағыттап,  оның қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруға зор ықпал  етеді, білім-білік  дағдыларын  дамытуға  көмектеседі.

Осы мәселенің төңірегінде көптеген көкейкесті сұрақтар пайда болуда. Мұғалім, қазіргі таңда қай технология болмасын ұтымды және тиімді пайдалануы шарт. Мен, өз баяндамамда Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы (ОСКТТ) жөнінде пікір бөлісемін деген ойдамын.

«Сатылай  кешенді  талдау»  технологиясының  негізін  қалаған  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық  Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы,  профессор,  әдіскер – ғалым  Нұрша  Алжанбайқызы  Оразахынова.

ОСКТТ дегеніміз қазақ тілін оқытудан бас алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, географиясын тағы басқа пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, олард өз елінде, жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту түрі.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясы бұл қазақтың төл технологиясы деп атауға болады. Бұған дәлел ретінде осы технологияның авторы Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова ХХ ғасырдың 20-30 қазақ ғалымдарының оқыту-тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдамаларын және әдістемелік кешендерін негіз етіп алған.ОСКТТның (Ораханованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы) теориялық негізін А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов тағы басқа қазақ ғалымдарының ғылыми әдістемелік тұжырымдамалары автор арқылы басшылыққа алынып, ағартушылық негізін Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқа ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын, ұлттық құндылыққа негізделген әдіс тәсілдерін еңгізіп, бастауыш сыныптардан бастап, төмендегідей пәндерге еңгізудің жолдарын көрсетеді. Олар: қазақ тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, георафия, физика, химия, информатика секілді негізгі пәндер.

ОСКТТ оқушыларға қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құралы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлесу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сол арқылы басқа пәндерді сауатты меңгеруге негіз қаланады.

ОСКТТ тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру да басты назарда ұсталады. Өл үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, ол білім алуға әрекеттенеді.

ОСКТТмен оқытуда мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, түсіністік, әріптестік секілді қасиеттер. Бұл технологияның маңыздылығы, тағы бір ерекшелігі оқушыларды «жақсы», «жаман», «орташа» деп бөлмей тек материалды өте жылдам, баяу, қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай түғызуды мақсат тұтады.Ал деңгейлер төмендегідей болып бөлінеді:

  • деңгей:

Бұл деңгейде оқушымен мұғалімнің іс-әрекеті қатар жүреді: жазу, дауыстап айту,есту, көзбен көру, естіген нәрені ұзақ есінде сақтау, яғни коммуникативті әрекеттер орындалады.

  • деңгей:

Бұл деңгейде іс әреет атылым-жазылым- түрінде жүзеге асады.Оқушы талдауды ауызша толық баяндап жазуға, талдаудың қысқаша түрін қолданады.Ал дұрыс баяндауға қажетті толық үлгісі сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда үйретілген.

  • Бұл деңгейде тілдік қатынас айтылым-жазылым-тыңдалым әрекеттері қатар жүреді. Бұл талдау күрделілігімен ерекшеленеді де оқушыларды ой ұшқырлығына баулау, танымдық дүниесін кеңейту көзделеді.
  • Тілдік материалды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципы мен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау жүргізіледі. Бұл деңгейде оқушылар алдынғы білім-білік дағдыларын жинақтап, сауатты әңгіме әдісі қолданылады.
  • Диалог арқылы талдау. Бұл деңгейдегі талдау үлгілері ауызша орындалады.оқушылар бұл талдау арқылы аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын ары жалғастырып кетуге дағдаланады. Мұндай талдау көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.
  • Жад жазу. Бұл деңгейде оқушылардың СКТ арқылымеңгерген теориялық білімді жадқа жазу: теориялық білімді меңгеру, орфоргафиялық сааттылық, пунктуациялық белгілерді дұрыс қоюын байқаймыз және қорытынды шығарамыз.
  • Уақытқа талдау: «өте жылдам»-3 минут; «жылдам»-5 минут; «баяу»-3 минут;
  • Компьютерлік талдау;
  • Ашық тест
  • Шығармашылық жұмыс;

СКТда оқушы ғылыми тілде сөйлеуге үйренеді, қарапайымнан күрделіге, уақиғаны сатылап түсіндіре алып, тұжырым жасауға үйренеді, оқушыны болжамнан сөйлеуден құтқарады.

ОСКТТ ның мақсаты:

  • Барлық оқушыны табысты оқыту, білім – білік дағдысын қалыптастыру
  • Білім алуға деген ынтасымен іскерлігін арттыру, оқу танымдылық белсенділімен оқытуды жеделдету;
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми ізденіске жетелеу;

Міне, осы жоғарыда айтылған ОСКТТмен 2005 жылы Н.А. Оразахынованың «Прақтикалық қазақ тілі» атты кітабы арқылы таныстым. Сол жылдары қазақ тілімен ағылшын тілін салыстырмалы түрде сатылай талдау арқылы оқушыларға жеткізуді мақсат етіп қойған едім. Автордың кітабынан кейін, тіл маманы ретінде қазақ тілінің сонымен қатар орыс тілінің де грамматикасын салыстыра отырып, дербес үйрене бастадым. Бұл әрекетке итермелеген басты бір жағдай, сол жылдары білім жүйесінде қарқын дамып келе жатқан  9-сыныптардағы МАБ және 11-сыныптардағы ҰБТ еді. МАБ және ҰБТ  тапсырмаларын классификациалай келе сұрақ тапсырмалардың орташа 60-70 пайызы тіл біліміндегі морфология саласындағы етістікке келіп тірелді. Осы етістік категориясын оқушыларға салыстырмалы түрде түсіндіруді жөн көрдім.. Осы бағдарламаға сәйкес, мен ОСКТТ ны пайдалана отырып өзімнің «Ағылшын тілінің етістігін қазақ тілімен ОСКТТ бойынша салыстыра отырып талдау» атты оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқу әдістемелік құралды жаза бастадым. Оқу құралында екі тілдің етістік категориясы СКТ бойынша толығымен талданады және осы категорияны толығымен қамтиды. Оның екі тілде жасалу ерекшелігі СКТ бойынша талданып, тірек сызбалар арқылы көрсетіледі; етістіктің еі тілдегі ұқсастығы және айырмашылығы да дәл осы жолмен көрсетілген.

Оқу құралының өзіндік ерекшеліктері бар:

1-ерекшелігі:Тілдік талдаулар жасай отырып, теориялық материалдар да жаңашыл бір жүйемен беріліп отырады. Бұлай берген оқушыларға да мұғалімдерге де түсінікті де қызықты. Өйткені етістік категориясын үйренуге берілген теориялық білім мектеп оқулығындағы жүйені қайталау емес, жаңа бағытта берілген, әрі ақпаратты технологияның кез келген түрімен де оқытуға оңтайлы және практикалық жағынан тиімді. Егер практикалық жұмыс болмаса, теориялық білім құр жаттанды болып қалатыны барлығымызға да белгілі. Осыны болдырмау мақсатында тапсырмалар белгілі бір жүйемен жасалып, СКТның 7 деңгейі (Уақытқа талдау) қолданылады. Оқушылар теориялық білімнен кейін берілетін әр түрлі тапсырмаларды осы деңгей негізінде орындайды. Тапсырмалар: қайталау, дамыту және бекіту болып бөлінеді, ал бағалауда ерекше критерийлерге ие, мысалы:

1.Сөйлемдерді сәйкестендіре отырып, салыстыр. (3 минут – 5 балл)

  1. Сөйлемдерді оқып, түрлеріне сәйкес сұрақтар қой. (5 минут – 6 балл)
  2. Тест.Сұрақтарға дұрыс жауап таңда: (3 минут -10 балл) секілді бағалау критерийлері тапсырмалар деңгейіне байланысты.

Етістіктің кең ауқымды грамматикалық категория екені барлығымызға белгілі, ал оқушыларға жеңіл түрде ықшамдап түсінікті болу үшін жоғарыда айтылған деңгейлер ескеріле отырып жасалған. Ағылшын тілін оқытудағы негізгі 3 аспект: жазу, оқу және сөйлесім  практикалық іс-әрекеттер  арқылы  дағдыларын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік  жасалған, яғни  кез-келген дәстүрлі  сабақтағы 3 білімділік, дамытушылық және тәрбиелік  мақсаттар түгелдей іске  асырылады.

Жұмыста мұғалімнің етістік тақырыбын екі тілде ұтымды және уақытты үнемдеп түсіндіруде оны СКТ және ОСКТТ ның 8-деңгейі арқылы (Компютерлік талдау) жүзеге асырылуы мүмкін.

2- ерекшілігі: Оқушылар ағылшын тілінде етістік туралы теориялық білімдерін кеңейте, білім –білік дағдыларын арттыра отырып, қазақ тілінің етістігін қайлайды. Бұл жайыт та көзден тыс қалар емес, себебі ОСКТТның басты міндеттерінің бірі қайталауға негізделген. Осы қайталау арқылы ол алдын алған білімдерін пысықтап, жылдамдықпен тапсырманы орындауға дағдыланады

Оқу құралын зерттеп жазу процессінде эксперимент түрінде жүзеге асыруды ойластырдым, сөйтіп осы тақырыпқа МАБқа дайындық жоспарын құрып, СКТ негізінде факультатив сабақтарын өткіздім, соның нәтижесінде 2010-2011 оқу жылында қала бойынша МАБ көрсеткішіміз І орында болды, дәл осы тақырыпты ОСКТТ мен 11 сынып оқушыларын соның ішінде «Алтын белгі» үміткерін дайындадым, нәтижесі «көз құантатындай» болып, үміткер өзін өзі ақтап шығып, сапа 100 пайыз, үлгірім 100 пайыз көрсетті.

Жоғарыда ОСКТТ туралы айтылғандардың барлығы оқушылардың 9- сыныптарда МАБ пәндерін меңгертуде және ҰБТ де таңдау пәндерін алуда, таңдаған пәндерін терең меңгеруге негіз қаланатындығы сөзсіз.

Бүгінгі таңда Қазақстан алдыңғы дамушы әлем мемлекеттері қоғамының құрамына кіріп отыр. Бұл жетістік ғылым беру саласының алдына аса зор міндеттерді артып отыр, соның ең бастысы білім беру  үрдісін  21 ғасырдың  жаңа талаптарына сай сәйкестендіру болып  табылады.

Белгілі  ұстаз-ғалым М.М. Поташник: «Әр мұғалім өзінің бағыты  мен  қойған  мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұраныстарына, ғылым  мен техниканың дамуына байланысты  технологияны таңдай білу қажет», – деп атап көрсеткен. Қазіріг кезде мемлекетімізде де, Ресейде де, шет елде де  түрлі авторлар әртүрлі инновациялық технологияларды заман талабына сай деп   ұсынып  отыр. Бірақ  кез  келген  технологияны  білім  беру  және  тәрбиелеу  жүйесіне  ендіріп  лайықтандыру  оңай  іс емес, себебі  кейбір  технологиялар  білім  беруде  тиімді  болғанымен,  оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеу  жүйесіне  сәйкес етпей, білім беруде де қайшылықтары көп кездеседі.  Ал бұл процессті тиімді  ұйымдастырудың  бірден бір  жолы – Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын  білім беру және  тәрбие жүйесіне толығымен  енгізу  болып  табылады.