ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, Отан сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті./6/ Оқушының шығармашық іс — әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Бүгінгі  таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін  негізі үш мақсат қана шеше алады.Олар-дүниетанымдылық,шығармашылық және терең білімділік./1,35 -бет/

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»деп Ахмет Байтұрсынұлы  айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік  оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді.Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап етеді.Осы мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу нысаналарына алынумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын тұлға етіп дамытуда олардың шығармашылық қабілетін дамыту басты нысанға айналған. /5//«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағы жас ұрпақ бойына адамгершілік,ізгілік  қасиеттерді  қалыптастыруды  жетілдіре түсудің бірден-бір басты құралы.

Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар  Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының  өткені мен   бүгіні,болашағы жайында мол мағлұматтар ала отырып,танымдық,тәрбиелік,білім-дағдыны үйренері  хақ.Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған,оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулуы  тиіс.Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз  мақсатына жеткен  шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен  тәрбие-әркез егіз үрдіс.Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып ,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын,қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай  таңдай білсе,өзі көздеген мақсатына жетеді.

Сабақ беру үрдісінде оқушыны  шығармашылыққа баулудың маңызы ерекше.Шығармашылық- өздігінен еңбектенудің,ізденудің жолы.Әр тақырып бойынша жүргізген  жұмыс  нәтижесі оқушының  тиянақты  ойлай,сөзді нақты жеткізе білуге үйретеді.Шығармашылық жұмыстың алуан түрлері бар:шығармашылық  жазба жұмысы,пікірсайыс,шығарма жаздыру,өз бетімен жұмыс,т.б.

Шығармашылық жазба жұмысы-тіл дамыту жұмысы.әңгіме,ойтолғау,кейіпкер портреті,эссе жазу,оқушының  пәнге деген қызығушылығын  дамыта оырып, шығармашылық жұмысқа баулитын  негізгі саты деп қарауға болады.Әңгіме жазуда ойдың байланысына,сөзді дұрыс саптай білуге,шебер жеткізе білуге дағдыланады.Жеткізер ойын  нақты дәлеледер келтіре отырып,мысалдар арқылы  сұрыптап жаза білуге машықтанады.Оқушының шығармашылық танымын,мүмкіндігін  жетілдіруде,көркем шығарманың  орны ерекше.Оқушы  жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер,оқиғалар,естеліктер ,мұғалімнің ұтымды  ой-пікірлері арқылы астасып жатуы керек.Міне,сонда ғана шығармашылыққа бастайтын шығармашылық  көңіл күй туады.

Көркем мәтін бойынша  жүргізілетін шығармашылық жұмыстарды былай топтауға болады:

а/авторға еліктей отырып,шығармашылық жұмыс жүргізу;

ә/мәтіндегі кейіпкерлерге өзі мінездеме бере отырып ,портретін жасау;

б/автор шығармасынан басқа тың көркемдік  шешім таба отырып,өз ойынан оқиға құру;/4,18-б/

Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар  жанды,шынайы  болып,оқушы бойындағы қиял,дарындылық қабілетін ашуға көмектеседі.Әр тақырыпқа берілген  әдеби кітаптарды оқи отырып  олардың өмірге деген  көзқарасы ,шығарма  кейіпкерлерінің  әр ісі,жақсылы жаман  қасиеттері  олардың  дүниетанымын кеңейтеді,өздерінің   танымдық ой-пікірлері  қалыптасады.

Оқушыларға  шығармашылық ой-талдауға бейімділік ішкі сезім дүниесіне тартысты сезімталдық қасиетті оятуда әдеби-шығарым тапсырмалар беріледі,бұл тақырыптық,еркін тақырыпқа шығарма ,мақала,хат сында жұмыстар арқылы орындалады.Белгілі тақырыптарды өткеннен кейін   төмендегі талаптар бойынша жұмыс жүргізуге болады:

-шығарманың мазмұны,тақырыбы жайында өз пікірін жазу;

-ұнаған  эпизодын  баяндау;

-әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне  Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясын» басшылыққа ала отырып ,талдау жүргізу;

-мазмұны бойынша сұраққа-жауап;

-әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекеті,көңіл-күйлерін өзінше әңгімелеу;

Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Оқушының көркемдік шешім табуға жетелеу үшін ой ұшқұрлығы болуы керек..Мұнда оқушының өзіндік ізденісі,пікірі,айтар ойы байқалады.Осындай  жұмыстың  бір түрі-пікірсайыс.Өзінің  айтайын деген   пікірін  еш қиналмай  жеткізе білу ,сөз дәлдігімен  шешен  ,тиянақты айта білу тапқырлық пен шешендікке  жетелейді.Пікірсайыстың  берер  нәтижесі мыналар:

1.Оқушылар  күні бойы берілген тапсырмалар бойынша қосымша ізденіп,өз бетімен дайындалады.

2.Анық та айқын,әсерлі сөйлеуге дағдыланады.

3.Сөйлеу мен пікірталас мәдениетін меңгереді.

4.Өз пікірін қорғай ,дәлелдей біледі.

5.Өзіндік ойын ,көзқарасын ашық айтуға ,жүйелі сөйлеуге төселеді.

6.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

Оқушылардың шығармашылығының дербестігін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі-оқушылардың шығармашылық мүмкіншіліктерін жетілдіру. Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Оқушылардың шығармашылығын дамытудың негізгі жолы — оқушыны өздігінен іздендіру,яғни өз бетімен жұмыс істеу.Бұл бағытта алдымен  логикалық ойын дамытатын тапсырмалар арқылы оқушылар сөзжұмбақ,ребус,жұмбақ,мақал-мәтел,қанатты сөздер  құрастыруға машықтанады.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Мәтін өңдеу,берілген мәтіннен диалог құру,мәтін бойынша шешендік сөз құрау.Және өз ойынан еркін тақырыпқа берілген өлең,әңгіме,шығарма жазу .Бұл әдіс оқушының  өз бетінше  іздене отырып,шығармашылығын шыңдауға  баулиды.Оқушылар әдеби-шығарым тапсырмалар өтілген  тақырыптар бойынша  жүргізіліп қоймайды.Еркін және тақырыптық шығармалар,түрлі мақалалар,өлең құрастыру және өлең мазмұнын қара сөзбен жаздырту жұмыстары арқылы орындатылады.Оқушының көркем шығарманы тұрақты оқуды әдетке айналдыру,ортада сөйлеуі,ұстазбен сырласуы қажетті нәрсе болып табылмақ.Осындай бағыттарда жұмыс істеу арқылы көркемдік шығармашылық қабілеті дамыған тұлғаға қол жеткізе аламыз. ./7,29-б/

Оқушыны шығармашылыққа баулу,өз еңбегінің нәтижесін көруге,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс.Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.Егер шығарматьшылық  оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай./3,51б/ Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндетіОлай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.

Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс — әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі — деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1/ «қазақ әдебиеті»./35-бет/

3/ «қазақстан мектебі»2003ж.№6-51-бет

4/қазақ тілі мен әдебиеті 2002ж№10/18-бет/

5/Қ. Тасболатов «Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру».

7/ қазақ әдебиеті№12,29-б/

6/ «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту»Білім шапағаты газеті