Теміржол мамандарын даярлауда химияны оқытудың интерактивті әдістері

 

Теміржол мамандарын даярлауда химияны оқытудың интерактивті әдістері

 

Жоспары:

 

  1. Кіріспе.

 

  1. Кәсіптік білім беруде химияны оқыту арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

 

  1. Қорытынды.

 

Тиімді ізденістер нәтижеге жеткізеді.

 

 

«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез- келген азаматы елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.»

Н.Ә.Назарбаев.

 

Жаңарған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды  құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын  жетілдіруді басты бағдар тұтады.

Тұғырлы білімдері мен кәсіби біліктерін оңтайлы сабақтастыра отырып, кәсіби міндеттерін шығармашылықпен шеше білетін жаңа тұрпатты маман даярлау үрдісін  студенттердің дербес іс- әрекетінсіз елестету және оны жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан  кәсіптік білім саласында студенттерді кәсіби даярлау үрдісін жаңаша сипатта қарастырып, олардың шығармашылық дербестік сапаларын дамыту негізінде меңгерген білімдері мен білік, дағдыларын  өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана білуге үйрету маңызды міндет.

Көрсетілген мәселенің өзекті тұстары Қазақстан Республикасы-2030 жылдарға дейін стратегиялық дамуын жүзеге асыру бағдарламасы мазмұнында, «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы «Білім» бағдарламасында, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2015-жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарлама талаптарымен үндеседі.

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын,   оқу  ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты.

Қазіргі заманғы жоғары мектеп дидактикасы студенттердің кәсіби құзыретті, ойлау белсенділігі жоғары, ізденімпаз, дербес, шығармашыл болып қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес жаңаша негіздеуді қажет етеді.

Қазіргі кезеңдегі елімізідің күннен – күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси – экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл – ой белсенділігін, өзекті мәселелерді шығармашылықпен шешу, оны оңтайлы пайдалануды талап етеді. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда көрсетілген міндеттерді шешудің басты тұғыры ретінде оқушыларды құзыреттілікке икемдеудің маңызы зор.

Құзыреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды.Егер болашақ маманның құзыреттілігінің қалыптасуын кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни бір сөзбен қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады.Кәсіби құзыреттілік деп маманның жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педогогикалық және теориялық білімінің, кәсіби білітілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.

Оқытудың әдістерін таңдау көпдеген факторлармен білімберудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, оқушылардың мүмкіндігімен, қолда бар оқу құралдары және уақытпен, мұғалімді мойындауымен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен анықталады.Оқыту әдістері оқыту процесінде маңызды қызметтер атқарады. Әдістердің көмегімен оқытылатын материалдардың тиісті мазмұнымен оқушыларға берілуі, оқушылардың  интеллектуалды дамуы және қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру.Сонымен қатар әдістер оқу процесінің қалыпты қызметінеқажетті жағдай жасаушы.

Біздің ел дамудың демокртаиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі.Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру талаптарын қанағаттандырады.Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап,жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпарттарды игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа,күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылрдың танымдық іс – әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көпдеген қиындықтар туғызады.

Интерактивті әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интерактивті әдістерді қолдануда қушыларды сапалы дайындықпен қамтамассыз ету оқупроцесінің нәтижелігіне тікелей байланысты.Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде. Интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданудың басты құрылымы мынада: сабақ басталысымен оқушыларғабелгілі бір тақырыпты беру және осы тақырыптың әрі қарай дамуына септігін тигізетін іс – әрекеттерді уақытылы жинақтай білу.Осындай интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы химия пәнін оқушыларға жете меңгертуді сонымен қатар мамандықтарын меңгеруде осыбілімдерін кеңінен қолдануына жете мән беріп келемін.

Осы бағытта бірінші қолға алған жұмысым «Локоматив машинистінің көмекшісі» тобына арнап тақырыптық – перспективалық жоспар дайындадым.Жұмыс барысында алдыма қойған мақсаттарым:

  • Оқушыны химия пәні арқылы мамандыққа баулу.
  • Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
  • Білім алуға деген ынтасын арттыру.
  • Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу.
  • Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру.
  • Мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатынжеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсаттарымды жүзеге асыру үшін атқарған іс – тәжірибемді ұсынғым келеді. «Локамативмашинистінің көмекшісі» мамандарын дайындауда «Металдар» тақырыбына ерекше мәнберіп оған 10 сағат бөлдім. «Металдардыңфизикалық қасиеттері»тарауының бірінші «Металдар» тақырыбында үй тарсырмасын сұрауда төмендегі кестені пайдаландым.

Концептуалды кесте

Металдардың электрондық құрылысыФизикалық қасиеттеріХимиялық қасиеттеріАлынуы
Металдардың сыртқы энергетикалық деңгейлерінде электрондар саны аз,атом радиусы үлкен,сондықтан сыртқы деңгейдегі электрондар ядроға нашар тартылады. Ал бейметалдармен салыстырғандаваленттік электрондарын жеңіл беріп,оң зарядты иондар түзеді.Металдық жылтырының болуы. Электр тоғын және жылуды жақсы өткізеді.Созылғыш, тапталғыш.Қатты күйде кездеседі.Сұйығы сынап.Тығыздығы,балқу температурасы әртүрлі.Жай заттармен әрекеттеседі.Мысалы:

2Na + Cl2 →2NaCl

Сумен әрекеттеседі:

Mg + H2O→ Mg O+ H2

Қышқыл ертінділерімен

2AL + 6HCl→2 ALCl3+3H2

Тұз ертінділерімен

Ni + CuSO4 → NiSO4 + Cu әрекеттеседі

 

Металлотермия әдісі Fe2O3 + 3CO→

Fe + 3CO2

Аллюминотермия әдісі

Cr2O3 + 2AL→2Cr + AL 2O3

Сутектермия әдісі:

WO3+3H2

W + 3H2O

Электролиз әдісі:

2NaCl → 2Na + Cl2

 

 

 

 

Бірнеше мәрте зертханалық жұмыстар жүргіздім соның ішінде төмендегі кесте №1 зертхана жұмысының нәтижесінде толтырылды.Бұл жұмыстың қорытыындысы арқылы тепловоз аккумуляторларының құрылысын және поршендардың құрылысын білуге мүмкіндік берді.

ТәжірибеНе жасалды?Не байқадыңыз?Қорытынды
1Темір мен мыс сульфатының әрекеттесуіТемір шегені мыс сульфатына батырдықТемір шеге мыспен қапталды. Fe + CuSO4

Fe SO4 + Cu

 

Жаңа сабақты бекітуге жиі қолданып тұратын кестеге тоқталйын, бұл кесте мамандықтың қыр сырын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

 

СұрақтарыЖауаптары
1Қандай металл тепловоз аккумуляторында каррозиядан сақтау үшін қаптауға қолданылады?Стронций,радий
2Болат неліктен тімір жол саласында аз қолданылады?Себебі құрамындағы көміртектің үлесіне байланысты морт сынғыш
3Автомобиль, кеме,тепловоз жасауда қолданылатын жеңіл әрі берік металлТитан
4Тепловоздың ток жүйесінде кеңінен қолданылатын металлМыс,алюминий
5Тепловоз дөңгелекреінде қолданылатын алюминийдің құймасы?Дюралюмин
6Мырыш тепловоздың қай бөлігінде қолданылады?Басқару пультттерінде

 

Өз тәжірибемде төмендегідей салыстыру арқылы жүргізілетін «Альтернативтік тестті» жиі қолданамын.Бұл тестке уақыт аз кетеді сонымен қатар химиялық тілді дамытуға әсерін тигізеді.Ортақ сұрақтар оқылады оқушылар тек «+» деген таңба қою арқылы жауап береді.Тексеруде қиындық туындатпайды.Оқушы үшін де, мұғалім үшін де ең жеңіл тест түрі.

123456
Al++
Fe+++
Cu+++

 

Тест сұрақтары:

  • Тепловоздың басқару пультінің сыртын қаптайтын металл?
  • Тепловоз генераторын және якорьлерін жасауда қолданылатын металл
  • Тепловоздың тяговый электродвигательдерінде кездесетін металл
  • Коллектор мен обмотка қандай металдан жасалады?
  • Коленвалды жасауға қандай металдың құймалары қолданылады?
  • Вагондардыңсыртын қаптауға қандай металдың құймалары қоладанылады?

Химяны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше.Сонмен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін.

Осындай әдіс — тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді,есте сақтау,химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа,үнемділікке тәрбиеленеді.

Химия сабақтарында оқушылардың белсенділігін,пәнге қызығушылығын арттыруда төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастырамын:

  • Дидактикалық ойындар(ойлан тап,химиялық лото,химиялық «лабиринг»)
  • Топпен жарыстыру(берілген уақытта тапсырманы топпен орындау түрлері)
  • Еркін тақырыптарда мәтін құрастыру,ертегі шығару,ребустар мен сөзжұмбақтар,басқатырғылар құрастыру,шығармалар жаздыру.т.б.
  • Оқушыларды әдебиетті іріктеуге,аннотация жасауға,конспектілеуге,кортетекалар жасауға,жоспар жасауға,материалдар жинауға,оның жоспарын жасауға үйрету.

Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе химилық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» Егемен Қазақстан газеті 2006 жыл № 115 (24368)

 

  1. .Химик анықтамалығы №1,2 2010ж

 

  1. Н.Нұрахметов ,Сарманова. К,Жексембина.

 

 

  1. Химия 10 сынып.2009ж Алматы.” Мектеп”

 

  1. .Химия мектепте №2 2005ж,№3 2008ж

№1,3,5 2009ж

 

  1. ”Технология ремонта тепловозов” 1987 г Москва изд.”Транспорт”

 

  1. .”Тепловозы 2ТЭ10М и 3ТЭ10М” 1986 г Москва изд. “Транспорт”

 

  1. .”Тепловоз” пособие машинисту 1987 г М. изд. “Транспорт”

 

  1. Кәсібибағдар берудің өзекті мәселелері (Вестник С.Бәйішев атындағы АУ ғылыми журналы, — Ақтөбе, 2009 –Б.23 – 2)

 

  1. Ю.Д.Третьяков «Химия спровочное материалы» М. «Просвещение» 1998г.