Информатика пәнін оқытудың тиімділігі

                      Информатика пәнін оқытудың тиімділігі

№4 Облыстық дарынды балаларға

арналған мектеп-интернатының

информатика пәнінің мұғалімі

Омартаева Айжан Нұрланқызы

«Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді   болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек»

                                                                     Д.Пойа

Біздің тауарымыз әрине – білім. Жемісті еңбегіміз бен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана нақты жаңару жолына шыға аламыз.

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Қазіргі кезде информатика ең қасиетті және ең маңызды ғылым болып отыр. Себебі, оның нәтижелері қолданылатын адамның зерделі жұмысының ерекше салаларының бірі болып саналады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Ұстаздық жолды алғашқы қадамын қарыштап басуда жас маман ретінде алдыма қойған мақсатым нақты әрі ізденісім шектеусіз. Осындай мақсатымды жүзеге асыруда әрбір сабағымды шығармашыл ізденістің нәтижесінде дайындықпен келуді дәстүрге айналдырғанмын.

Информатика – оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау құралын беретін пән болып табылады. Сондықтан информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей игеру мүмкін емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап,  жеке жұмыс істеуі тиімді түрде өтуі үшін  әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, практикалық тапсырмалармен, кәртішкелермен үйрету, кәртішкелерінің көлемді базасы болу керек. Осы  кәртішкелік базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін-өзі бақылауын арттырып, практикалық жұмыстардың да санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың білімі сапасын жетілдірудің негізі деуге болады.

Компьютерлік программалар арқылы әртүрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кез келген адамның құқығы бар. Мысалы, 7 сыныпта «ақпарат» ұғымына түсінік беріп, Paint графиктік редакторында сурет салуды, 8 сыныптарда Microsoft Office қолданбаларының көмегімен мәтіндерді теруді, есептер шығаруды, кесте сызуды, слайдтар жасауды, 9 сыныпта алгоритм түсінігін, Turbo Pascal программалау ортасында түрлі есептер шығарып, оны программада орындауды меңгереді. Мысалы, Ойындар мен танымдық сайыстар әдісін пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға болады. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
Қисынды ой-қабілетін дамытады;
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
Зейіні қалыптасады;
Байқампаздығы артады;
Өзара сыйластыққа үйретеді;
Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулыйды;
Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
Сабаққа қызығушылығы артады.
Бәрімізге белгілі пәнге қызығушылық танытқан оқушы ғана белсенділік танытатыны түсінікті, сондықтан оқушылардың көңіл-күйінің, сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғары деңгейде  көрінуі ұстаздарға жүктелетін міндет.

Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге деген қызығушылығы басым.  Сабаққа алғашқы келген күннен бастап, компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс жасау, олардың жаңа технологиялардың меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді. Сондықтан мен өз пәнімді барынша жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып өткенді ұнатамын. Осыларға қоса Интернетті тек информатика сабағында емес, сабақтарға дайындалу кезінде де пайдалануға  болады.

Қорыта келгенде, информатика сабағында компьютердің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілетін дамыту және арттыру.

Ұстаз міндеті – оқушының қызығушылығын дамыту арқылы, тұлғаны жан-жақты, білімді, өнерлі, өз «мені» бар, өз Отанын қорғауға дайын азамат етіп оқытып тәрбиелеу.

Елбасының «Біз бүгін бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз, біздің  міндетіміз-айқын алған бағытымыз дұрыс. Ендеше Тәуелсіз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгілік болсын!» деп атап көрсеткеніндей, білім кеңістігінде әріптестерімді озық үлгідегі компьютерлік технологияларды жобалау, дайындау, оқу үрдісіне енгізуге, информатикада оқытудың инновациялық әдістері, құралдары, технологияларын бірлесе  талдап, бір-бірімізге әдістемелік көмек көрсетуге және қолдануға шақырамын.