Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі
Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі
Қоғамдағы барлық оқыту және тәрбиелеу іс — әрекетімен шұғылданатын әлеуметтік институттардың ішінен отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп — өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым – қатынасы, байланыстары, іс – қимылдар мен мінез – құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы бізге белгілі баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.
Адамзат баланың адам ретінде қалыптасуында тәрбиенің негізгі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын дінгегі — әке-шешесі,ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым – қатынаста болуы міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік – эконолмикалық, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік – мәдени, және ситуативтік міндеттер.
Мұғалім отбасы мен жұмыс нысаны барысында – балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар жалпы отбасының барлық мүшелерімен жұмыстанады.
Отбасымен жұмыс жасай отырып, оларға: білім алуға, оқуға, психологиялық көмек алуға жәрдем береді.
Сондықтан педагог ата – анамен ( отбасы мүшелерімен) мынадай іс – шаралар жүргізеді:
— тәрбиелеуде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруді қаперінде ұстау,
— ата –аналардың тәрбиеде ( бала тәрбиесінде) жіберген қателерінің себеп, салдарымен мәлімет беру және айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің мәнін ашып көрсету және нандыру,
— оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалану бойынша кеңестер беру,
— жастайынан, әуелі санасыз, еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер: масайту ішімдігіне әуестену, шылым шегу, нашақорлыққа еліктеудің алдын алу шараларын үйрету.
Мұғалімнің әке – аналарға беретін көмегі, ақыл кеңесі баланы тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап қажеттенуін қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой санасына, ақыл – кеңесіне ықпал ететін әңгімелер өткізу басқа да іс – шаралар ұйымдастыру осы қызметтің пәрменділігін көрсетеді. Салауатты отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық көмектің тағы бір аса маңызды құрамды бөлігі – психологиялық көмек. Психологиялық болсын, әлеуметтік – педагогикалық болсын дерлік тәрбиенің дұрыс қалыптасуы ұстаз, бала, ата – ана еңбегімен байланысты. Береке бірлікте жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын тәртіпке бас игенде ғана іс оңға баспақшы. Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысындп адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.
Туыстық, отбасылық (әлеуметтік) қатынастарды бала кезінен қалыптастырғын. Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Салауатты отбасы — өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді.
Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.
Білімді,денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша, мектеп, ата — ана болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет.Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер білімге бой ұрады.Сондықтан да отбасында болып жатқан уақты оқиғалар: ата ананың бір -бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекте көз қарасы, уақытты өткізуі, туыстарымен жолдастарының ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез құлқыда соған қарай қалыптасады.
Отбасылық тәрбие – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасқан тәрбие мен білім беру жүйесі.
Отбасының негізгі міндеттері:
- Баланың өсіп дамуына, толық жағдайлар жасау;
- Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
- Өз халқының этно-мәдениетін дәріптеу;
- Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.
Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
- Өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;
- Балаларды жанұя өміріне енгізу,ақылшы ретінде қарау;
- Балалармен ашық жіне сенімділік қарым-қатынас құру;
- Талап қоюда жүйелілік жасау;
- Өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу;
- Ұрып-соғу,жазалауға тосқауыл жасау.
Міне, отбасы осы міндеттер мен принциптерге сүйеніп еңбек еткенде ғана ұрпақ тәрбиесі дұрыс бағытта өрбиді.
Отбасы- адамзат қоғамының шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі- дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлігі, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Мұндай талап-тілектерді ата-аналар түсінбейді деуден аулақпыз. Өкінішке орай жағымсыз жағдайлар да кездесіп жатады. Мұның өзі қайсібір ата-аналардың тәрбие жұмысына дайындығының кем болуынан, баланың мінез құлқының дамуы мен оның құқықтарын түсіне білмеуінен,ал кейде өздерінің қоғам алдындағы жауапкершілігіне мән бермейтіндігінен болса керек.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы 21- бапқа сәйкес «әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға құқылы» деп жазылса, Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27- бап, 2- тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-анаың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, «Қазақстан -2030» бағдарламасында … «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Осы аталған міндеттердің өзі ата-ананың бала тәрбиесінде алар орнының маңыздылығын көрсетіп отыр емес пе?
Егер бала ата-анасының ақылды, әдепті, ұқыпты, аса байыпты, білімді екеніне сенетін боса, ол бала үшін үлгі өнеге. Әрі ата-анасын сыйлап, құрметтеу арқылы үлкендерді қадірлеп,кішілерге қамқор болады. «Балаға бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін құлыңа сана, он бес жастан соң досыңа бала»,- деген қазақтың дана сөзі көрнекті чех педагогы Ян Коменскийдің: «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, содан соң ақыл-парасатқа, ең ақырында нағыз пайдалы ғылымға баулу керек»- деген пікірімен мазмұндас келуінде үлкен мән мағына жатыр.
Жақсы қасиет пен жаман қасиетті бала басқа жақтан алмайды, көбіне ол отбасында көргенін қайталайды. Ата-ана – отбасының жүрегі. Олар өнегелі ісімен, ар тазалығымен бала болашағын қалыптастырады. Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі-өнеге, білетіндігінен… Көпшілікті адамшылдыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет». Ал, осы жас буынды тәрбиелеуді отбасынан бастап және мектептегі тәрбиемен ұштастыра отырып ғұлама даналар айтқандай, қандай қасиеттердің қажет екенін балаға дер кезінде сіңіруіміз керек.
Мектеп және отбасы – біздің жарқын болашағымыздың бастауында тұрған екі қоғамдық институт. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой: «Тәрбие мен білім ажырағысыз. Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие арқылы ғана бойға сіңеді» десе, біз тәрбие мен білімнің отбасында жатқанын ұғынуға тиіспіз.
Отбасының кішігірім мемлекет екені адамзат қоғамында әлдеқашан дәлелденіп, мойындалған аксиома. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы педагогикалық қана емес, мемлекеттік мәселе. Себебі екеуі де мемлекетіміздің азаматтарын тәрбиелеп, әлеуметтендіріп, қалыптастырып беретін әлеуметтік институттар.
Мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастық шынайы болып, қоғамдық сипат алмайынша оқу – тәрбие процесінде жоғары сапаға қол жеткізу, ұрпақ тірбиесін оңалту мүмкін емес. Қазақстан Республикасындағы педагогикалық ынтымақтастық негізінде тәрбиелік, дамытушылық міндетін ойдағыдай атқарып жүрген үлгілі отбасылары мен мектептер аз емес. Ата-аналармен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде талай ұрпақ мектептен түлеп ұшып, өмірден өз орнын тауып келеді. Екі жаққа да үнемі қозғау салып отыратын бұл процесс үздіксіз де мәңгілік.
Қазіргі заманда ұлттық мектептің іргетасы қалана бастаған кезде ата-аналар да мектеппен байланысын нығайта түсуі абзал. Мектеп өмірі мен оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасында әріптестік педагогиканы талап етеді. Мектеп пен отбасы ьірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін береді деп ойлаймын. Ынтымақ бар жерде, тәрбие де бар, ынтымақ бар жерде, береке, бірлік те бар.
Ата-аналармен ынтымақтасу дегеніміз – балаға үйде де, мектепте де бірдей талап қою деген сөз емес. Ол ата-аналарды педагогикалық технологияның дербес әдістеменің негіздерімен таныстырып, өз баласын сүюді үйрету. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, ата-анаға арыз айтпай, оқуда, тәрбиеде балаға жәрдем керек болса, бірлесіп аяғынан нық тұруға көмектесу. Яғни, әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін мұғалім неше түрлі әдіс-тәсілдер арқылы олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Мысалы ата-аналырмен дәстүрлі тоқсандық үлгерім бойынша жиналыстар өткізу, балардың ойын сауығына шақыру орнына ата-аналармен дөңгелек үстел, дебат, психологиялық тренинг, ситуациялық-рөлдік ойындар сияқты инновациялық жұмыстар атқарып, оларды өзара сыйластыққа, бала жанын түсінуге, ақыл-ойын дамытуға бейімдеп, үйрете білген мұғалім ғана оқушыларын жақсы үлгерімге жеткізе алады. Мектеп өзінің оқушылармен қоса олардың ата-аналарын тәрбиелеу міндетін де ұмытпауы керек деп есептеймін.
Мектептің, әсіресе сынып жетекшілерінің оқушылардың отбасымен одақтастығы бала тәрбиесінде ерекше рөл атқарды. Мен өз тәжірибемде ата- аналармен бірлесе жүргізген іс-шараларым. Атап айтсам «Бала тәрбиесі- баршаға ортақ» атты тақырыпта өткен ата-аналар жиналысының мақсаты:
- Бала тәрбиесін екі жақты қолға алу;
- Баланың мінез құлқы туралы бірі білмегенін екіншісіне толықтыру;
- Ата-аналармен ашық түрде сұхбат жүргізу;
- Бала тәрбиесіндегі одақтастықтың қаншалықты тиімді екеніне отбасы мүшелерінің көзін жеткізу болды.
Жиналыста ата-аналар сызба кестелермен жұмыс жасады. Мысалы бұл кестеде ата-аналарға келесі сұрақтар қойылған:
- Балаңыз 7 жаста қандай еді?
- 10 жаста қандай еді?
- 15 жаста қандай болса дейсіз?
- Ол үшін нестеу керек?
Бұл сұрақтарға ата-аналар әрқилы жауаптар берді. Осы аталған кестеге қарап ата-аналар өздері балаға не бергенін, не жетпейтінін біліп, ойланады. Келесі кезекте «Баламды жақсы білемін бе?» атты сауалнамаға жауап берді. Бұл сауалнама алдын-ала балалардың өзіне жүргізіліп, жауабы алынған болатын. Бұл сауалнамадан бала мен ата-ана жауаптары салыстырылады, егер де екі жақтың жауаптары дәл шықса, бала тәрбиесінің назардан тыс қалмағандығы, немесе керісінше екендігі анықталады. Бұндай жағдайда ата-ана жіберген қатесін түсінеді, ой елегінен өткізіп, қателік жібермеуге тырысады.
Отбасы мүшелері мен балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, жаңа жағынан қалыптастыру, ынтымағын нығайту мақсатымен екі жақтың да қатысуымен психологиялық тренинг түрінде өткен жиналыстар өте тиімді де ұтымды нәтижелер беретініне көз жеткіздім. Осындай жиналыстың бірі «Тәрбие- отбасынан басталады» атты тақырыпта ата-анармен оқушалрдың қатысуымен өткен шара болды. Бұл іс-шараның мақсаты: мектеп пен ата-аналар, ата-ана мен балалар арасындағы бірлікті нығайту, тәжірибе алмасу болды. Жиналыс барысында баланың отбасындағы тәрбие алуы, баланың отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі мектептің, ұстаздардың атқарар рөлі туралы сөз қозғалды. «Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең, көрсетер бір өнер» демекші, балардың жат мінез көрсетуі, ашуланшақ күйге түсуі, сөз көтере алмауы сияқты жағдайлар көбінесе жанұя мүшелерінің бірін –бірі түсінбеушілігінен, үлкендердің балаға өктемдік көрсетуінен, олардың ойларымен санаспаушылығынан болып жататынын жиналыс барысында айтып өттім.
Бұндай біріккен жиналыстар оқушылар мен ата-аналар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасындағы сенімділікті туғызып, жақындатады.
Ата-аналар еңбегі – өте ауыр еңбек. Бұл еңбек барлық күш жігерді, адалдықты, адамгершілікті, мейірімділікті, шыдамдылықты, ізденісті талап ететін еңбек екенін ата-аналары да, балалары да түсінді.
Сонымен қатар алдағы уақытта К.Поппердің дебат технологиясы бойынша ата-аналар арасында «Қалталық ақша қажеттілік пе, әлде қажеттілік емеспе?» атты тақырыпта дебат өткізуді жоспарлап отырмын. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Сондықтан да:
Ана- үйдің берекесі,
Бала- үйдің мерекесі,
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты,
Бала болсаң балғындай бол,
Айналаңа қорғандай бол-деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ал, отбасындағы қарым-қатынас мәселесі баланы жалпы азаматтық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тынысын танытып, талғамға, әдептілікке, жауапкершілікке баулиды. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин: «Жас уақытта көрген тәрбие, оқыған оқу тасқа жазған жазудай кетпейді» -деп ата-ананың, отбасының бала тәрибесіндегі орнын атап көрсеткен болатын. Ендеше тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан — 2030» Ел басының Қазақстан халқына жолдаған стратегиялық бағдарламасы. – Алматы: Білім, 1997. -256 б.
- Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. – Алматы: Санат 1995. 81 б.
- Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1990. – 234 б.
- Сыныптан тыс тәрбие журналы №5,2007 жыл