БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
Аннотация
Мақалада, әлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті барынша күшейте түскендігі және педагогті толғандырған «Білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесі» жайлы айтылады. Осы мәселені шешуде, Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының маңызды ролі көрсетіледі.
В данной статье говорится о проблемах обновления содержания образования, что волнует учителей, когда в современном мире с огромной скоростью развивается тенденция глобализации и мировое соперничество. В решении этой проблемы важную роль, как говорится в представленной работе, сыграли курсы повышения квалификации учителей РК, составленные по программе Кембриджского Университета.
Annotation
In this article refers to the problems of updating the content of education, that teachers care when in modern world with great speed a growing tend of globalization and international competition. In solving this problem an important role, as they say in the present study, played a refresher course for teachers Republic of Kazakhstan, compiled by program of the Cambridge University.
Қазыргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңыздылығы жағынан біріншіден кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [1, 5- б].
Иә, бұл оңай сұрақ емес, жиырма төрт жылдан бері жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне араласып жүргендіктен, осы сұрақ тікелей маған қойылғандай әсер алдым. Өз тәжірибемді қалай жетілдірсем жұмысым нәтижелі болады деп жүрген жандардың бірі едім, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы көкейде жүрген көп мәселелерімнің шешімін табуға бағдар бергендей болды
Әлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті барынша күшейте түсуде. Көптеген дамыған елдер бұл идеяны басты назарда ұстап отыр.
Бүгінгі таңда, халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің нақты рейтингін анықтауда. Менің ойымша, қазір адам қандай оқу орнынан болсын өзінің бүкіл өміріне жететін білімді бірден ала алмайды. Оның басты себебі – қоғамның жоғары жылдамдықпен дамуы. Сондықтан білім беру саласында еңбектеніп жүрген қызметкерлер жүгі ауырлай түсуде.
Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы ол – кез келген адамға білімділер көшіне ілесу үшін, үнемі білім жетілдіру қажет екендігін жеткізу. Сол себепті бұл күнде «білім беру» ұғымы жеткіншек ұрпаққа ғана емес, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгі адамдардың бәріне қатысты айтылуы қажет.
Осы орайда, қазіргі кезде экономикасы қарқынды дамып жатқан мемлекеттерді қарайықшы. Олар – Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг, Қытай т.с.с мемлекеттер. Бұл мемлекеттердің жер көлемі шағын, қазба байлық мөлшеріде мардымсыз, не мүлдем жоқ. Сингапурдың тіпті тұщы су мен құмды да Индонезиядан алатыны жөнінде ғаламтордан оқыдым. Осы сияқты мысалдарды аталған кез келген мемлекет жайлы айтуға болады. Алайда олардың дамуы қарқынды. Сондай-ақ бұл елдерде тәрбие де өте жоғары деңгейде. Батыстағыдай жастардың нашақорлық сияқты жат әрекеттері туралы мүлде айтылмайды. Сонда қалай? Бұлар ненің есебінен қарқынды дамып жатыр? Сарапшылар «бұл мәселенің кілті – адам» деген қорытынды жасап отыр. Яғни ХХІ ғасырда экономиканың дамуы үшін ең негізгі фактор мемлекеттің қазба байлығының мөлшері, мемлекеттің географиялық ыңғайлы орналасуы және т.б. мәселелер емес, экономиканың алға басуының негізі – адам, оның денсаулығы, білімі, кәсіптік деңгейі, икемділігі… Адам капиталының дамып жетілуіне біз мұғалімдер, білім жүйесін реттеп отыратын жауапты адамдар тікелей қатыстымыз. Міне адам капиталының дұрыс қалыптасып, мемлекет дамыған елдер қатарына нық тұру үшін, БІЗГЕ ӨЗГЕРІС КЕРЕК!. Осы мәселеге тереңірек бойлау үшін, мен көптеген елдердің білім беру жүйелері жайлы оқып зерделедім. Қай мемлекетті алып қарасақта ондағы жүйе дайын күйінде алып қолдана салуға келе қоймас. Дегенмен «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» халық даналығын қағида етіп ұстай отырып, басқа елдердегі мәселелерге тоқталайын. Педагогика ғылымының кандидаты, профессор Жанболат Қайыңбаев Thenews.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында төмендегідей ақпараттар айтты: – Жоғарыда білім беру саласы бүкіл әлем елдерінде реформалануда дедік. Және мұның ең басты бағыты – білім беру мәселесіне бөлінетін қаржы деп ойлаймыз. Мысалы, 2007 жылы бүкіл әлем бойынша білім беру жүйесіне 2 триллион АҚШ доллары мөлшерінде қаржы жұмсалды. Дамыған елдердегі білім сапасын сараптаған ғалымдардың (М.Барбер, М.Муршед) анықтаған мәліметіне қарасақ, 1970 жылдан бері бір оқушыға жұмсалатын қаржы Бельгияда – 65 пайызға, Ұлыбританияда – 77 пайызға, Германияда – 108 пайызға, Францияда – 212 пайызға, Жаңа Зеландияда – 223 пайызға, Австралияда – 270 пайызға, Жапонияда – 103 пайызға, Италияда 126 пайызға өскен. Алайда осы уақыт аралығында білім сапасы Бельгияда – 5 пайызға, Ұлыбританияда – 8 пайызға, Германияда – 5 пайызға, Францияда – 7 пайызға, Жаңа Зеландияда – 10 пайызға, Австралияда 2 пайызға төмендеген. Білім сапасы тек Жапонияда – 2 пайызға, Италияда 1 пайызға ғана өскен. Сол сияқты 1980-2005 жылдар аралығында АҚШ-та бір оқушыға шығатын шығын 73 пайызға өсті. Ал бір мұғалімге тиісті оқушылар саны 18 пайызға кеміді. Дей тұрғанмен, білім саласына бөлінген қаржының өсуі, сынып оқушылары санының азаюы, мектептің материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне елеулі әсер етпейтіні нақтыланып отыр. Мысалы, білім беру саласы бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі – Сингапур бастауыш білім беруге бөлген қаржысының мөлшері бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 30 елдің ішінде 27-орында тұр. Мұнда да негізгі мәселе білім саласындағы адам капиталына, яғни педагогтердің денсаулығына, адамгершілігіне, білім-білігіне, кәсіптік деңгейіне, жұмысқа деген ынтасына, олардың материалдық жағдайына байланысты болып отыр. [3]. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, кәсіптік деңгейі жоғары мұғалімдер оқытқан оқушылар кәсіптік деңгейі төмен мұғалімдер оқытқан оқушыларға қарағанда үш есе тез дамиды. АҚШ-тың Теннесси штатында мынадай тәжірибе жүргізілген: сегіз жастағы оқушылар кәсіптік деңгейі жоғары және кәсіптік деңгейі төмен мұғалімдерге бөліп берілген. Үш жылдан соң кәсіптік деңгейі жоғары мұғалім оқытқан оқушылардың білім деңгейі 11 жастағы оқушылар білуге тиісті білімнің 90 пайызын меңгерсе, кәсіптік деңгейі төмен мұғалім оқытқан оқушылар 11 жастағы оқушылар білуге тиісті білімнің 37 пайызын ғана меңгерген. Айырмашылық – үш жыл ішінде 53 пайыз. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Қорыта айтсақ, осындай жағдайларды ескере отырып, өз елдеріндегі сәйкес мәселелерді жүйелеген, әлемдегі білім саласы бойынша көшбасшы болып есептелетін Сингапур, Финляндия елдеріндегі педагог кадрларды іріктеу, оларға жалақы төлеу мәселесі және ол елдердегі білім сапасы қазіргі кезде бүкіл әлемге үлгі болып отыр. Біз де осылардан үлгі ала отырып, олардағы жағдайды елімізге сәйкестендіріп (Сингапур – қала-мемлекет, ондағы білім жүйесін басқару, жүйелеу сияқты тәжірибелер жер көлемі үлкен, 50 пайыз халқы ауылда тұратын, 60 пайызға жуық мектебі шағын, жинақы мектеп болатын бізге тікелей көшіруге келмейді), пайдалануымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды да. Себебі «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты міндеттерінің бірі және бірегейі еліміздегі педагогтердің мәртебесін көтеру болып белгіленген. Жақын жылдарда-ақ педагогтердің жалақысы, педагогикалық мамандыққа оқуға түсу, педагогтерді әлеуметтік қорғау жағынан оң өзгерістердің болатыны айқын деген екен. Менің айтқым келетіні біздің мемлекетімізде дамыған елдердің жасампаз тәжірибесімен алмасуда аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Оның бірден бір дәлелі Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында мамандардың тегін білім алуы.
Мысалы: Италияның білім беру жүйесінің құрылымын оқып үйрену маған оңай соққан жоқ, себебі ол өте күрделі.Қазыр бұл елде, италия білім беру жүйесін европалық жүйемен үйлестіру үшін кезекті реформа жүріп жатыр. Италиядағы көптеген реформалар аяқсыз қалған болатын.
Орта мектеп: оқу үдерісі
Италия бүлдіршіндері оқуды ерте бастайды. Көптеген италяндықтар балаларын үш жаста балабақшаға (scuola materna) беріп, мектепке дайындықты бастап кетеді. Балалар мектепке атақты педагог Мария Монтессоридің топтық әдісімен оқытылады. Балалар алты жастан бастауыш мектепке қабылданады. Орта білім берудің алғашқы екі баспалдағы барлық балалар үшін тегін — scuola elementare 1және scuola elementare 2 деп аталады. Бұл кезеңде жалпы білім беретін – оқу, жазу, сурет,арифметика, музыка т.с.с негізгі пәндер міндетті болып саналады, тек дін тану ғана ерікті түрде оқытылады сонымен қатар негізгі пәндер қатарына бір шет тілі де кіреді. Бағалау тәртібі біздің жүйеге ұқсас, мұндағы бір ерекшелік мүгедек балалар басқа денсаулығы жақсы балалармен бір мектепте оқытылады. Мектептер негізінен мемлекеттік жеке меншік мектептер барлық мектептердің 5% құрайды. Осы жағынан біздің саясатпен ұқсастығы бар.
Мұндағы менің көңіліме қонғаны, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы қарастырған Инклюзивті оқыту, италияның білім беру саласында кеңінен қолданылып жүргендігі. Италия мектептерінде мүмкіндігі төмен балаларды, барлық басқа оқушылармен бірге оқыту жүзеге асырылған.
«Инклюзивті оқыту / Инклюзивное обучение / Inclusive education
— білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.» [1, 83- б]. Міне осы мәселе италия білім беру саласында шешімін тапқан.
Қазіргі кезде қытай елінің экономикалық дамуы жайлы білмейтіндер аз. Қытай мемлекеті «Мемлекттің гүлденуі білім мен ғылымға тәуелді», «Мызғымас мемлекеттің орнауы, ол адам капиталының дамуына байланысты…» деген ұранмен жүргізілген реформалар білім жүйесіне оң өзгерістер әкелді Бұл елдегі жүргізілген реформаларға, басқа елдерде қызығушылық таныиуда. Атап айтар болсақ, Россиядағы білім жүйесінің қалыптасуына да елеулі әсер етті. Қытайдағы білім беру жүйесінде ерекше орын алатын ол, орта мектептің жоғарғы буыны — Жоғары Орта Мектеп.
Бұл мектепте оқыған оқушылар жоғары оқу орындарына түсуге қаншалықты дайын болса, бірден өндіріске араласып еңбек етуге де соншалықты дайындалады. Кейінгі кезде Қытай реформасының пайдасы жөнінде Россияда да көптеген зерттеулер жүргізілуде. Мен осы реформа мен біздің елдегі жүзеге асырылуға дайын тұрған 12 жылдық білім беру бағдарламасынан ұқсастық көргендей боламын.
Соңғы жылдарда әр қытай азаматы өз елінің жетістігін мақтанышпен айта алады. Таң қалам, 1949 жылы Қытайда 80 пайыз халқы яғни 500 – миллионға жуығы сауатсыз еді. Жаппай мектептер аша отырып, мәселе тез шешілді. Әрине кеткен олқылықтар да болды дегенмен, бұл салада жасалған жұмыс ауқымды болды. Бұл елде білім алу бүтіндей ақылы түрде жүргізіледі, соған қарамастан Қытай елінде балалар жетістікке жете алмайды деп айтуға болмас. Мысалы халықаралық деңгейдегі спорттағы жасөспірімдер жетістігі, олардың алғашқылардың қатарында мемлекет беделін көтеру үшін, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды екенін түсінді. Қай елде болмасын жас ұрпақты тәрбиелеп білім беру ісі бірінші орынға қойылса сол ел қарқындап дамып, мызғымас ел болады деп ойлаймын.
Жас ұрпаққа білім берудегі тәжірибемемді жетілдіріп, білімімді шыңдау барысында ізденіп жүрмін.
«Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына2007 жылғы 28 ақпанындағы Жолдауында « Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн » екендігін атап көрсеткен болатын. Бүгінде бұл іс жүзеге асуда.
Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, «бұл елдерде 7-сыныптан бастап дифференциялап (саралап) білім беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі беріледі. Әрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасайды. 10-сыныптан бастап міндетті пәндер көлемі азайып, профилдік және оқушылардың өздері таңдаған пәндер көлемі көбейеді» дейді. Демек, ол елдерде жоғары дамуға негіз болып отырған, бірбіріне соншалықты жақын әрі қатаң бірыңғай кәсіби бағдарлы білім беру жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жанжақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны белгілі.»
Міне осы мәселелерді шешуде, педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші денгей бағдарламасының алатын орны ерекше екенін атап айтқым келеді.
«Бағдарламаның мақсаты — Мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан – жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.
Бағдарламаны игерген, мұғалімнің негізгі функциясы — Оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады.» [1, 4 — б].
Менде қолымнан келгенінше осы бағытта жұмыс жасап жатырмын.
Мен өзім еңбек ететін мектептегі мұғалімдердің білім кеңістігіндегі өзгерісті игі қабылдап, оқыту мен оқу тәжірибелерінің дамуына оң ықпал еткім келеді. Жас ұрпаққа білім беру ісінде барлық алған білімімді, күш қуатымды аямай еңбек етіп, әріптестеріме коучингті іске асыруды үйрететін көшбасшылар қатарында жүрмін деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер: