Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделуі
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Шапекенова Багдагуль Жаскайратовна
Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделуі
«Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес»
А.Н. Толстой
Еліміздің қоғамдық әлеуметтік өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін жаңаша ойластыруды талап етеді. Осыған байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіруге, әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде.Біздің мақсатымызбала жанын түсіну, сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну, оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Әлеуметтендіру дегеніміз-белгілі бір себептермен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалпына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу.Әлеуметтендіру дегеніміз-сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұсқан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі. Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекетерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі.
Әлеуметтену- адамның әлеуметтік нормалары мен мәдениқұндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Біздің мақсатымыз –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, руханижан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру болады. Бұл үрдістер тәрбиелеу, білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтену үрдісінде екі мәселе шешіледі.
Әлеуметтік адаптация (бейімделу)-жеке адамның ортаға бейімделуі, барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
Әлеуметтік автономизация (оқшаулану) -ортамен бірге бола отырып, өзімен-өзі болу, іс әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалай білмеуі.
Жасөспірімдерді әлеуметтік өзгерістерге бейімдеу, олардың қажеттіліктерінің негізінде жоспарланып, мынадай негізгі бөлімдерден құралады.
- Дәстүрлі мектепішілік іс-шараларға, ұжымдық шығармашылық істерге,
жалпы мектептік мерекелерге қатыстыру;
- сынып ұжымының қызығушылықтарына және сұраныстарына сәйкес өткізілетін іс-шараларға қатыстыру;
- оқушылармен даралап жұмыс жүргізу.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің негізгі шарты- оқушыларға дараланып ықпал ету тәсілі.
Оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілу мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Мұндай жұмыс біздерден сезімталдықты, кішіпейілдікті, қайырымдылықты,
ілтипаттылықты, қамқорлықты қажет етеді.
Ол үшін мынадай жағдайларды ескеру керек :
- бала жанын жақсы түсіну, яғни оның сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну;
- баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сенің көзқарасыңа сай келмейтін болса да баланың шешімін сыйлау қажет;
- жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыда қолдау. Баланың дамуына және жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдай туғызу;
- мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Көп балалы, табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесу.
Әлеуметтік-психологиялық қызмет дұрыс жолға қойылса, оқушының ортаға бейімделуінің тұрақты мотивтерінің қалыптасуына әлеуметтік зерттеудің нәтиже беретінін дәлелдейді. Мектептегі әлеуметтік қызмет барысында оқушының толыққанды дамуын, жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуын, материалдық жағдайларының жақсаруын және оқыту мен тәрбие процесін оқушы тұлғасын дамытудағы жағдайдың одан әрі жақсаруын күтілетін нәтижеге бағыттай отырып, баланың оқуына қолайлы жағдай жасауымыз керек. Осы бағытта оқушыларды толықтай оқуға тарту, қамқорлықтағы балалармен, мүмкіндігі шектеулі балалармен және тұрмысы төмен, көп балалы отбасынан шыққан, жетім, қамқорлықтағы балалар үшін ыстық тамақты ұйымдастыру т.б жұмыстары атқарылады.
Әлеуметтік педагог жұмысының маңызды бағыттарының бірі-белгілі шарттарға негізделіп, оқушылардың әлеуметтік жағдайын талдап, бағалау болып табылады. Оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылардың өзін-өзі тануына, тәрбиеленуіне тиімді ықпал етеді. Осы бағытта аз қамтылған көп балалы және түрлі категориядағы балаларды шыршаға қатыстыру, түрлі сайыстарға, жазғы демалыс орындарына тарту және мүмкіндігі шектеулі балаларға «Бөбектерге қуаныш сыйлайық» атты акциялар ұйымдастыру сияқты жұмыстар атқарылады. Оқушыларға үнемі жетістік ситуацияны жасау арқылы біз оған өзінің шығармашылық қабілеттік, даралық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі түсінуге көмектесеміз. Жұмыс барысымызда олардың кішкентай жетістіктерін көріп, айтып, оларды ұжымның шығармашылық істерінен шетте қалдырмауға тырысып, марапаттап, қолдап отыруымыз керек. Сонда ғана олар мұғалімнің, өзінен үлкен адамның өздеріне деген ізгі қатынастарына сенеді.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу-әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына қарай әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психикалық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланы қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Мысалы, мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.Әлеуметтендірудің мәні адамның қоғамға бейімделіп, жекеленуі болып табылады. Ал тұлғаны әлеуметтендіру үшін тек қана қоғамға емес, ең бірінші әрбір адам белсенді роль атқаруы тиіс.
Бейімделу-бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға мүмкіндігі шектеулі баланыәлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы ортаға енуі мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар десек, оның бірінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі-бір жақтылығы. Бұл жолмен керектінәтижеге жету мүмкін емес , әлеуметтену үрдісі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық үрдісінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.
Ал екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналық — әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен протездермен, протезді ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»- деп атап көрсетеді. Сондай – ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген. Яғни, қандай категориядағы болмасын жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу менің қызметтегі міндеттерімнің ең басты құндылығы деп білемін. Өйткені жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытындағы іс-әрекеттерімді саралай келе, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламын:
— әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;
— бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады.
— өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.
Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғаның қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындауды тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі ретінде қабылдап, қоғам болып бірге қызмет атқарайық.