Сын тұрғысынан ойлау жобасы.

 Сын тұрғысынан ойлау жобасы.

ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік негізіндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі», делінген. Білім, білік дағдыларды меңгертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруда, құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына бақылау жасудың тәртібі қарастырылады. Білімнін құзыреттілік қағидасына негізделген жаңаша оқыту технологиясы оқушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына оқудағы құндылық бағдарға, яғни, оқушының зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс.   Жаңа технологияны оқыту тәрбие үрдісінде қолданылуды инновация дейді. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет », деп Елбасы атап көрсеткендей , жаңа технологиялық  әдіс – тәсілдерді мектеп өміріне еңгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Қазіргі уақыт барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құрауға бағытталған. Соның ішінде , соңғы жылдары өз сабақтарында қолданып жүрген «сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты- оқушылардың ойын ашық айта алуға,  пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сыни тұрғыдан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Сыни тұрғысында ойлау дегеніміз? «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

шыңдалған ойлау, кез-келген дамыту деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдерді қабылдауға құштарлық;

үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қвзғушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрлым.

Сын тұргысынан ойлау жобасының әдіс –тәсілдері оқушыларды тынымсыз іздемпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Дәстүрлі білім беру кезінде оқушыны сын тұрғысынан  ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болады.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлеуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шарттар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2 .оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру:

  1. әр-түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау:
  2. үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау:
  3. кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау:
  4. оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынның дәлелді, дәйекті болуын талап ету:
  5. сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал, оқушылардан осыған байланысты:

сенімділікпен жұмыс жасау:

бар тынысымен оқуға берілу:

пікірлерді тыңдау, құрметтеу:

өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет, тек сонда ғана олар:

мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

— осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы, білетініме сәйкеспе?

— осы ақпаратты үйрене отырып бірдене жасай аламын ба?

— маған бұл жаңа ойлар , идеялар қаншалықты әсер етті? деген саулдар төңірегінде үйренеді.

Сыни тұрғыда ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайларымен әдістері бар. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болу үшін мүмкіндік мен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерін дұрыс қалыптастыруға, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрлымы сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді. «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын дамыту оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойлаушы, дәрежесіне дейін көтеріледі.» мұғалім осы сәтті ұйымдастырушы бағыттау. Ой салу –ұстаз тарапынан, ойлау-шәкірт тарапынан, ойланту-(ойлауы жетіспей жатқан оқушыларңа түрткі жасап, ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады.Аталмыш бағдарламаның  ішкі  құрылымында  ерекшелік бар.Бұл құрылым деңгейден тұратын  оқыту  мен үйретудің моделі.Білімнің  болашақта   пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.Көп ақпаратты  талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін  алуға үйретеді.Сын  тұрғысынан  ойлау бағдарламасы  қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Енді  осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ  тоқталып өтейік.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі- бұрынғы білетін жане жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді,өзінің  бұрынғы білімін  жаңа ақпаратпен  толықтырады, кеңейте түседіе жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді,өзінің  бұрынғы білімін  жаңа ақпаратпен  толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да сабақ қарастырылған  тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын  анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту, ми  қыртысына  тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Осы кезде қызымет ететін  «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер жинақталған .Қызығушылықты ояту кезеңінің  екінші мақсаты- үйренушінің белсенділігін  арттыру.Өйткені, үйрену- енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін  іс-әрекет екені даусыз.Оқушы өзі білетінін еске түсіреді,қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды.Яғыни айту,бөлісу, ортаға салу арқылы  оның ой ашылады, тазарады.Осылайша шыңдалған ойға  бірте-бірте  қадам жасала бастайды.Оқушы  бұл кезде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.Ойлау мен  үйренуге  бағытталған  бұл бағдарламаның  екінші кезеңі  мағынаны тану.Бұл кезде үйренуші  жаңа ақпаратпен танысады,ақпарат бойынша  жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне  жағдай жасалады.Оқушылардың  тақырып бойынша жұмыс жасауына  көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Тақырып туралы  ой- толғаныс –бағдарламасының  үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту  процесінде   оқушының  толғанысын ұйымдастыру, өзіне басқаға сын көзбен қарап баға беруді уйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөзімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір бірімен әсерлі ой алмастыру, ой түсіндіру, өз үйрету жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы- ойды қайта түйіп , өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсаттық құрлымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «бес жолды өлең, вен диаграммасы, еркін жазу, семантикалық карта, Т кестесі » сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілділігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір біріне ой алмастыру, ой түсіндіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өзінің шығармашылығын көрсете алады. Колледжде берілетін математика, мектеп математика курсы негіздері, математиканы оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ үлгілерін, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің өздерін жұмыстандыру мақсатында өткізілген тапсырмаларды айта кетуге болады.

Математика пәні бойынша «Кері тригонометриялық функциялар.» тақырыбындағы сабақ сто технологиясы арқылы, практикалық оқыту әдісімен жүргізілді.

Құзыреттілікке жеткізетін мақсаты:

1.Кері тригонометриялық функциялар және олардың графиктері туралы ақпарат беріп оның қасиеттерімен танысып олардың әндерін есептеуді және кері  функцияларды өрнектерді ықшамдауда, тепе-теңдікті дәлелдеуде қолдана білуге үйрету.

2.Оқушылардың  матеатикаға қызығушылығын артыру интерактивті технологияны қолдана отырып есептер шығарып,білімін жетәлдәру арқылы дамыту.

3.Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға ,қорытынды шығара білуге,белсенділігін арттыруға,ізденуге дағдыландыру.

Бұл сабақта мынадай тапсырмалар берілді:

1.«Ой қозғау»Топтастыру стратегиясы

Тригонометриялық функцияларды ата.?

Синус функциясы және қасиеттері.?

Арксинус функциясы және қасиеттері.?

Косинус функциясы және қасиеттері.?

Арккосинус  функциясы және қасиеттері.?

Тангенс функциясы және қасиеттері.?

Арктангенс функциясы және қасиеттері.?

Котангенс функциясы және қасиеттері.?

Арккотангенс функциясы және қасиеттері.?

  1. «Ой толғаныс» Есептеңдер.
  2. 2.

      3.arcsin.  =                             4.

  1. 6.
  2. 8.
  3. 10. =

 

  1. «Өзіңді тексер.» Өзіндік жұмыс Есептеңдер..
  2.         4. =                         

Мектеп математика курсы негіздері пәні бойынша «Функция» тақырыбындағы сабақ «БИНГО» ойынының желісі бойынша, ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту әдісі бойынша өтті.

Сабақтың мақсаты:

1) Функцияны туынды арқылы зерттеудің схемасын алгоритмдеу, құрылымдау;  жаттығулар орындау арқылы күрделі функциялардың графигін салуды  меңгерту .

2) өткен тақырыпта үйренген білімдерін өз бетімен жұмыстануға, шығармашылық тапсырмалар орындауда пайдалана білу; есептеу барысында кездесетін қиыншылықтардан жол таба білуге бағыттау.

3) Студенттердің өз бетімен жұмыстануларына дағдыландыру. Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу.

 Студенттерге әр кезең сайын жеке тапсырмалар берілді.

1-кезең. Бинго билеттерін сату.

1) Функция түрлері

2)f(x)=0,5x  функциясының анықталу облысы.

3) f(х)= 3×2+1функциясының анықталу облысы.

4)f(x)=   √х  функциясының анықталу облысы. 

5)f(x)= 5×4+3×2 функциясының жұп тақтылығын анықта

6)f(x)=8×3 функциясының жұп тақтылығын анықта

7)f(x)=2×3+x+7  функциясының жұп тақтылығын анықта

8)f(x)= 4×2-x функциясының туындысы

9)f(x)=x3-2 функциясының туындысы

10)f(x)= x2 функциясының экстримум нүктесі

2-кезең. Бинго билеттерінің сандарын жазу

А001

 f(x)= x4-8×2 функциясын зерттеп, графигін салу.

Анықталу облысы.  (R)

Мәндерінің жиыны(R)

3) Жұп тақтылығын анықта.(жұп)

4) х=0, f(x)=?   (0)

5) f(x)=0,  х=?   (0;-2 ;   2 )

6) f ‘(x) = ?   (4х3-16х)

7) кему аралықтары (( -∞;-2)U(0;2))

8) өсу аралықтары  ((-2;0)U(2;+∞))

9) кесте толтыру

10) графигін салу

 

x( -∞;-2)-2(-2;0)0(0;2)2(2;+∞)
f¢(х)0+00+
f(x)¯-16­0¯-16­

 

Б002

f (x)=3x 5+ 5×3  функциясын зерттеп, графигін салу.

Анықталу облысы. 

Мәндерінің жиыны

3) Жұп тақтылығын анықта.

4) х=0, f(x)=? 

5) f(x)=0,  х=?  

6) f ‘(x) = ? 

7) кему аралықтары

8) өсу аралықтары

9) кесте толтыру

10) графигін салу

 

X( -∞;0)0(0;1)1(1;+∞)
f¢(х) 0+
f(x)¯ ¯3¯

 

Джек пот есептері :

Бір қатарға барлық екі таңбалы сандар жазылды. Содан кейін олардың әрқайсысы олардың әрқайсысын олардың  ондықтар цифрлары мен бірліктер цифрлары айырмасымен алмастырылды. Пайда болған барлық сандардың қосындысы нешеге тең?

Есептеуді жалғастыр.

 

111111102:9=12345678                                             81:9=9

  11111103:9=1234567                                           9801:9=

    1111104:9=123456                                     998001:999=

      111125:9=                                           99980001:9999=

         11106:9=                                    9999800001:99999=

           1107:9=

             108:9=

 

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің орны қандай дейтін       болса, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын ақылын көрсетуге, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу ісін ұйымдастырушы деуге болады.

 

                                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қараев Ж.. Деңгейлік оқыту технологиясы.
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №5, №6 2010ж.
  3. Қадашева К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А: Мұрагер, 2005.