ОҚУШЫЛАРМЕН БЕЙІНАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 

ОҚУШЫЛАРМЕН БЕЙІНАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН

ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 

Аннотация

В этой работе рассматриваются проект «Я и мои жизненые планы».  Цель предлагаемого проекта создание условий для самоопределения учащихся в выборе направления образования.

 

This work is consider the ways in stages for getting terms for self-determination of students, in the direction   if  knowledge before professional and professional studies.

 

2004 жылы қабылданған « 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мен «2005-2010 жылдарға  арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бейіндік саралауға мемлекеттік деңгейде назар аударудың белгісі болды. [1]

«Бейінді оқыту деген не?

Біріншіден, оқытудың жеке және зерделеу әдісі.

Екіншіден, оқушының қабілеті мен бейінділігіне сай қызығушылығын ескере отырып, білім үрдісін ұйымдастыру, мазмұны мен құрылымын өзгерту.

Үшіншіден, жоғарғы сыныптағы оқушының кәсіби қызығуы мен білімді жалғастыруға қажеттілігінің тууына байланысты оқытуға жағдай жасау. [2]

Бейінді оқытуды ұйымдастыру кезінде ең бастысы оқушының қабілеті мен бейінін, кәсіби қызығуын  ескере отырып, бейіндеу бағыттарын анықтау. Оқушылардың бейімдері мен қабілеттерін есепке алмай жүргізілген саралау оң нәтиже бермейді.

Осыған орай ұсынылып отырған  «Мен және менің өмірлік жоспарым» жобасының мақсаты оқушылардың болашақ  кәсіби қызметіне саналы да, жауапты таңдау жасауына жеке және өмірлік өзін-өзі тануына жағдай жасау.

Өзектілігі: қазіргі заманда өзін -өзі таба алмай , өз мүмкіндіктерін  дұрыс пайдалана алмай , өзін өзі тұншықтырып жүргендердің, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен,  өзінің қабілеті мен бейімін анықтай білмегендігінде және өзінің кәсіби дамуын жобалай алмағандығында, бейіналды дайындықтың жүргізілмегенінде.

«Мен және менің өмірлік жоспарым» жобасының нәтижесінде оқушылар өзінің жеке кәсіби жоспарын жасайды, 9- сынып оқушыларымен  бейіналды  дайындық  жүргізіледі. Жеке кәсіби жоспар – адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі. Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей нық қадам жасай беруге болатын бірде бір мамандық жоқ..

Жобаның міндеттері:

  • өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілетін дамыту;
  • ой-өрісін кеңейту;
  • оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
  • бейіні мен нысандарын таңдау үшін  оқушылардың қабілеттері мен даярлық деңгейін

айқындау;

  • өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтері артады.

Күтілетін нәтижелер:

  • өзіндік ойлауын қамтамасыз етеді;
  • өзін-өзі бағалауға, талдауға, өзін-өзі рефлексиялау, өзін-өзі  кәсіби анықтау мотивтері

артады;

  • өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезінеді;
  • өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті артады;
  • таңдаған бейіндік оқытуға өзінің қабілеті мен қажетіне сәйкес қанағаттылығы.

Жоба болашақ мамандыққа дайындық жасауға және де өз қабілеттерінің құрылымы дамуындағы түзетуді  қажет ететін кейбір кемшіліктерді  дер кезінде көруге мүмкіндік  береді.  Кәсіп таңдау-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол өзіңнің ішкі жан дүниеңе үңілу, яғни менің мықты және әлсіз жақтарым, мен қандаймын, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауап берулері  қажет.

Мен қандаймын?  

               Дұрыс таңдау жасау үшін өзіңнің қабілеттерің, қызығушылықтарың  мен бейінің,   мінезің  мен   темпераментің   туралы  нақты  не білуің керек. Бұл сатыда өзін-өзі бағалау ата-ананың, от басының , құрбы-құрдастарының өзі туралы көзқарастары, өзіндік қабілеттері, ішкі мүмкіндіктері, денсаулығы (шектеулер)  туралы мәліметтер жиналады.   Мәліметтер бір қалтаға (папкаға) жинақталады.

«Бәрінен бұрын өзіңді таны» деп Аристотель айтқандай, өзін-өзі танымай болашақты  жобалау мүмкін емес. Бұл сатыда оқушының өзіндік мені қалыптасып, өз-өзіне деген сенімділігі, және болашақта таңдап отырған өмірлік жолына жауапкершілігі артады.  Таңдаған мамандығын  денсаулық  жағдайы тура     келетін келмейтіндігі  жөнінде дәрігерден кеңес алады.

Мен қандаймын?

Өзімнің пікірімАта-анамның пікіріМұғалімдердің пікіріСыныптас-

тарымның пікірі

Психологиялық зерттеулерДенсаулығым жайында анықтамаБойымдағы қандай кемшіліктер-

мен жұмыс істеуім қажет?

Темперамент типін анықтау;

Мотивация диагностикасы;

Айзенктің жеке тұлғаны анықтау әдістері;

Табандылықты зерттеу (сауалнама) [3]

Д.Холландтың «Тұлғаның  типтерін анықтау» тестісі(сауалнама) [3]

және т.с.с тест, сауалнамалар алынады.

Қожа Ахмет Иассауи «Өзіңді-өзің тану – ақиқатты білу» деп бекер айтпаған. Өзін — өзі танудың ерекшелігі : ол өзінің күшті және әлсіз жақтарын , өзінің артықшылығы мен кемшіліктерін тереңірек бағалайды, өз тұлғасын өз бетімен талдау және бағалау үрдісі бекиді.

Әр адамның өзіндік  құрылымдық ерекшеліктері бар. Дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан,  уақыт өте келе олар да  өзгеретіні сөзсіз.

Өз артықшылығы мен кемшілігін аңғару,  одан кейін өзін-өзі дамытуға және өзін өзі кемелдендіруге қозғау, стимул болады. Сондықтан да өзін-өзі дұрыс бағалау — оны адамгершілік идеалына жақындататын өзіне деген сенімділік негізі.

Маған не қажет?

Өзің таңдаған , өзіңді қызықтыратын мамандықты анықтау.  Бұл мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен  жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана оқушының мамандық таңдаудағы  ой –ниеті  салмақтана түседі.

Таңдаған мамандықтың сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аудармай, мүмкіндігінше қалаған мамандығының   жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырысу керек. Өз мамандығын таңдай алмағанның талабы көміледі, ондай адам өмірге де риза болмайды. Сондықтан мамандық таңдауға аса көңіл аудару қажет.

Мен не істей аламын?

Пәндік білімдер мен біліктіліктерінің  таңдаған кәсібіне  іс жүзінде  қолдана алу қабілеттіліктерін анықтау.  Бұл сатыда   жеке мүмкіндіктері,  оқушының құзырлылық деңгейі (коммуникативті, мәдени- танымдық, элементарлық сауаттылық)  анықталады. Өзінің алған білімі қандай, оны таңдаған кәсібіне іске асыру жеке мүмкіндіктері ашылады. Осы кәсіптің  маман иесінің құзырлылық деңгейі мен өзінің  құзырлылық деңгейіне салыстырмалық талдау жасалады.

Маған не қажет?Мен не істей аламын?
Мамандық туралы хабардылығың (сауалнама) [3];

Мен және менің өмірлік жоспарым (сауалнама) [4];

Қызығушылық картасы (А.Е.Голомшток әдістемесі бойынша);

Климовтың диффернциалды-диагностикалық сауалнамасы;

Кәсіби қызметтегі басым ынтаны зерттеу сұрақнамасы[3] ;

«Мамандық таңдау» тақырыбында сынып сағаттары өткізіледі.

Оқушы жетістіктері

Мысалы :

Маған не қажет?Мен не істей аламын?
Оқушы сауалнамалардың қорытындысы бойынша  информатика пәніне бейім екені анықталды делік . Болашақ таңдап отырған мамандығы- программист.  Ол мамандықты игеру үшін оқушыға программалау тілдерін меңгеру керек Турбо-Паскаль , QBasic, VISUAL BASIC, Delphi орталарында программалауды білуі қажет.

 

Оқушы  Турбо-Паскаль , QBasic  тілін меңгерген

 

Оқушы прогроммист болуы үшіін қажетті программалау тілдерін  10-11 сыныптарда меңгеруі тиіс, ол үшін ол информатика пәнінен «Программалау» курстарын оқуы қажет.

Жеткен нәтиже мен  жоспарланған нәтиже арасындағы алшақтық байқалса, онда проблемаларды айқындау. Яғни ең алдымен қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажетті білім деңгейі туралы ойлануы керек. 9- сынып оқушысы  оқу жылының  аяғында    10-11 сыныптарға арналған  жеке  өзіндік бейініне қарай оқу жоспарын  жасауы қажет.

Қорыта  айтқанда,  «Мен және менің өмірлік жоспарым» жобасы : «Мен өмірде қандай болуым керек , ол үшін неден арылып, неге ұмтылып, не істеуім керек» деген мәселені қамтитын, баланы өзі белгілеген межеге жетелейтін, құштарлығын арттырып, ішкі сезімін оятатын, өзін танып — біліп, өзін-өзі тәрбиелеуге, кез-келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарауға бағыттайды,  болашақ мамандыққа дайындық жасауға  және де өз қабілеттерінің құрылымы, дамытудағы түзетуді дер кезінде көруге мүмкіндік береді.

Осы жобаның нәтижесінде оқушы сұранысы анықталып, мектептің бейінді оқыту бағыты анықталады. Бейінді оқытудың қол жеткізетін нәтижелері:

  • оқушы өзі таңдаған бағдарда тереңірек білім алуға, алғашқы кәсіптік білім алуға мүмкіндік алады;
  • өзінің қабілеті мен бейімділігіне қарай білім мазмұнын таңдап оқуға қолы жетеді;
  • білім алушының даму кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі дамыта, басқара отырып, өсу траекториясын белгілеуші болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  

    бағдарламасы// Егемен Қазақстан -2004-16 қазан-3-4 бет.

  1. М. Жүнісова. Г. Айтжанова. «Мектепте бейінді оқыту». // Өзгеріс. №3  2006.  Қарағанды.
  2. Сатова А.К. 9-сынып оқушысының кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған диагностикалық дәптер//

    Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО, 200 ж2005

  1. Білім беру мекемелерінің қызметін зерттеу бағдарламасы. Әдістемелік ұсыныстар.//12 жылдық білім. 12-

   летнее образование  журналы, 57-73 бет.

  1. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.// Астана 2006.