Педагогтың жобалаушылық-зерттеушілік әрекеті /педагогтар үшін семинар-практикум/
Педагогтың жобалаушылық-зерттеушілік әрекеті
/педагогтар үшін семинар-практикум/
Мақсаты: Белсенді танымдық-шығармашылық әрекет арқылы педагогтардың ғылыми танымын дамытуға қажетті теориялық, практикалық құзыреттіліктер жүйесін қалыптастыру.
Ұйымдастырылу формасы: тренинг
Семинардың ұйымдастырылу барысы:
- Тренердің кіріспе сөзі /инноватика/ слайд-1
- Сауалнама №1
Мақсаты: Педагогтың өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін анықтау
Төмендегі сұрақтарға тиісінше ұпай қою арқылы жауап беріңіз.
5— тұжырым мен үшін шынайы толық сәйкес келеді,
3- сәйкес келеді, 1- мүлдем сәйкес емес
- Мен өзімді тануға ұмтыламын
- Үй шаруасы және жұмыспен айналыса отырып, өзімді дамытуға уақыт табамын.
- Кездескен кедергілер менің белсенділігімді арттырады
- Өзімді танып, бағалау үшін кері байланыс іздеймін
- Арнайы уақыт бөліп, өз әрекетімді сараптаймын
- Мен өз сезімім мен тәжірибеме талдау жасап отырамын
- Мен көп оқимын
- Өзімді қызықтыратын сұрақтар төңірегінде көп пікір таластырамын
- Өз мүмкіншілігіме сенемін
- Ашық болуға ұмтыламын
- Маған қоршаған адамдардың ықпалын сезіне аламын
- Өзімді кәсіби тұрғыда дамыту ісімен айналысамын және оң нәтижелерім бар
- Мен жаңа білім алғаннан қанағаттану сезіміне бөленемін
- Жауапкершіліктің артуынан қорықпаймын.
- Мен қызмет бабында өсуге ұмтыламын
15 — 35 — даму тежелген |
36 — 54 — өзін-өзі дамыту жүйесіз, нақты жағдайға ғана байланысты |
55 — 75 — даму белсенді |
- Сауалнама №2
Мақсаты: Педагогтың кәсіби тұрғыдан дамуына кедергі келтіруші және ынталандырушы факторларды анықтау
Төмендегі сұрақтарға тиісінше ұпай қою арқылы жауап беріңіз.
5— иә, 3-әрі жоқ,әрі иә , 1- жоқ
Кедергі келтіруші факторлар
- Жеке басымның белсенділігі
- Бұған дейінгі сәтсіздіктен пайда болған немқұрайлылық
- Басқарушылардың көмегі мен қолдауының жоқтығы
- Сіздің жақсы бағытқа қарай өзгерісіңіз бен ұмтылысыңызға деген қоршаған адамдардың теріс көзқарасы (қызғаныш, көре алмаушылық)
- Басқарушылар мен әріптестеріңіздің Сіз туралы теріс ақпараттары
- Денсаулық жағдайы
- Уақыттың жетіспеушілігі
- Тұрмыстағы ресурстардың тапшылығы
Ынталандырушы факторлар
- МЛ ғылыми-әдістемелік жұмыстар
- Курстарға қатысу
- Әріптестердің үлгісі және ықпалы
- Басқарушылардың үлгісі және ықпалы
- МЛ еңбек жағдайлары
- Басқарушылардың қолдауы
- Сенім
- Инновациялық әрекеттер
- Өзін-өзі дамыту бағдарламасы
- Жұмысқа деген қызығушылық
Ынталандырушы факторлар | Кедергі келтіруші факторлар | Іс-шара |
- Қатысушыларды топқа бөлу
- Тренинг ережесін таныстыру
- «Сөйлеушіге құрмет» ережесі;
- «Дәл қазір және осы жерде» ережесі;
- «Көтерілген қол» ережесі;
- «Әрбір минут құнды» ережесі;
- «Қысқа, әрі нұсқа» ережесі;
- «Қарсылық білдірсең, дәлелің» ережесі;
- «Ұсыныс жасау» ережесі.
- №1 жаттығу: «Ғалым бейнесі» Топтағы жұмыс регламенті -3 минут
- Ғалымның сыртқы бейнесін сипаттаңыздар.
- Ғалымның сөйлеу мәнері қандай болу керек?
- Ғалымның қызығушылығы мен дүниетанымы қандай?
- Ғалым қандай ым-ишара (жест, мимика), қозғалыс жасайды?
- Ғалымның тұрмысы және туысқандарымен қарым-қатынасы қандай?
Топ спикері 1 минутта топтың пікірін ортаға салады
Тренер: Топтардың пікірінде айтылған қасиеттер мен қабілеттер бір адамның бойында толығымен кездесуі мүмкін емес. Ғалымның бірнеше типі кездеседі.
- №2 жаттығу: «Ғалым тұлғасының типтері» Топтағы жұмыс регламенті –
5 минут. Топтарға үлестірмелі карточкалар таратылады.
Ғалым тұлғасының типі: «Жасаушылар» | 1. Факт жинаушы . Оны жаңа фактілер ғана қызықтырады. Бұл жаңа фактілер бұған дейін жарияланбағандықтан, барлығы бірдей қызықтырады және оларды бағалауға тырыспайды. Ол жақсы бақылаушы және өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Олар басқаларға қажетті материалдарды да жинақтаудан бас тартпайды. 2. Жетілдірушілер. Алдыңғы типтегі ғалымдарға ұқсас. Олар зерттеудің ғылыми аппараты мен әдістерін жетілдіруге ұмтылатыны сонша, соңғы нәтижеге жетуге асықпайды. Факт жинаушылар сияқты олар да зерттеу материалдарын өзінің бір бөлігі ретінде қабылдайды. Жетілдірушілер дараланып тұрады, қиялы ұшқыр және өз жұмысын қатты сүйеді. |
Ғалым тұлғасының типі: «Ойшылдар» | 1. «Кітап құрты». Негізінен өте зиялы болады: философияға, математикаға және статистикаға бейім екенін үнемі көрсете алады; биохимия мен биофизиканың күрделі теориялық аспектілерінен жақсы хабардар. Кітапханада өткізген уақыты білімді тәжірибелік тұрғыда іске асыруға кедергі келтіреді. Эксперимент жасау үшін ол сол салаға қатысты мәселелерді толық зерттейді де бұл мәселенің толық зерттелгеніне немесе эксперименттен өткеніне көзі жеткен соң, эксперимент жасаудан бас тартады. 2. Классификатор. «Классификатор» факт жинаушыларға ұқсас, бірақ, өзара мазмұндас фактілерді жинайды. Олар бір жағынан теоретиктер, себебі, нақты объект туралы жалпы фактілерді жинай отырып, сол фактілердің табиғатын талдауға бара бермейді. Классификаторлардың заманауи ғылымның дамуына айрықша еңбектері сіңген. Жаратылыстағы құбылыстарды идентификациялау мен жүйелі классификациялау – теорияны іске асырудың алғашқы қадамы. Классификаторлардың жаны — шынайы ғылыми; олар табиғаттың құпияларынан да ләззат алады, Дегенмен, оны әрі қарай басқа құбылыспен байланыстыруға ұмтылмайды.
|
Ғалым тұлғасының типі: «Ойшылдар» | 1. Аналитик. Аналитикалық жұмыс классификациялаудың алғы шарты болып табылады, бұл әрекетсіз ешқандай зерттеу толық іске аспайды. Өкінішке орай, аналитик кез-келген затты бөлшектеу – оны кейін қалай қайта құрастыруға болатынын білу, жетілдіру мақсатында іске асырылатынын ұмытып кетеді. 2. 2. Синтезатор. Оның синтезаторлық таланты негізінен практикалық және интеллектілік дағдыларынан. Синтездеуге деген қабілет түрлі салаларда байқалады: химия, өлшеу жүйесі, пластикалық хирургия. «Синтезатор» — ғалымдардың жоғарғы деңгейдегі типі, себебі, анализ бен классификация синтездеу үшін қажетті шарт қана. |
Ғалым тұлғасының типі: «Сезімталдар» | 1. Босс. Оның басты мақсаты –табысты нәтиже . Табысқа жету үшін де нәтижені пайдаланады. 2. Шапшаң орындаушы. Олар нені болса да тез орындауға асығатыны сонша, тіпті оның не істеу керек екенін ойлануға да уақыты болмай қалады. Олар өзінің еңбекқорлығының және оңтайлы жағдайды пайдалана алу қабілетінің арқасында өзін қызықтырған сұрақты емес, шешуі оңай сұрақты зерттеуге тырысады. 3. Балық. Ол демонстрациялауға бейім скептик. «Ештеңе етпейді, ұнжырғаңыз түспесін», « Бұл іске аспайтын шығар» «Өз көзқарасыңызды дәлелдей алмадыңыз, дәлелденер ме екен?», «Сіз бұны алғаш ойлап тапқандардың бірі емессіз…» деген тіркестерді жиі айтады. Қоғамда «Ешкімге міндетсіме» деген тәртіпке бағынады. Жұмысының соңы «Жетістік те жоқ, әрекет те жоқ, қателік те жоқ» болып аяқталады. 4. Өзін сүюшілік. Эгоцентризм негізінде ол өз талантына ризашылықпен өмір сүреді және сол талантын іске асыру үшін кез-келген шығынға барады. Кез-келген операцияны іске асыру үшін олар бұған дейін кездескен қиындықтар мен кедергілерді естен шығарып, жетістікке ұмтылады.
|
Ғалым тұлғасының типі: «Сезімталдар» | 1. Агрессивті даукес. Ғылыми пікірталастарда оны тек өзінің ойының дұрыстығы ойландырады және өзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін күмәнді аргументтерге де сүйенеді. Олар өздерінің бір ауыз сөзімен немесе бір ғана әрекетімен бұған дейін қалыптасқан ұжымды да таратып жебіре алады. 2. Акула. Оның басты ойы – өзінің атын шығару. Әріптестерін үнемі түрлі келіспеушіліктерімен жалықтырады, басқалардың ғылыми ізденісі бұған дейін дәлелденгенін, зерттелгенін айтып, еңбекті жоққа шығарады. Дегенмен, олар өздерінің пікірінің дұрыстығына көздері жетіп тұрса, өте табанды түрде дәлелдей алады. 3. Періште. Ойы да, ісі де, сөзі де ақылды Мейірім мен Шындықтың жақтаушысы. Ол періштенің ролін ойнамайды, шын мәнінде періште. Өкінішке орай, олардың саны өте аз:адамзаттың милионнан бірі десе де болады. 4. Періште-сымақ. Ол періште кейпін имитациялайды. Өзінің салмақты іс-әрекетімен «ғылымның атасының» ролін ойнайды. Әріптестерінің жақсы мен жаманды, қажет пен керек еместі айыра алмайтын жағдайларда «жанашырлық» танытады. Бұл тип те сирек кездеседі. |
Карточкада берілген ақпаратты топта талдап, танысады. Тренер уақыт өткеннен кейін карточканы жинап алады. Енді ретке санау арқылы жаңа топтар жинақталады.
Жаңа топта әркім бұған дейінгі топта талқыланған ақпараттарды ортаға салады, өзгелерге түсіндіреді. Регламент 12 минут
Бірнеше жетелеуші сұрақтар қойылады.
Тренер: Кім өзін төмендегі типтерге жатқызады? (Жасаушылар, ойшылдар, сезімталдар)
- №3 жаттығу: «Зерттеуші-педагогтың қасиеттері»
Әрбір топқа зерттеуші-педагогтың бойындағы қасиеттерді жазуға тапсырма беріледі.
/3 минут/
Топтағы пікірлер когнитивті, креативті, ұйымдастырушылық-әрекеттік типтерге жинақталады да алдын ала дайындалған материалмен толықтырылады. /слайд/
Тренер: Зерттеу жүргізу үшін шешілуі тиіс проблеманы табу керек. Проблеманы анықтау-күрделі мәселе. Проблема белгілі мен белгісіздің арасындағы көпір. Проблема теория мен шынайы факт арасындағы қарама-қайшылықтан шығады. Кез-келген зерттеуші қарапайым заттан немесе құбылыстан жаңаны көруе білуі, басқаға қалыпты болып көрінетін жағдайдан қарама-қайшылық таба білуі қажет. Проблеманы көре білуді қалыптастыру үшін бір затқа немесе құбылысқа бірнеше позицияда қарау керек.
- №4 жаттығу: «Объектіге деген көзқарасты өзгерту». Регламент 5 минут
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша ұсынылатын ойды аяқтау қажет.
… Күзгі аспан қара бұлтқа оранды да, артынан қар жауды. Жапалақтаған қар үйлерге, ағаштарға, газондарға, жолдарға, тротуарларға қонып жатты….
Берілген ойды келесі рольдерде аяқтау қажет:
- Аулада достарымен қыдырып жүрген бала.
- Жүк машинасының жүргізушісі
- Ормандағы қоян немесе түлкі
- Қала әкімі
- Балабақшаға, одан кейін жұмысқа асыққан жас ана
Топ спикері топ жұмысын ортаға салады.
Тренер: Проблема анықталғаннан кейін оны шешу үшін тақырып таңдалады. /слайд/
Педагогтың ғылыми-зерттеу бағдарламасының негізгі құрылымы беріледі.
Кіріспе бөлім
- Зерттеу жұмысының өзектілігі /Таңдалған мәселенің қазіргі қоғамдағы маңызы, зерттеу мәселесін таңдауға түрткі жөнінде қысқаша айтылады/
- Проблема мен тақырыпты негіздеу
- Зерттеу объектісі мен пәні
- Зерттеудің жетекші идеясы
- Зерттеу мақсаты мен міндеттері
- Зерттеу болжамы
- Күтілетін нәтижелер
- Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы
- Зерттеу кезеңдері
Негізгі бөлім
Зерттеу кезеңдеріне сәйкес іске асыру жоспары беріледі. Зерттеу мақсатына сәйкес міндеттерді шешу барысындағы әрекеттер ғылыми тұрғыда негізделіп, сандық және сапалық нәтижелерімен беріледі.
Қорытынды бөлім
Зерттеу болжамы мен соңғы нәтиже арасындағы қатынас сипатталады. Ұсыныстар жасалады.
Ресурстар
- Рефлексия /слайд/