Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби  өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты

 

І. Кіріспе

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

 

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — әр жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту қажеттігі тұжырымдалғаны тегін емес. Қазіргі заманғы білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл отқарады. Демек, осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде елімізде білім алушылар үшін баршаға бірдей сапалы білімге, үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуге кеңінен жол ашылып, коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту мүмкін болмақ.

Білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.
Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсаттардың бірі – жастарды сапалы біліммен, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Орыс педагогі К.Д.Ушенскиий айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Мұғалімнің мақсаты: Білім, ғылымның даму қарқыны, өндірістің үнемі жаңа құралдармен жабдықталуы, заман талабына сай жаңалықтар ашу бізге өмір бойы оқып – үйренуді талап етеді. Осыған орай, қазіргі кезде білімді үздіксіз жетілдіріп, «өмір бойы оқу» қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте мемлекет тарапынан өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оған жағдай жасауц қарастырылған. Басты мақсат – адамдардың білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Міндеті: Білім беру адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс — әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

ІІ.  А) Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері

Бүгінгі қоғам – үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Ақпараттың маңызы өскен сайын ол тез ескіретін болуы да заңды құбылыс. Қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласын қамтып отырған ақпараттық – технологиялық инновациялар ел дамуына шешуші рөл атқаратын маңызды факторлардың біріне айналып отыр.

Білім беру саласын ақпараттандыру қоғамды ақпараттандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да білім беру мекемесінің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың білім мазмұнының жаңаруына сай сапалы білім алуына қажетті мүмкіндік жасау, яғни жоғары ақпараттық – коммуникациялық әлеуеті бар білім беру ортасын құру.

Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері:

  • Кәсіптік жаңашылдық қызметі;
  • Біліктілігін көтеру;
  • Кәсіптік тұлғасы;
  • Әдістемелік жұмыстар;
  • Сыныптан тыс жұмыстар;
  • Педагогикалық қоғамдық қызметі.

Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

  1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтиже үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру;
  2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағытттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту бүгінгі таңда әдістемелік жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруды көздейді. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады».

Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  • педагогикалық – психологиялық деңгейін көтеру;
  • оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу;
  • өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
  • авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету;
  • педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.

Мұғалімнің кәсіби өсуінің өзекті мәселелері:

  • кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту;
  • біліммен қамтамасыз етудің ғылыми — әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту;
  • оқытудың алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою;
  • білімдегі жаңашылдықты саралау;
  • білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру;
  • қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Мұғалім жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде әрбір ұстаз өз пәнінің аясында қалып қоймай қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек ете білуге баулуда кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт қызметкерлерінің атқаратын жұмысы аз болмайды. Олар:

  • заман талабына лайықталған курстар ұйымдастыру;
  • оқу семинарларын ұйымдастыру;
  • байқаулар, олимпиадалар, конкурстар;
  • педагогикалық оқулар, т.б.

 

Ә) Мұғалімнің кәсіби ізденісі.

Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияларды ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпы адамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырылуда.

Ұрпақ тәрбиесінің өзектілігі қазіргі таңда қоғам алдында бұрынғыдан да өткір қойылып отырылуына байланысты, тек білім беруде ғана емес, тәрбие саласында да жаңа технологиялардың қажеттілігі сөзсіз артуда.

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — әржақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілеттерін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Себебі, педагогикалық, психологиялық зерттеулерге сүйенсек, мұғалімнің жоғарғы оқу орынында алған теориялық білімді қайта жетілдіру қажет етеді.

Ендеше педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, олардың педагогикалық, әдістемелік жағынан өсуіне аудандық білім бөлімі, мектептегі әдістемелік кабинеттің, Қызылорда қаласындағы ИПК институтының ықпалы орасан зор.

Педагог қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады. Мұғалім қызметі басқа еңбек түрлерінен өзінің ерекше шығармашылық сипатымен өзгеше. Өйткені, нағыз педагог болу үшін үнемі іздену, өз білімін заман талаптарына сай ғылыми – теориялық ақпараттармен толықтырып отыру қажет.

Тәрбие бағытында өз кәсіби біліктерін арттыруға келетін облыс педагогтарымен курс барысында кеңінен пайдаланылып жүрген арттерапия, СТО, АКТ, жобалау, дебат технологиялары, тәрбиенің интерактивті әдістері, соның ішінде тренингьер, топпен жұмыс, т.б. жоғарыда аталған технологияларды да тереңірек зерттеп, өз жұмыстарына шығармашылықпен пайдалану — әр педагогтың кәсіби деңгейінің жоғарылауына апаратын бірден – бір төте жол дер едік. Қай технологияны пайдалансақ та, қанша жерден жаңашыл педагог атансақ та ұлттық тәрбиені, халық педагогикасын жадымыздан шығармайық, яғни өз тамырымыздың үзілмеуіне күш салғанымыз абзал.

 

Еліміздің білім беру ордаларында уақыт талабына сәйкес инновациялық технологияны қолдану арқылы жаңаша дәріс беру өмір талабынан туындап отырғандығы мәлім. Сондықтан оқушыларға білім беру маманы ретінде сабақта тек пән бойынша дәріс берумен ғана шектелмей, «Халық педагогикасы» саласына қарасты «Ата дәстүр» тәрбиесін заман талабына сай ұштастыра білудің мәнінің зор екендігіне көз жеткізіп келемін.

Жалпы орта мектепте оқушыларға оқу – тәрбие саласы бойынша дәріс беруде әр мұғалім өзінің пәнін игеруде өзіндік ұстанымы болуы керек.

Күнделікті іс – тәжірибе көрсетіп келе жатқандай, күн өткен сайын жетілген заман талабына сай инновациялық тұрғыда біліктілікті ұштастыру әр пән мұғалімінің үйреншікті ісі болуға тиіс.

Өзім дене шынықтыру пәні маманы ретінде біліктілік ұстанымы арқылы оқушыларға дәріс беріп, оны іс – тәжірибеден өткізіп жүрмін, қорытындысы оң нәтиже беріп келеді. Өз алдыма осындай мақсат қою арқылы «Ақсеңгір» мектебінің мұғалімі Сыдықов Іскендір ағамыздың «Қазақстан мектебі» журналына шыққан ізденістерін өз сабақтарымда және оқушы тәрбиелеуге пайдаланудамын.

 

 

Талғам                         Танымдылық                         Құштарлық

 

 

 

Оқушылардың өзіндік                Пән бойынша өзіндік                Өзіндік көкейкесті

жеке талғамы бойынша            танымдылығы бойынша           мәселеге қызығушылық

негізгі мақсаттарға                 алдына тиісті мақсат            таныта отырып оны орындай

жету жүйесі                                      қоя білу                        білу тәсілдеріне шеберлік

танытуы

 

 

 

Міндеті                                         Міндеті                                     Міндеті

Оқушылардың білімге                  Алдыңа өзіндік жеке                   Оқушыларға өзіндік

деген қызығушылығын          мақсат қоя отырып білімділік          білім беру мақсаттары

арттыру арқылы білімге             шеберлігін жан – жақты               арқылы педагогикалық

деген икемділіктерін              ұштастыруда педагогикалық           шеберлікті жетілдіру

іс жүзіне асыра білуге                    жетістіктерге жету,                  және ұстаздық беделдің

дағдыландыру                       шығармашылықпен үнемі             жоғары дәрежеде болуын

айналысу                                    іс жүзіне асыру

 

 

«Алға қойған мақсатым – оқушылардың білім деңгейлерін заман талабына сай үйлестіре отырып білім стандарты бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу» — деп, Іскендір ағамыз айтқандай, менің негізгі мақсатым: «Білім мен тәрбие берудің әр кезеңіндегі баланың тұлғалық дамуының нәтижесі – адамның болашақтағы азаматтық ұстанымының, табысты, әлеуметтенуінің негізін қалау» болып табылмақ. Осы орайда дене шынықтыру пәні бойынша оқушылар осы ұстаным арқылы

2012 – 2013 оқу жылы бойынша мынадай табыстарға қол жеткізді:

— Шахматтан 14 жастағы жасөспірімдер арасындағы аудандық жекелей біріншілікте ІІІ орынмен А.Қаражанова  және Б.Жақсымұратовтар «Мақтау» қағазымен мараптталды;

— Қазақ күресінен 1998 – 1999 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы ІV – ші ауылдық «Алтын белдеу» жарысында 46 кг салмақта І орынмен Ә.Амангелді «Мақтау» қағазымен марапатталды;

— Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты волейболдан қыздар арасындағы аймақтық жарыста І орынмен «29 мектеп» командасы «Мақтау» қағазымен марапатталды;

— Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты волейболдан қыздар арасындағы аймақтық жарыста «Үздік шабуылшы» номинациясымен А.Тоғызбаева марапатталды;

— Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты волейболдан қыздар арасындағы аймақтық жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Ж.Сейітжаппар марапатталды;

— Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты волейболдан қыздар арасындағы аудандық жарыста ІІ орынмен «29 мектеп» командасы «Мақтау» қағазымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды; т.б.

 

ІІІ. Қорытынды

Сонымен қорыта келе айтарым, мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін дамыту проблемасын талдау, болашақ мұғалімдердің оқу үдерісінлегі іс — әрекетінің мазмұны мен құрылымын талдау қазіргі заманғы жаңа формация мектептерінде жұмыс істеуге қабілетті болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзіндік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясын кеңейіп, ақпарттық – компьютерлік іс — әрекетінің практикалық сұранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде мұғалімнің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл – ой, сана – сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. «Қазақстан мектебі» №11, 2012ж;

 

  1. Жаңа білім беру жүйесі, Уикипедия – ашық энциклопедиясы;

 

 

  1. Интернет ақпараттық жүйесі;

 

  1. Қ.Р – ның « Білім туралы» Заңы;

 

 

  1. Қ.Р – ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы