«География пәнінен ҰБТ-ге дайындау тәжірибемнен»

«География пәнінен ҰБТ-ге дайындау тәжірибемнен»

 

 

І. Кіріспе

Оқу-оқушының негізгі таным әрекеті

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тест-оқушы білімі мен дағдысын қалыптарстырудағы қазіргі заманның озық технологиясы.
  2. География пәнінен ҰБТ-ге дайындау тәжірибемнен

ІІІ. Қорытынды

1.Тест-оқу үрдісіндегі нәтижелі білімнің, тиімді әдіс-тісілдердің өлшемі.

 

 

Кіріспе.

1.Оқу-оқушының негізгі таным әрекеті.

Қазақстан Республиканның Президентінің Қазақстан халқына

1-наурыз 2006 жылғы Жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін сапалы білім берумен қамтамасыз етуіміз керек» деп атап көрсетті.

Елбасының осы ұсынысын қолдай отырып, оқушыларға жан-жақты білім беріп, іргелі оқу орындарының студенттері болуына біздер, мұғалімдер, бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаға кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет.

Мектептің негізгі міндеттері-баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу-ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.

Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында түрған міндет.

Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс. Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған дұрыс. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат- міндеттерін анықтауға үйрету керек. Бала оқытып, тәрбиелеу мен айналысатын барша педагог қауымның басты міндеті әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке түлға қалыптастыру. Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдан алатындай жағдайға жетуі тиіс. Ол үшін өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың мағызы өте зор.

Баланың оқу-әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, оқушы төмендегідей білім мен дағдыларды меңгеруге және психологиялық талаптарға ұмтылу керек.

  1. «Мен істеймін»-деу арқылы өзінің көңілі ауған адамдарға ұқсауға тырысып, еліктеу яғни, өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысу, осылайша, жіберген қателіктері мен жетістіктеріне талдау жасау, атқаратын жұмыстың тетігін табу.
  2. «Мен үшін керек» деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу, ізденсе, оқыса өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу, өзіндік түйсігін ояту.
  3. «Мен істей аламын» деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қара, қоғам талабына бағыну керектігін сезіну, өзін және өзгені сыйлау қажеттілігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін өзін төзімділікке тәрбиелеу.

Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады.  Ол –оқушының таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады және сөйлеу әрекеті арқылы іске асады, нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап ізденуден басталады. Ойлау белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Оқушылардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б.

Оқыту әдістері мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше оқыту әдісі-оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі.

Ю. К. Бабанский оқыту әдістерін ұш негізгі топқа бөлді:

А) Оқу-танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері.

Ә) Оқу-танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері.

Б) Оқу-танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері.

Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынта -ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы, сарамандық жұмыс жасау сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-оқушының өзінің танымдық белсенді әрекеті.

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

2.Тест-оқушы білімі мен дағдысын қалыптарстырудағы қазіргі заманның озық технологиясы.

Қазіргі әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналған. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр.

Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.

«Тест» термині көптеген зерттеушілердің айтуынша ағылшын тілінен енген. Ол «байқау, бақылау, зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Педагогика тарихында тест пайдалану 140 жылдан астам уақытты қамтиды. 1864 жылы ағылшын ғалымы Джордж Фишер қарастырып, оны Гринвич госпиталы мектебінде пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруді Америка психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған деп есептейді. Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру АҚШ, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австрия т.б елдерінде кеңінен тарай бастады.

2004 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы» қабылданып, соның негізінде елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жүйесі құрылды. Ұлттық Бірыңғай Тест жүйесі –оқушы білімінің обьективті көрсеткіші.

Білім беру нәтижесін тексеру барысында тест пайдаланудың ең маңызды артықшылығы-уақыттың үнемделуі. Тест оқушыларды шамадан тыс жазба жұмыстарынан босатады, мұғалімнің бақылау сын тапсырмаларын тексеріп, бағалау жұмыстарын жеңілдетеді. Тест тапсырмаларын орындағанда оқушылар мейлінше аз жазып, көп ойланады, салыстырады, сараптайды, қорытындылайды. Мұндайда оқушылар өз қателерін тауып сол жерде түзетеді, өздерінің жетістіктері жайлы біле алады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізудің мақсаты:

1.Білім беру ұйымдарының қызметін обьективті бағалауға;

2.Олардың нақты рейтингтерін анықтауға;

3.Жалпы орта білім беру мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуға;

4.Оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын дәлелдеу

5.Оны толық меңгеру – оқушының, меңгерту- мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі міндеті- мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын  әділ бағалау. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу- білім беру басқармасының жұмысын айқын көрсетіп, оқушылар мен ұстаздардың  бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш. Тест әдісінің тағы бір ұтымды жағы-  оқушылардың білімін тексеруге уақыт үнемдейді, өздері сол үрдіске тікелей араласатындықтан, қызығып белсенділіктерін арттырады. Бірақ ҰБТ-ның өз жетістігі, кемшілігі бар. Тест оқушыны жан-жақты терең білім алып шығармашылық қабілетін дамытуға,  логикалық ойлау жүйесін дамытуға, психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік бермейді. ҰБТ-ні сәтті тапсыру- педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндеті. Жалпы, ҰБТ-ға дайындық 9-сыныптан бастап тиянақты түрде жүргізіліп отыруы қажет. 11 сыныпта сабақтар жүйелі түрде өтіп, онда оқушылар 10-11 сыныптың материалдары бойынша әр түрлі формадағы тест сұрақтарын шешіп отырады. Әр тоқсанның аяғында тест формасындағы дайындық емтихандары өткізіліп отырса, оқушылардың тоқсан бойы жинаған мәліметтерін бекітері анық.  Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.

Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық –оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.

Тест тапсырмаларының

«жабық тест», «балама тест», «анықтау тест», «тіке жауап тест», «ашық тест», «сәйкестік тест», «толықтыру тест» сияқты жеті түрлі формасы қолданыста жүр.

Белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші, соңғы нүкте – Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің сапалы өтуі алдымен  мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында. Ал жоғарғы нәтижеге жету үшін не істеу керек? Ең алдымен өзіңнің жұмыс күніңнің жоспарын дұрыс құрып алу керек. Оған жүйелі түрде дайындалу үшін жыл басында ҰБТ-ге қатысатын оқушылар нақтыланады, мұғалім өзіне және оқушыларымен дайындық жұмыстарына жоспар құрады. 6-11 сынып география оқулығымен қамтамасыз етілуін қадағалаймын. Жұмыс барысында әр оқушыға жеке папкалар ашылады. Оқушы жүргізілген әр жұмысты жауап парағына дұрыс жауабын белгілейді. Мұғалім оқушы білімін тексеріп, жинаған ұпай санымен  бағалайды. Оқушы бағасы арнайы журналға  қойылып оқушының мониторинг көрсеткіші бетшесінде ұпай деңгейі көрсетіледі. Сондай-ақ тоқсан сайын әр оқушының жұмысына анализ жасалып отырады. Тестіге дайындық кезінде оқушыларға тесті тарата салып, жауаптарын ғана жазып алып отырсақ, ол нәтиже бермейді. Оның нәтижесін талдау оқушының өзіне қалдыру керек. Мысалы, тестіге дайындау дәптеріне қайталап сұрақтарын жазғызу. Келесі сабақта талдау, мысалдар арқылы нақтылау. Оқушыларға бір-бірінің қатесін тапқызып, теория мен практиканы ұштастырамыз. Оқушымен тестіні талдау арқылы, үнемі нақтылы жұмыс жасау арқылы жоғары сапа көрсетуге болады.

ҰБТ дайындығы  ата-анаға тікелей байланысты.

Оқушылардың ҰБТ-ны сәтті тапсыруы ата-аналардың көңіл-күйі мен қарым-қатынасына байланысты екендігі баршамызға мәлім.Бұл орайда,балаларға тестіге жақсы дайындалу үшін мыналарды есте ұстау қажет деп санаймын:

1.Баланың көңіл-күйін бұзарлықтай қауіп-қатер туралы жалған сөзге бармаңыз.Өйткені стресске түскен баланың бойында қатты үреніш тууы мүмкін;

2.Балаңызбен өткен тақырыптары бойынша қайталауға көмектесіп,сырласа отырып ой бөлісіңіз.Сонда бала бойында өз-өзіне деген  сенімділігі арта түседі;

3.Үй ішінде баланың сабаққа дайындалуына толық жайлы атмосфера қалыптастырыңыз;

4.Пән мұғалімімен кеңесе отырып,тест тапсырмаларының түрлі нұсқаларын дайындап,балаңызға ұсыныңыз.Нәтижесін тексеріп, «жаман емес», «сенің мүмкіндігің мол,сен бәрін білесің»деп мадақтап отыруды әрдайым айтуды естен шығармаңыз;

5.Сынақ тапсырар қарсаңында балаңызға толық демалыс беріңіз.Сынақ туралы ойлап,күйзелмеу үшін оны театрға,спорт ойындарына,табиғат аясына серуендеуге т.б.нәрселермен айналысуын ұйымдастырыңыз.Бұл бала бойында сарыуайымшылдықтан арылып,физиологиялық және психологиялық жағынан тұрақтылығын сақтауға таптырмас жайттардың бірі бола алады;

6.Сынақ алдында да,сынақтан кейін де балаңызды сынап-мінемеңіз;

7.Балаға балл саны оның мүмкіндіктерінің нақты көрсеткіші болып табылмайтынына сендіріңіз.

Жоғарыда айтылған бұл қағидалар қай кезде де өз мәнін жоймайды деп есептеймін.

Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың үш жолы бар:

  1. Алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін маман болу керек;
  2. Оқушы 6-11 сыныптың материалын тесті жаттау арқылы емес, география бағдарламасында берілген әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы іс жүзіне асыру керек;
  3. Пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып берілген білімнің сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы жүйелеп, үлгерім процесін шығару керек. Сонда ғана Бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі болады.

 

 

 

 

 

 

 

3.География пәнінен ҰБТ-ге дайындау тәжірибемнен

 

Мен өз тәжірибемнен айта кетсем, «Білім негізі-бастауыштан»

дегендей,6-сыныптан бастап оқушылардың тақырыптық материалды

теориялық тұрғыдан дұрыс меңгеруге күш салып,қатаң қадағалау жасадым.Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып,пәндік тақырыптарды ұғыну үшін түрлі географиялық ойын элементтерін жиі қолдануды әдетке айналдырдым.Географиялық терминдерді оқушы жадында қатаң сақтауы үшін сөзжұмбақ,чайнворд,ребус,т.б. ойландыратын,әрі бала қызыға орындайтын тапсырмалармен жұмыс жасаттым.

7-сыныптан бастап сыныптардың деңгейіне топтап тапсырмалар бере бастадым.Түрлі үлестірмелі парақшалар беріп,сұрақ-жауап түріндегі дәстүрлі сабақ әдістерімен қатар,  басқаша әдіс-тәсілдерді де кеңінен  пайдалана бастадым.Еліміздің және дүние жүзі бөліктерінің өзіне тән табиғаты мен ерекшеліктерін,бұрын білмеген елдер,оларды зерттеген ұлы саяхатшылар туралы әңгімелей отырып,оқушыларға үй тапсырмасы бойынша немесе алдағы өтетін тақырып бойынша көрнекіліктер мен кеспе карталарды дайындау және оны қорғауды ұсынып отырдым.Сонда байқағаным,біріншіден,бұл балалардың пәнге қызығушылығын арттырады,екіншіден,топтық жарысу арқылы белсенділік пен бәсекелестік туындап, пәнді терең меңгеруге құлшыныс артады,үшіншіден,әр топ жұмысының арасындағы байланыс арқылы жүйелілікке үйренеді,төртіншіден,кітаптағы жайттарды білуге ұмтыла отырып (мысалы,Шоқан Уәлиханов зерттеген туысқан қырғыз халқының мекендеп отырған жері,өзен-таулары қалай аталатынын,қайда орналасқанын карта арқылы қарап іздеуі,т.с.с.),оқушылардың бойында ойлану,қиялдану,білмекке құмарлық  секілді сезімді арттыра түскенін біліп,жадыма тоқыдым.   8-сыныпта тақырыптық-теориялық білімді меңгертуде түрлі географиялық атаулар мен терминдерді,тапсырмаларды арнайы ашылған жұмыс дәптерлеріне түсіртіп,әр тақырып арасында тексеріп, сұрап отырдым.Нәтижесін әр оқушыға арнап ашқан журналыма жазып қоямын, оқушылардың әлі де қай тақырыпты баса қарау керектігін оқушыға жеке-жеке отырып ескертемін.Сонымен бірге,түрлі карталармен (кескін,геологиялық,геохронологиялық, климаттық,т.б)тақырыптар барысында жұмыс жасатуға баса назар аударамын.Бұл орайда,оқушыны жалықтырмай,қызыға ұмтылушы- лығын арттыру үшін дүниежүзі географиясын туған еліміздің географиясымен тығыз  байланыстыра отырып оқытуды ұмытпадым.Мысалы, «Қазақстанның климаты»тақырыбын оқыту барысында бірдей географиялық ендіктерде немесе бойлықтарда орналасқан Қазақстанның қалаларын Еуропа,Азия,Америка,

Австралия,Африка құрлықтарындағы қалаларымен салыстырттым.

Бұл,бір жағынан,оқушының өз бетімен картамен сауатты жұмыс жасауына мүмкіндік тудырса,екінші жағынан,түрлі елдердің географиялық орналасуын,қалаларын,жер-су,таулары мен қырат-ойпаттарын,т.б.жөнінде мағлұматтарын толықтырып,келешекте сол тақырыпты өткенде еш қиналыссыз меңгеруіне септігін тигізді.9-10-сыныптарда күнделікті тақырыптарды оқыта отырып,оқушының өздерінің оқып,түсіндіруіне көбірек мүмкіндік жасадым.Деңгейіне қарай топтасқан әр топқа түрлі үлгідегі тестілер  құрастыруға тапсырмалар бердім. Бұл жерде пән мұғалімі ретінде, тестілік тапсырмалардың көлемі мен оқу сағатына лайықталуын,жас ерекшеліне,теориялық тұрғыдан дұрыс жасақталуына аса мән беріп,тексеріп алуды  қаперден шығармадым.11-сыныпта жыл басында-ақ арнайы жасақталған жылдық және іс-шаралар жоспарына сай жұмысты қолға алдым.Өткен сыныптарда жинақталған тестілік материалдарды тарау-тарауға бөліп,тест тапсырмаларымен толық жұмыс жасауға кірістік.Өзімнің  арнайы ашылған журналымда әр оқушыны бақылау,сараптау,талдау жасау секілді жанама бақылау жазбаларын жазып отырдым.Және бір ескеретін жай әр топтағы оқушыларға күрделіден оңайға қарай,оңайдан күрделіге қарай тапсырмалар алмастырылып берілуін  ұмытпадым.Бұл оқушылардың жалықпауына,шаршамауына,ынта-жігерінің бәсеңсімеуіне өзіндік әсерін тигізеді.Сонымен бірге,пән мұғалімдері оқушыларға психологиялық көмек көрсетуге дайын болуы шарт.Ол үшін мектеп психологына жүгірмей-ақ,түрлі психологиялық тестер,анкеталар,

әңгімелер,тренингтік ойындар өткізуді меңгерген де артықтық етпейді. Бұл мұғалімнің оқушы алдындағы беделін,оқушының оған деген сенімін арттыра түседі.Сонда бала күнделікті сабақта өз шығармашылығын ұштап,мұғалімге көмекке өзі ұмтыла түседі.Тестке дайындық кезінде балаларға тест тарата салып,жауаптарын жазып алып отырсақ ол нәтиже бермейді.Оның нәтижесін талдау тағы да оқушының өзіне қалдырылуы керек. (Бұл орайда, апта сайын өз журналыма сараптама жазып,білім меңгеру нәтижесі туралы мониторинг жасап отыруды ұмытпадым.)Мысалы,тестке дайындалу дәптеріне қайталап сұрақтарын жазғызу. Келесі сабақта талдау,

мысалдар арқылы нақтылау.Қате жіберген сөздердің дұрысын жазып, топтарға сол сөзге байланысты тест сұрағын құрастыру.

Мысалы, «Қазақстан өзендері» сөзіне 30 сұрақ, «Қазақстанның көлдері» сөзіне 10 сұрақ құрастырады.Тест сұрақтарын талдауда міндетті түрде теориялық ұғымдарды қайталатып,жатқа айтқызу бірге жүруі керек.Бұл бізді «Тестік тапсырмамен бағалау оқушының сөйлеу тілін дамытпайды»деген түсініктен арылтады.

Қазіргі таңда қоғамдық-экономикалық жағынан «сұранысқа қарай ұсыныс жасалатынын»ескерсек,еліміздің жетекші салаларына сұраныс артып отырғаны белгілі.Бұл экономикасы нарыққа негізделген біздің елімізде қалыптасқан білім беру мамандықтарына да өз әсерін тигізуде.Осы орайда,таңдау пәні ретінде география пәнінің маңыздылығын оқушыға да,ата-анаға да кеңінен насихаттап,кең көлемде ақпарат беруді де ұмытпау керек.Бұл пән мұғаліміне өз ролінің,болашақ үшін жасап жатқан еңбегінің зор екендігін сезіндіріп,зор шабытпен жұмыстануына жол ашса, оқушы үшін болашақ мамандығына қажетті білім нәрін терең сіңіруіне жол салады.

Сонымен,география пәні бойынша елімізде 15 мамандыққа таңдау жасауға болады екен.Атап айтсақ: Құқық және экономика;Әлеуметтік жұмыс;География;Кәсіптік білім;Тұрм қызмет;Экономика; Туризм;

Менеджмент;Есеп және аудит;Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару;Маркетинг;Гидрометерология; Геодезия және картография;Су ресурстары.

Пән мұғалімі ретінде, география пәні бойынша 2006-2007 оқу жылынан бері мектебіміздегі  шығармашылық топтың құрамында тест тапсырмаларымен айналысамын. География пәні оқушы таңдаған төртінші пән ретінде алынып келеді.  Біздің мектеп бітіруші түлектер де қалаған мамандығына сай 4-ші пән ретінде географияны таңдап келеді. Өзім 2006-2007 оқу жылынан бастап төрт жыл қатарынан тестіге дайындадым. Нәтижесінде, оқушыларым үлкен жетістікке жетіп еңбегімді толық ақтады деп мақтана аламын.

Атап айтқанда:  2006-2007 оқу жылында 10 оқушы-70%

                         2007-2008 оқу жылында  11 оқушы-73 %

                         2008-2009 оқу жылында 10 оқушы -90 %

                         2009-2010 оқу жылында 12 оқушы-91 %

                         2010-2011 оқу жылында 3 оқушы -100%

Сөз соңында қорыта айтсам,мен оқушыларды  география пәні бойынша  дайындағанда, алдымен бөлімдерінен өткен  барлық материалдарды оқыту, талдау, сараптау,  әр түрлі бақылау тәсілдері арқылы бағдарламаны толық меңгертемін.  Білім сапасының қаншалықты нәтижелі деңгейде екенін білу үшін, апта сайын мониторинг арқылы сараптаймын. Тест жинақтарында берілген варианттарды жаттаудың   ешбір қажеті жоқ. Жаттау арқылы нәтижеге жетем деушілік, уақытты бос өткізгенмен бірдей. Сондықтан пән мұғалімдері тақырып бойынша, оқу материалдарын оқып, талдап, түсіну арқылы ғана білім сапасын арттыруға болады деген тоқтамға келдім.Ұстаздың қажырлы еңбегі шәкіртінің білімімен сараланатынына толықтай көз жеткізе отырып,барша ұстаздарға айтарым: ұрпақ үшін аянбай жұмыс жасағанымыз- болашағымыздың жарқын болуына қосқан үлесіміз болмақ демекпін.

 

 

ІІІ. Қорытынды

Тест-оқу үрдісіндегі нәтижелі білімнің, тиімді әдіс-тәсілдердің биік өлшемі.

Тест-оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру үрдісінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, әртүрлі оқу әдістерін салыстыруға мүмкіндік туғызады.

Дегенмен де әрбір жаңа жүйенің кемшіліктері болатындығы және сол жаңа жүйеге көпшіліктің алғашқы кезеңде сенімсіздікпен және түсініспеушілікпен қарауы-заңды құбылыс.

Ал іс тәжірибе жинақтап айтылған ескертулерді саралай отырып, бұл кемшіліктер жойылатын болады. Қазіргі кезде қайтсем баламды оқытамын деп шапқылап дүрген ата-аналарадың қатарының көбеюі де қуантады.

Өмірге келген соң, әр адам өзінің биімділігіне байланысты қоғамға пайдасын тигізгісі келеді. Ең бастысы қандай мамандық иесі болсаң да еңбекке қабілетті, зейінді, парасатты болуың керек. Сонда ғана өзіңнің жемісіңнің тәттісін ажырата аласың.

Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге  мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі. Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

Тест тапсырмалары оқушылардың пән бойынша дайындығына қойылатын  талаптар  мазмұнына сәйкес  алынады.  Нәтижеге  әрбір  оқушының  бағдарламалық  материалды  минимальді  деңгейін  қалай  игергенін  дәл  анықтауға  мүміндік  болады.  Әрине  тапсырмаға  барлық  оқушыға  бірдей  міндетті  емес,  білім  дәрежесі  жоғары  қабілетті  оқушылар  үшін  арнайы  есептер  мен  сұрақтар  енгізілуі  мүмкін.  Барлық  оқушының  шамасына  лайықтап  тапсырмалар  таңдап  алу  білімі  нашар  және  орта  дәрежедегі  оқушылар  үшін  өз ісі мен біліміне  деген  сенімділік  туғызып,  пәнге  деген  ынтасын  арттырса,  қабілетті  оқушыларды  терең  білім  алуына  бағыттайды.

Оқу  тесті  негізінен  тақырыпты,  тарауды   немесе  курсты  оқушылардың  қандай  дәрежеде  меңгергенін  қысқа  мерзімде  анықтау  үшін  құрылады.  Ол  мұғалімнің  оқушы  білімінде  қандай  олқылықтар бар  екенін  анықтаумен  қатар  оқушының  өзі де  қандай  қажетті  білімдерді  игермегенін  біледі.

Тест  жүйесі  оқушының  тоқсандық,  жылдық  және  қорытынды  білім  дәрежесін  тексерудің  тиімді  жолы  болып  табылады.

Тест  материалдары  екі  деңгейде  құрылуы  мүмкін.

  1. Міндетті оқу нәтижесі  талаптарына  сай  деңгейдегі бөлім.
  2. Қиындық дәрежесі жоғарырақ,  оқушының  алған  білімін  жаңа  жағдайларға  қолдана  білу  мен  шығармашылық  іс-әрекеттерді  қажет  ететін  деңгейдегі  тапсырмалар.

Сондықтан  қай  сабағымда  болмасын  тест  тапсырмаларын  жүйелі  түрде  қолданып  отырамын.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

  1. География және табиғат. №1-2005ж
  2. География және табиғат. №5-2008ж
  3. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. №6-2007ж
  4. Тәрбие құралы. №6-2005ж
  5. Білімдегі жаңалықтар №1(25)-2009ж
  6. Білімдегі жаңалықтар №2(26)-2009ж
  7. Білімдегі жаңалықтар №2(6)-2004ж
  8. Білімдегі жаңалықтар №3(11)-2005ж
  9. Білімдегі жаңалықтар №4(16)-2006ж
  10. Қазақстан мектебі №4-2009ж
  11. Қазақ тілі мен әдебиеті №5-2007ж