Адамгершілік – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары

Адамгершілік – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары

Ұлт өмірін өркендетуші саналы да, сауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасатты мол, мәдени, ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Халық ұрпағын  өзіне дейінгі  қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Халқымыз жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліп, кейінгіге талай ұлағатты сөздерін, іс – тәжірибелерін қалдырған.  «Баланы туады екенсің, мінезін тумайды екенсің», — деп қазақ халқы жақсы тәрбиенің ықпалына өте – мөте үлкен мән береді.

Тәрбие өмір бақи үздіксіз жүретін үрдіс болса да, қазақ халқы тәрбиені «Сегіз қырлы , бір сырлы» деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.Жас ұрпақтың бойына  рухани – адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне терең көзқараспен қараған.Ол үшін алдымен  өзің үлгілі озық бол, әуелі көп алдында өзің көрсет,балаңды бетімен жіберме, бесіктен белі шықпаған сәби шағынанжақсылыққа үйрет, жамандықтан аулақ болсын деген міндеттерді қойды.Мәселен, өткен  замандардың бір данасы  Сенека: «Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге  арқылы ұйыту оңай» деген екен. Сондықтан да балаларға білім беруде  адамгершілік тәрбиелерін басшылыққа  алу – басты  парыз.

Адамгершілік құндылықтарды , рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне айналдыруға ата – бабамыздың салт – дәстүрлері мен тәжірибелерін меңгерте отырып, яғниәлемдік өркениеткееліміздің төл құндылығымызбен, ұлттық рухымызбен үлес қосуға мүмкіндігіміздің бар екендігін ескеруіміз қажет.Жас ұрпақтың  айналадағы  өмірден  алған әсерін анықтап, педагог  тарапынан  ауызша айтылған ақыл – өнегені  зердесіне  бір сөзбен ғана  жеткізіп орнықтыратын ,  адамгершілік  қасиеттерге баулып, оны жүрегіне жастайынан ұялату  құралы – тәрбие баспалдақтары.

Адамгершілік  құндылықтарды,  рухани  ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне  айналдыруға  ата – бабамыздың салт – дәстүрлері мен тәжірибелерін  меңгерте отырып, яғни әлемдік  рухымызбен  үлес  қосуға  мүмкіндігіміздің  бар  екенін  ескеруіміз  қажет. Жас  ұрпақтың  айналадағы  өмірден  алған  әсерін анықтап, педагог  тарапынан  айтылған  өнегені зердесіне  бір  сөзбен  ғана  жеткізіп  отыратын,адамгершілік  қасиеттерге  баулып,  оны жүрегіне  жастайынан  ұялату құралы- тәрбие  баспалдақтары.

Тәрбиенің  қайнар  бұлағы  сарқылмас  көзі- халықтық педагогика.  Халық  педагогикасын  қолданғанда  біздің  көздеген  мақсатымыз  — жас  ұрпақты  еңбекке  үйрету, өнер-білім  машықтарын  меңгерту,отбасының  ауыл-аймақтың  , ел-жұрттың  намысын  қорғауға,ата-бабасының  қанына  сіңіп,тері  тамған  атамекеннін  сүюге  баулып,ізгі  адамгершілік  қасиеттерді  бойына  қалыптастыру.

Осындай   ұлттық  асыл  қасиеттеріміздің жас   ұрпақтың  бойына,ақыл-парасатына  азық  ете  білуді қалыптастыру  жолында  сыныпта  және  сыныптан  тыс  өткен  тәрбиелік  іс-шаралардың мәні  өте  зор.  Өз  ұлтымыздың  әдет-ғұрпын  , салт-дәстүрін  жетілдіру  барысында   атқарылған  жұмыстарға  тоқталайын.

Ата-аналармен  жылдың басында  «Ата-ана  және  бала  тәрбиесі», «Бала  тәрбиесі  баршамыздың  міндетіміз», «Бала- ата-ананың  бауыр  еті»  тақырыптарында  кеңес, «Ұстаз,Ана,Бойжеткен» , «Сырлас  жеңге, сұлу  қыз»  тақырыптарында  сайыс  өткізілді.Бұл сайыстарда ұлтымыздың қыз бала тәрбиесіне үлкен мән беретіндігі ескріліп, биязылық , инабаттылық , нәзіктік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұлттық бұйымдарды  қолдана отырып, шағын қойылымдарды, ойындар, жағдаяттар шешу , түрлі сұрақтарға жауап беру, бірнеше тапсырмалар  орындау арқылы тақырып мазмұны ашылды.Бұл сайыстарда оқушылар өзін көпшілік ортада ұстай білуге, бір – бірімен қарым – қатынас жасай отырып, мәдениеттілік, адамгершілік қасиеттерді тани біледі.

Ұлттық тәрбиенің атадан балаға ұласатын асыл құндылықтарын жас жеткіншектердің санасына сіңіру мақсатында  «Қонақты қалай қарсы алу керек ?»,  « Тарих менің үйімде» тақырыптарында өткізген  тәрбие сағаттары  ұлтымыздың  асыл қасиеттерінен  сыр шертіп, оқушылардың бойында халқымызға тән ізгі қасиеттерді бойларына сіңіруге  көп әсерін тигізді. Бастауыш кластар арасында  ертегілерден кейіпкерлердің  адамгершілікті таңдауларын адалдықтың , шыншылдықтың  адамды бақытқа  жетелейтінін түсіндіру мақсатында «Ертегінің сыр сандығын ашайық» тақырыбында  апталық өткізілді.Сонымен қатар, осы бағытта негізделген әдіс – тәсілдер, саулнама, тест, пікір алысу, ата – ана жиналысын түрлендіріп өткізу шаралары оқушының адамгершілік қасиетінің белсенділігін арттырары сөзсіз.

Халық педагогикасында : «Жаман арба жол бұзар, жаман адам ел бұзар», «Алтын белдік белге жарасар, Асыл адам елге жарасар», «Екі жүзді пышақтан сақтанба, Екі жүзді адамнан сақтан », — деген сол сияқты мақал – мәтелдерді тәрбие ережесі деп түсіну де керек.

Отбасында ата – ананың үлгі – өнегесі, амандақ – саулық сұрауы, ізет сақтауы, өзара сыйластық көрсетуі тәрбиеде тиімді ықпал еткен.

«Ұлдың ұяты, әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Мейірімі мол ананың – жүрегі жылы, қолы кең» бұл сияқты қағидалар ата – аналардың мейірімді, қайырымды, тәртіпті, тәрбиелі, өнегелі болуының әсер, ықпалын танытады.

Сонымен , жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз – оларды жоғарыда айтылған мінез – құлқын, тәртібін, адамгершілік сезімі мен санасын белгілі бір нысанаға бағыттап қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесі адамның барлық әркетіне , әдетіне және барлық мінез – құлқына дұрыс бағыт береді жөн сілтейді.Адамгершілік мәдениеті дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады.Шындығында, адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі.Себебі қазіргі заманда қоғам мен мемлекет өзін таныған, түсінігі мол, ұлтын сүйетін, қоғамдық еңбегі мен кәсібі, дағдысы,іскерлік негіздері қалыптасқан рухан сау, табиғи мықты, жалпыадамдық және ұлттық әдет – ғұрпын іске асыра білетін,рухани жағынан жетілген жан – жақты адамды тәрбиелеп, кәмелетке жеткізуге міндетті.Осы бағытта жүргізілген әр жұмысымызды  халық педагогикасы негізінде өткізудің нәтижесінде келешекте қазіргі заманға сай «сегіз қырлы , бір  сырлы» өнерлі, өнегелі, сұлу да батыр, адамгершілік қасиеті жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп шығатынымызға сенімдімін.