Информатика пәнінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы

Информатика пәнінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы

 

Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғары мақсаттарының бірі болып отыр. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.

Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.

Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі.  Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жек тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады.  Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың зерттеуге арналған еңбектер өте аз,  тіпті жоқтың қасы деуге болады.Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.   Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясында негізгі мәселелердің бірі болып табылады.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны мен өтлізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс

Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Сыныптан тыс жұмыс – бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы

 

 

 

 

 

 

әртүрлі іс-әрекеттері мен іс – шараларын ұйымдастыру болып табылады. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін  жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтілетінг сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен  ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымен қызығушылықтарын арттыра түседі.

Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі « іс-әрекеттері мен іс – шараларын » ұйымдастыру.

            Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу — тәрбиелік іс – шаралар.

Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттарымен міндеттері.

Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжіибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын  қалыптастырады.

Сыныптантыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

  1. Баладан жағымды «Мен» — тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:

А) Өзіне басқа адамдардың жақсы көз қараста екендігіне сенімділігі;

Б) Өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;

В) өзінің маңызды орын алатынын сезіну. Жағымды «Мен» — тұжарымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.

Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін қабыілеттері мен  мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс — әрекетін бақылауын қалыптыстырады. Сонымен қатар әртүрлі жұмыстар баланың іс – тәжірибесімен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.

  1. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу.

Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сынаптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.

Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

  1. Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.

Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметттерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің

( алкоголь,нашақорлық, тәртіп бұзушылық т.б.) көбеюімен көкейкесті болып тұр.

  1. Әлемтанудағы адамгершілік эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру.

Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.

  1. Танымдық қызығушылықтарды дамыту.

Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үлгісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің – мамандық таңдау мен еңбекке кәсіпке баулуды шешеді.

6.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кезде келеңсіз жағдайларды алдын алуда баланың бос уақытын педагогиканың ұйымдастыру қажет.

Оқушылар тәртәбі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту оларды оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу қажет.

Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Кіші сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды және жарқын болуын талап етеді. Ондай іс – шаралардың ойын түрінде өткені тиімдірек.  Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек біразы ғана қатысады. Және бұл оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланбаған болып келеді, сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен өтуі тиіс.

Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдеру мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білім көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өз ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Мұғалімнің міндеті — әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру.

Жоғары сынып оқушылары – бұлар болашақ жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп  пен қызмет саладағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моралдық тұрғыдан жетілген жәіне жоғары талап қоя алатындай  физикалық жағынан да, ақыл-ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздері өз-өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.

Сыныптан тыс кездегі информатикадан шығармашылық қабілеттіліктің даму тәсілдері осы салада жинақталған педагогикалық  тәжірибеге, нақты педагогикалық материалдарды ұйымдастыруға, оқыту тұжырымдамасына, дидактикалық принципке байланысты екені көрініп тұр. Осы айтылғандардың негізінде, алдымен сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру мәселесі қойылады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстардың мақсатын, міндетін және қызметін айқындап алу керек.

Сыныптан тыс жұмыстар келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:

  1. Оқушының өзіндік концепциясының қалыптасуы;
  2. Ұжымдық жұмыс істеу дағдысын қалыптасыруға қолайлы жағдай жасау;
  3. Оқушылардың қоғамдық қызмет түрлерімен танысып, оларды өз бетінше ұйымдастыруына ықпал ету;
  4. Танымдық қызығушылығының артуы;
  5. Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстар оның бағытын, мазмұнын, формасы мен әдістерін анықтайтын жалпы принциптер негізінде жүргізіледі.

Сыныптан тыс жұмыстардың принциптері:

  1. Мақсатқа негізделген;
  2. Сыныптан тыс жұмыстың өмірімен, еңбекпен және тәжірибемен байланыс принципі;

 

 

 

  1. Оқу-тәрбие процесінің бірлігі мен тұтастық принципі;
  2. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі;
  3. Тәрбие процесіндегі белсенділік және өзіндік қызмет принципі;
  4.  Жас және жеке тұлғалық ерекшелігін ескеру принципі.

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны: баланың жеке тәжірибесінде бейімделген әлеуметтік тәжірибені, эмоциялық көңіл күйді сипаттайды және келесі факторлармен сипатталады.

  1. Танымдық қызмет – оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға арналған.
  2. Бос уақытты қызықты өткізу қызметі – оқушылардың демалысы мен ұжым арасындағы достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған.
  3. Еңбек қызметі – түрі еңбек түрлерін ұйымдастыруға негізделген.
  4. Шығармашылық қызмет – оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен пәнге бейімділігін нығайтуға арналған.

Сыныптан тыс іс – шаралардың кейбір түрлері:

  1. Информатика кеші;
  2. Информатика бойынша сұрақ-жауап;
  3. Іскерлік ойындар, сынып сағаты;
  4. Информатика бойынша пікірталас;
  5. Жарыс, байқау, сайыс. Сөзжұмбақ.
  6. Олимпиада. Информатика бойынша үйірме;
  7. Көріністер;
  8. Информатика бойынша факультатив сабақтар;
  9. Мектеп басылымы;
  10. Экскурсия.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың тиімді түрі ұжымдық шығармашылық жұмыс. Ұжымдық шығармашылық жұмысты өткізудің кезеңдері:

І – кезең – мақсат қою. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай мақсат пен міндеттер қойылады.

ІІ – кезең – ұжымдық жоспарлау. Іс – шараның негізгі қызықты идеялары таңдалынып, оның өтілу түрі мен ұйымдастырылуы айқындалады.

ІІІ – кезең – ұйымдастыруға дайындық.

IV – кезең – жұмысты жүргізу. Жұмыс кеңесі эмоциялық қалып, қызығушылық атмосферасын шығармашылықты тудыруы үшін жағдай жасайды.

 V – кезең – ұжымдық (жеке) талдау. Мұнда іс – шараның өтілу барысы мен сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады.

VІ – кезең – ұжымдық шығармашылық жұмыстың нәтижелері. Педагог мақсатқа жету жолдарын, ұйымдастырылу мен өтілудің барлық кезеңдеріндегі өзіндік іс – қимылын, өзінің кейінгі әрекетін анықтап, баға береді.

Сабақтан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді.

Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізетін жұмыс мысал бола алады.

Оқудан тыс жұмыс – бұл негізінен оқушылар ұжымдарында мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-өзі басқаруы, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар.

Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының жеке дара аясы болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс іс-шаралардың кейбір түрлерін қарастырайық

Информатикадан факультативтік сабақтар мектепте негізінен сегіз сыныптан бастап жүргізіледі. Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді тереңдту мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын дамыту, олардың қабілеттерін дамыту, оқушылардың бойында қызығушылықты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қалыптастыру, олардың шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты түрлері берілген факультативтік курстың түйіндік сұрақтарын мұғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілмен), семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар), есептер шығару, оқушылардың рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша да), оқушылардың баяндамалары, т.б. болып табылады.

Информатикадан факультативтік сабактарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаға материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерін ойдағыдай өтуге септігін тигізеді.

Олимпиадалар. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі. Информатикадан олимпиадалар сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешеннің (дәрістер, кештер, үйірме жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі болғанда көп пайда келтіріледі. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша ынталандырмасы. Олимпида – оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.

Олимпиадалар әр түрлі деңгейлерде өткізіледі: мектепшілік, аудандық, қалалық,

Сонымен бірге олимпиадалар информатиканы оқытудың жалпы деңгейіне де жақсы әсер етеді, оқушылардың білім сапаларын анықтауға мүмкіндік береді және жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттай отыра қандай да бір дәрежеде мұғалімге бағыт бреді. Бірақ олимпиадалар оқушылар үшін жаңа, оларды қызықтыратын ақпараттың елеулі көзі болып табылмайтындығына, сондықтан тереңделіп дайындаудың негізгі түрі бола алмайтындығына назар аудару керек.

Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың информатиканың өмірмен, олардың болашақ  мамандықтарымен тікелей байланысты көрнекті түрде көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың алғышарттарын анықтайды, ал кейбіреулердің бойында ізденушілік іс-әрекетке ұмтылысты туындатады.

Үйірме – сыныптан тыс жұмысиардың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады. Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп олардың бойындағы информатикаға қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Әрине, үйірме мүшелерінің арасында үлгерімі төмен оқушылардың болуы мұғалімнің жұмысын күрделендіреді, бірақ үйірме жетекшілері беретін тапсырмаларды дараландыру жолымен бұл қиындықтарды жеңілдете алмады. Ең бастысы – үйірме сабақтарына барлық тілек білдірушілердің қатысуы салдарынан пайда болатын информатикадан үйірме сабақтарының бұқаралығын сақтап қалу.

Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушыларды қызықтырып, оларға үйірмедегі жұмыс сынып сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп, алдағы жұмыстың мақсаттары мен ашық сипатын айқын тұжырымдау керек. Үйірме сабақтарын әрбір сабаққа бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет өткізген жөн.

Үйірме жұмысын ұйымдастыруға оқушылардың өздерін тартқан дұрыс (оларға оқылатын тақырып бойынша шағын баяндамалар дайындауды, нақты бір тақырып бойынша есептер мен жаттығулар іріктеуді, тарихи сипаттағы анықтамаларды дайындауды, сабаққа бағдарламалық құралдарды дайындауды, т.б. тапсыру). Үйірме сабақтарында мұғалім пікірлер алмасу мен белсенді пікірталас атмосферасын құруы керек. Информатикадан

 

 

 

 

 

 

үйірме сабақтарының тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы. Үйірме жұмыстарының тақырыптарында информатиканың тарихымен, программалық жабдықтың әртүрлі түрлерімен, информатиканың математикалық негіздерімен байланысты мәселелер орын табады.

Пәндік апталар, онкүндіктер, айлықтар пәнге қызықтыру мен пәнаралық байланыстарды орнату үшін өте маңызды. Оларды бір пән бойынша да, бір немесе бір-біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер (математика, физика, технология) бойынша да өткізуге болады. Оқушылар жаңа материалды ойындық түрде білу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге қосымша әдебиет пен интернет компьютерлік желісін пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізу, ұсынылатын тақырыптар бойынша жобалық жұмыс орындау мүмкіндігін алады. Ұсынылатын тапсырмалар мен шаралардың барлығы оқушылардың әртүрлі жастағы топтарын қамтиды және оағн әркім қатыса алады. Мүмкін тақырыптар: «Информатика және техникалық прогресс», «Информатика және менің мамандығым», «Информатика әскери техникада» және т.б. Таңдалынған тақырып бойынша дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Онкүндік (апта, айлық) аясында жоғары оқу орындарының ғалымдарымен, программистерімен кездесу, орын алғандарды марапаттау конферециясымен аяқталатын викториналар, әңгімелесулер, ең үздік информатик сайысы, т.б. өткізіледі.

Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойғы жұмысының қорытындыларын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің бағдарламасын, іс-шаралар мен көңіл күй көтерудің түрлерін мұқият ойластырады, кешке арналған материалдарды іріктейді.: қалжың есептер, тарихи мағлұматтар, сөзжұмбақтар, маңызды тәрбиелік мәні бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбының намысы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушылардың бойында жеңіске жетудегі табандылықты, сабырлықты қалыптастырады.

Информатика пән бойынша викторина – бұл өзіндік ойын түрі. Викторинаны үйірме сабақтарында немесе жеке сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізген тиімді (сабақтан тыс уақытты). Викторинаға арналған тапсырмалар шағын, тез түсінетіндей, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шешіле алатындай болуы тиіс. Әдетте сабақтарда шешілетін типтік есептер викторина үшін қызықсыз. Есептерден басқа викторинаға информатика бойынша әр түрлі сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге викторинаға қалжың есептерді қосады. Викториналарды толығымен қандай да бір тақырыпқа арнауға болады, бірақ аралас викториналар қызықтырақ өтеді.

Сөзжұмбақтар. Практика мұғалім мен оқушылардың әріптестіктері мен шығармашылық бірлестіктері, өз бетімен білім алу мен өзін-өзі бақылау идеяларын жүзеге асыру оқушылардың танымдық белсенділігін оятып, нәтижелі оқытуға жетелейтіндігін көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыстың да, сабақта білімді тексерудің де қалыптан тыс түрлерінің бірі – сөзжұмбақтар құрастыру және оларды шешу. Сөзжұмбақтарды пайдалану,оларды құру мен шешу оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді, өз ойларын нақты, қисынды және қысқа түрде білдіруге үйретеді. Сөзжұмбақтар құру жұмысы оқушыларды жақсы дамытады, себебі онда көп нәрсені еске түсіру, анықтамалықтарды, оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту керек болады. Жұпты жеке дара, жұптар, топтар бойынша ұйымдастыруға болады. Егер оны жарыс тұрғысында ұйымдастырса, онла ол ешкімді енжар қалдырмайды.

Сайыс – мақсаты оқушылардың ғылымның, өнердің, спорттың қандай да бір облысына қызығушылықтарын арттырып, үздіктерін анықтау болып табылатын ұжымаралық немесе жеке дара біріншілік жарыс. Бұл жұмыс жеке үлгі түрінде немесе мектеп мейрамының, кештің, үйірме жұмысының құрамдас бөлігі, тақырыптық және есеп берушілік түрінде бола алады. Сайыстарға орай оқушылардың компьютерлік шығармашалығы көрмелерін ұйымдастыруға болады.

Іскерлік ойындар – оқушылардың бойында шешім қабылдаушы адамның ролінде нақты іс — әрекетті мүмкіндігіншее толық сезінуді туындату үшін нақты зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайға ұқсас нұсқасын пайдаланатын белсенді оқыту тәсілі. Олар құрал-жабдықтық есептерді шешуге бағытталған: нақты

 

 

іс-әрекет туғызу, нақты мақсаттарға жету, қатысушылардың іскерлік қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру. Балалармен өтетін іскерлік ойындар әдетте қарапайым сюжетті болады, оларды ұйымдастыру семинары түрінде өткізуге болады.

Информатика пәні бойынша диспут – бұл сыныптар арасында сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі.  Осындай мақсаттардың ең маңыздысы – бұл өтен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралығындағы материалды, анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады.  Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалы дәл, жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кйеін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Левина Е.С. О некторых путях развития позновательного интереса учащихся к информатике. Сб.статей «Изучение основ информатики и ВТ в средней школе: Опыт и перспективы» М. «Просвещение» 1987г.
  2. Белошапка В.К. Лесневский А.С., Штырлина И.А. Опыт ведения факультативных занятий по информатике и вычислительной технике. Об статей «Изучение основ информатики и ВТ в средней школе: Опыт и перспективы» М.»Просвещение» 1987
  3. «Информатика негіздері» журналы 2011 жыл №1
  4. «Информатика негіздері» журналы 2010 жыл №3
  5. «Информатика негіздері» журналы 2008 жыл №4
  6. «Информатика негіздері» журналы 2008 жыл №1