Адамгершілік әліппесі

Тақырыбы: Адамгершілік әліппесі

Мақсаты:

1.Оқушыларға адамгершілік туралы түсінік беріп,Ойларын еркін жеткізіе білуге дағдыландыру;

2.Сыни тұрғыдан ойлау іскерліктерін қалыптастыру арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытып,дүниетанымдарын жетілдіру;

3.Адамгершілікке,мейірімілділікке,ақылды болуға тәрбиелеу;

Түрі: танымдық,өнеге сағаты

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,

Көрнекілігі:суреттер,кеспе қағаздар,гүлдер,топшамалар, слайдтар,нақыл сөздер.

Қатысушылар:3-сынып оқушылары

Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Сәлеметсің бе,Күн!/қолды жоғары көтереді./

Сәлеметсің бе,достым! /Достарын құшақтайды/

Сәлеметсің бе,әлем!/қолды жоғары көтеріп төбеге шеңбер сызамыз./

Сәлеметсің бе,ғасыр!/қолды жоғары көтеріп,әрі-бері былғаймыз./

Сәлеметсіңдер ме,мейірімді жан ұстаздар,ата-аналар!/ Иіледі./

ІІ.Негізгі бөлім.

Тақырыпты ашу.

Мұғалім:

Қымбатты балалар,бар назарымызды тақтаға аударайық та,адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік.

-Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адамгершілікке  қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толықтырайық.

*Адамгершілік-әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

 

 

 

Сенімділік                                                                                   Мейірімділік

 

 

 

 

Татулық

Сыйластық              Кішіпейілділік

Шыншылдық

Аяушылық

-Сонымен балалар,бүгінгі шараның тақырыбы “Адамгершілік-әліппесі”деп аталады екен.

/Оқушылардың ойын әрмен қарай толықтыру./

Мейірімді,қайырымды адам қай кезде де жақсылық жасауға дайын тұрады.Ондай қасиет адамның жан сұлулуығын,рухани байлығын,парасаттылығын көрсетеді.Адамның адамгершілігі-оның жоғарғы қасиеті.Өздерің айтып отырған ізгі қаиеттер  адам бойында болу керек.

Мұғалім сөзі:

“Адамгершілік әліппесі”журналы бойынша түсіндіру./Сонымен балалар,бүгін алғаш рет бұл журналдың алғашқы саны жарық көріп отыр./

-Енді мен сендерге адамгершілік қасиеттер туралы түсіндіріп өттім.Осы қаиеттер өз бойларыңда бар ма екен,ойланайықшы.

Айзат:

Жақсы болу өзіңнен,жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла.

-Енді балалар,алдымыздағы қағазға “мен”деген сөзге әркім сұрақтарға жауап беру арқылы толтырады.

 

Мен үшін не қажет?

 

 

 

 

Не істей аламын?                                         Кіммін?

 

 

Қандаймын?

Мұғалім сөзі:

Өзіміз туралы ойландық.Бәріңнің де бойларыңда жақсы қасиеттер  бар екен.Мен қуаныштымын.Болашақта да осындай жақсы қасиеттерге ие бола беріңдер!

Енді тақырыбымызды аша түсейік.

Көрініс: “Әжей алғысы”

Сұрақ:

1.Көрініс не туралы?

2.Кімдер жақсы іс жасады?

3.Көріністен не түйдіңдер?

  1. “Атаңа не істесең,алдыңа сол келер”дегенді қалай түсінніңдер?

Мұғалім сөзі:

Балалар, манадан бері адамгершілік туралы біршама нәрселер айттық.Сендер соныі бәрін ұқты деп есептеймін.Ойымызды одан әрі өрбітіп,бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген күннің суретіне назар аударайық.Жарқын күн көлегейленіп тұр.Күнді біз жан шуағын төгетін анамызға теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік.Ол үшін күн бетіндегі түнерген бұлттарды сейілтейік.Әр бұлттың бізге тапсырмалары бар екен,соны орындайық.

1-бұлт сенің шешуің не,сен неге түнере қалдың?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-бұлт.Осы тапсырманы орындасақ күн күлімдеп шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім сөзі:

 

Күн:Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағым,

Бәріңе ортақ шуағым-деп ашылды.Осы жарқын күндей адамгершілігі мол жажақтарыңа шуақтарыңды сеуіп үлкен азаматша болыңыздар!

Айсана:Ғылым таппай мақтанба.

Енді балалар,Жаңбыр жауғысы келіп күн түнерді.Сосын ашылды.Ашылған күн соңынан ақша бұлттар мен әсем кемпірқосақ шыққысы келіп тұр екен.Ол ойын ойнай отырып кемпірқосақ құрастырайық.Қалай қарайсыңдар?

Ойын “Жалғастыр.”

“Не істеуге болмайды?”

*Үлкендердің алдын………./ кесіп өтуге болмайды/

*Құстарды………………../атуға болмайды./

*Достарыңды………………./ренжітуге болмайды./

*Жаман сөз……………………./айтуға болмайды/

“Не істеу керек?

*Үлкенді………………./сыйлау керек./

*Ата-ананың тілін…………………../алу керек./

*Кішілерге……………………………………./қамқор болу керек./

*Тәртіпті……………../ керек./

*Ұстаздарды ……………../қадірлеу керек./

*Оқу-құралдарын……………../күтіп ұстау керек./

*Адамгершілігіміз…………./мол болу керек./

Ерасыл:

Нағыз адам болмын!

Бүгін титей баламын.

Әлі-ақ жігіт боламын.

Сонда, мүмкін, мен ғалым,

Әлде шофер болармын.

Әлде,әлде білсеңдер,

Жалғыз ғана талабым:

Ер жеткенде,ел сенер

Нағыз адам боламын!

Мұғалім сөзі:

Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бүлттан қорғадық.Артынан аспан шайдай ашылды.Әсем кемпірқосақта шықты.Міне осындай әсем табиғат аясына алтын ақылға толы “Адамгершілік ағашын” өсірсек қалай болады?

Алтын ақыл:

1.Әр күнді жақсы ой ойлаумен бастау керек.

2.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,күлдіргеніңді есіңе түсір.

3.Басқалардың  қажетіне жарай білуге талпын.

4.Тыныштық сақтай білуге үйрен.

5.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

  1. “Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі,жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі”-деген сөзді ұмытпа.

Осы әдемі ағаш сіздерге алдағы уақытта сая болсын!Үнемі ақылды,парасатты еңбекқор,адамгершілігі мол болып өсіңдер!

Сөз соңында сендер бұл шарадан қандай әсер алдыңыздар?

Сіздерге ұнады ма?/оқушылар мен  ата-аналар/