Италияның шаруашылығы. Сыртқы экономиклық байланысы
Қысқа мерзімді жоспар
| Апта | Күні, айы, жылы | Пәні | Мұғалімнің аты-жөні | Атырау облысы,Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектеп |
| география | Блялова Зерип Крымовна | 11 сынып |
Тақырыбы: Италияның шаруашылығы. Сыртқы экономиклық байланысы
| Сілтеме: | География дүниежүзінің аймақтық шолу 11 сынып. Авторлары: Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова, Ж.Достай Алматы: Мектеп 2011ж |
| Сабақтың мақсаты: | Білімділік: Италияның шаруашылығы оның экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланысы туралы оқып-үйрену; Дамытушылық: Италия туралы білімдерін дамыту арқылы жеке тұлғаның дамуына ықпал ету; Тәрбиелік: өзбетімен ізденуге, бір-бірін бағалай білуге, топтаса отырып ынтымақтастықта еңбек етуге тәрбиелеу. |
| Міндеттері: | Ел туралы білімдерін толықтырады және пікірлесіп ортақ шешімге келуге дағдыланады; Қосымша білім көздерін пайдалана отырып бірігіп тапсырмалар орындайды; Тақырыпты түсінуі, талдай алуы, сөздік қорын жүйелеп жеткізе алу |
| Сабақтың түрі: | Блум жүйесі
|
| Әдіс-тәсілдері:
| Ротация, «Көргенімнен түйгенім», «Бір сурет,бес сөз», «хат»,бағдаршам |
| Пән аралық байланыс | Тарих, 7 сынып географиясы
|
| Ресурстар, көрнекілік | Электронды оқулық, «италия ғажаптары» бейнежазба, карта, постер,пламастер, А-3 форматы |
Ұйымдастыру кезеңі —— минут
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| а) Амандасу, оқушыны түгендеу | а) кезекші мәлім етеді |
| ә) топқа бөлу (конверт) | ә) әртүрлі әдістермен топқа бөлінеді |
| б) топ ережесін қабылдау | б) сынып болып топ ережесін қабылдайды |
| в) сергіту сәті (Мюнстенберг) | б) сергіту сәтін өткізеді |
| Үй тапсырмасын тексеру————-минут | |
Қызығушылығын ояту
| Блум жүйесі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Тапсырмалар |
| Білу
| Өтілген тақырыпты «хат» ойыны арқылы еске түсіру
| Конверт ішіндегі сұрақты оқи отырып үй тапсырмасын еске түсіреді және отырғыш арқалығындағы жауапты табу арқылы топқа бөлінеді | № 1 «Серпілген сауал» |
| Түсіну
| Тақырыпты оқуға ұсынып, топтарға ортақ проблема лық сұрақтар беріледі.
| Әрбір топ пікірлесе отырып, ортақ ойларын түсіндіреді. 1-топ.Өнеркәсіптің қандай салалары және неліктен аса жоғары қарқынмен дамуда? 2-топ.Италия шаруашылығы ның жоғары деңгейде дамуына сыртқы сауда байланысының әсері бар ма? 3-топ.Ел шаруашылығында Солтүстік және Оңтүстік аймағының рөлі қандай? | № 2. Топтық тапсырма «Ротация» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді жазып отыру
|
| Қолдану
| Алған білімдерін дұрыс қолдана алуға, тапсырма лар беріледі. жұптық тапсырмалар беру арқылы оқушының өздік ізденісін жетілдіру
| Берілген тапсырманы тез дұрыс орындауға ұмтылады. Тапсырманы орындай отырып талдай алуға, елдерді салыстыра келе артықшылығы мен тиімсіз жақтарын анықтауға үйрету
| №3. Жұптықтық тапсырма. «Бір сурет,бес сөз» суреттері бойынша әңгіме айтады.
|
| Талдау
| Қосымша мәліметтермен жұмыс жасау, білімін толықтыру, сөз қорын жетілдіруге тапсырма беріледі
| Қосымша мәліметтерді хрестоматия, интернеттен , баспасөзден қарау арқылы жауап береді
| №4. Жеке тапсырма.Электронды оқулықты пайдаланып «Көргенімнен түйгенім» |
| Жинақтау (рефлексия)
3 минут
| «Бағдаршам» Қызыл-түсінбеймін Жасыл-барлығын түсіндім Сары-толықтыру Үйге:§ Италияның Қазақстанмен байланысы туралы мәліметтер қарау. | Оқушы сабақ бойынша өзінің білген түйгені бойынша қорытынды жасайды.
| «Бағдаршам» Берілген түстерді таңдайды Қызыл-түсінбеймін Жасыл-барлығын түсіндім Сары-толықтыру
|
| Бағалау 3 минут | «өз-өзіме хат» | Топ мүшелері өз-өздерін бағалайды
| Жазған хаттарын пошта жәшігіне салады |