Бунақденелілер
Бунақденелілер. Ауешова Гаухар, Шымкент қаласы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық мектеп-лицейінің химия-биология пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқукшылардың білім, білік дағдысын
қалыптастыру. Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.
- Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін- өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
- Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, плакаттар, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: Экология
Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
II Үй тапсырмасын сұрау.
III Жаңа сабақ.
IV Сабақты бекіту.
V Оқушыларды бағалау.
VI Үйге тапсырма беру.
I Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.
II Үй тапсырмасын сұрау.
- Тест жұмыстары
- Сұрақ – жауап.
- Жайылым кенелері туралы не білесің ?
- Тайга кенесі туралы не білесің ?
- Алма кенесі туралы не білесің ?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сынып үш топқа бөлінеді.
- Бунақденелілер деп аталу себебі неліктен және қандай түрлері бар ?
| Буынаяқтылар типі | 
| Бунақденелілер класы | 
| Класс тармағы | 
| туақанаттылар | 
| 
 | 
- Бунақденелілердің дене құрылысы неше бөліктен тұрады ?
- Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің сан алуандылығы.
| Шыбын | Сүзіп алу 
 | 
| Маса | Шаншып сору 
 | 
| Тарақан, қоңыз | Кеміруші 
 | 
| Балара | Кеміріп жалау 
 | 
| Көбелек | Түтік тәрізді ауызбен сорушы 
 | 
- Бунақденелілердің көбеюі:
а) Толық түрленіп даму дегеніміз не ?
жұмыртқа→дернәсіл→қуыршақ→имаго
б) Тура даму:
жұмыртқа→имаго
в) Шала түрленіп даму:
жұмыртқа→дернәсіл→имаго
| Тура даму | Қанатсыз бунақденелілер 
 | 
| Шала түрленіп даму | Ақпа, инелік, дәуіт, бит, қандала, шегіртке, бұзаубас | 
| Толық түрленіп даму | Қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар,т.б. | 
- Имаго дегеніміз не?
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталынады.
Имаго ( латынша имаго- ересек құрт дегенді білдіреді ).
- Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады ?
Энтомология деп аталады ( гректің « ентома » — бунақдене + « логос » — ғылым деген сөзінен шыққан ).
- Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.
IV Сабақты бекіту
| 
 | 
| 
 | 
- Тура даму:
| 
 | 
| 
 | 
| 
 | 
- Түрленіп даму:
| 
 | 
| 
 | 
- Толық түрленіп даму:
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
Бунақденелілер тақырыбын оқып келу.
