Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті.
7 сынып. Биология .
Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті.
Сабақтың мақсаты:
- Балықтардың сыртқы және ішкі ортасымен, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарап, шеміршекті және сүйекті балықтарды бірінен – бірін ажырата білуге үйрету.
- Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін ой – өрісін дамыту.
- Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру, топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі:зерттеу, кубизм әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, микроскоп, микропрепарат, сазан балығы, сазанның сыртқы және ішкі құрылысы.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 4 топқа бөлеміз.
І топ — шеміршекті балықтар.
ІІ топ – сүйекті балықтар.
ІІІ топ – бекіре балықтар.
ІV топ – албырт балықтар.
- Үй тапсырмасын сұрау. «Ой қозғау»
Үй тапсырмасына сұрақтар:
- Омыртқалы жануарардегеніміз не? Олар қай типке жатады және неліктен?
- Балықтарды неге бассүйектілер тип тармағына жатқызады? Балықтардың қандай класстарын білесің?
- Шеміршекті балықтар классына жататын балықтардың құрылыснда қандай ерекшеліктер болады?
- Акула туралы не айтуға болады? Акулалар отряды қай классқа жатқызылады?
- Шеміршекті балықтардың акулалар отрядынан басқа қандай отрядын білесің?
- Тұтас қанатыларың тіршілігі туралы баянда.
- Шеміршектілер отрядына жататын балықтардың тіршілік әрекетін салыстырып оларға тән ерекшеліктерді анықтаңдар.
Көздері бар, қабағы жоқ,
Әсте кірпік қақпайды.
Ол қай жануар суға салсаң,
Тұншықпайды батпайды.
- Жаңа сабақ. Кубизм әдісі.
І топ:
- Сазанның тіршілігі және ққрылысы
- Жүзбеқанаттары
- Қаңқасы
| 1 | Дене тұрқы бөлімі | Бас, тұлға, құйрық | 
| 2 | Тері жамылғы | Тері қаптап, теріге қабыршақтар қаптайды | 
| 3 | Бас бөлімдері орналасқан мүшелер | 2 көз, ауыз, 2 танау тесігі, екі жұп мұрт өсуі | 
| 4 | Жүзбеқанаттары | Жұп: көкірек,құрсақ. Дара: арқа, құйрық, аналь. | 
| 5 | Қанқасы | Бассүйек, жүзбеқанат сүйектерінен, омыртқа жотасы, тұлға, құйрық. | 
ІІ топ:
- Бұлшықеттері
- Қоректенуі
- Торсылдақ
| 1 | Ас қорыту мүшелері | Ауыз->жұтқыншақ->қарын->өңеш->бауыр, ұйқыбезі->ішек->аналь тесігі | 
| 2 | Торсылдақ | Дыбыс резенаторы, суда жүзгіштікті реттейді | 
| 3 | Тыныс алу мүшелері | желбезек | 
| 4 | Бұлшықеттері | Еркін қимылдатады | 
ІІІ топ: сазан балығының
- Қан айналымы
- Зәр шығару
- Жүйке жүйесі
| 1 | Қан айналымы мүшелері | Тұйық, бір қанайналым шеңбері. Жүректе тек күретамыр қаны болады. | 
| 2 | Зәр шығарумүшелері | Бүйрек->несепағар->қуық->зәр->аналь тесігі | 
| 3 | Жүйке жүйесі | Миы қарапайым әрі кіші. Миы 5 бөлімнен тұрады. | 
ІV топ: балықтың :
- Сезім мүшелері
- Рефлекстер
- Көбеюі мен дамуы
| 1 | Сезім мүшелері | Көз, есту мүшесі – ішкі құлақ, бүйір сызығы | 
| 2 | Рефлекстер | Шартты, шартсыз | 
| 3 | Көбеюі мен дамуы | Уылдырық-дернәсіл-шабақ-балық | 
Шығармашылық жұмыс. «Ой толғаныс»
- Балықтардың ұрпағына қамқорлық жасау;
- Балықтардың халық шаруашылығыдағы маңызы;
- Балық байлығын молайтужәне қорғау.
Партаның үстінде үлестірілмелер жатады. Оқушы мәтінмен таныс, таныс еместігі жайлы белгі қояды. «+»-таныс мәлемет, «?»- сұрақ болады, «!»- жаңа мәлемет
| № | Мәтіні | Белгі | 
| 1 | Балықтың 20000 түрі бар, олартек суда тіршілік етеді | |
| 2 | 7 отряды бар: · Латимерия тәрізділер · Бекіре тәрізділер · Сетініктер тәрізділер · Көзауықтар тәрізділер · Албырт тәрізділер · Тұқым тәрізділер | |
| 3 | Денесін тегіс тері қаптап жатады, теріге қабыршақтармен қапталған | |
| 4 | Көбісіуылдырық шашады, сырттай ұрықтанады, тікелей шабақтайтын түрлері бар. | |
| 5 | жүрегі 2 бөліктен(құлақша мен қарынша) , тұйық қанайналым шеңбері бар. | |
| 6 | Миы 5 бөліктен тұрады | |
| 7 | Тынысалу мүшесі – желбезек | |
| 8 | Зәр шығаруы: Бүйрек->несепағар->қуық->зәр->аналь тесігі | |
| 9 | Екі көзі арқылы көреді, екі танау тесіктері арқылы иісті сезеді, сипап сезу мүшесі- мұрт,есту мүшесі бассүйектің ішкі жағында, бүйір сызықпен сезеді | 
Жинақтау жүйесі
| Шеміршекті балықтар | Сүйекті балықтар | |
| Түр саны | 750 | 20000 | 
| Қаңқасы | Шеміршекті | Сүйекті | 
| Мекен ортасы | Теңіздер, мұхиттар | Теңіздер, мұхиттар, тұщы су | 
| Желбезек | 5-7 жұп | 4 жұп | 
| Саңылауы | ||
| Желбезек қақпағы | жоқ | бар | 
| Бүйір сызығы | бар | бар | 
| Қабыршықтар | плакоидтық | Ганоидтық, космоидтық, циклоидтық, стеноидтық | 
| Жүрек | 2 қуысты: 1 қарынша, 1 құлақша | 2 қуысты: 1 қарынша, 1 құлақша | 
| Зәр шығару | Бүйрек->несепағар->клоака | Бүйрек->несепағар->қуық->зәр->аналь тесігі | 
| Жүйке жүйесі | Жақсы дамыған. Миы: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша | Миы қарапайым әрі кіші. Миы 5 бөлімнен тұрады. | 
| Сезім мүшесі | Иіссезу мүшесіжақсы дамыған, есту мүшесі – ішкі құлақ | Көз, есту мүшесі – ішкі құлақ, бүйір сызығы | 
| Көбеюі | Дара жынысты, ұрықтану әдісі | Уылдырық-дернәсіл-шабақ-балық | 
| Қанайналымы | Тұйық, бір қанайналым шеңбері. Жүректе тек күретамыр қаны болады. | Тұйық, бір қанайналым шеңбері. Жүректе тек күретамыр қаны болады. | 
| Өкілдерге жіктелуі | Акулалар, тұтасқанаттылар | Бекіре, албырт, тұқы, камбала, трескала | 
Сәйкестігін тап:
| 1 | Ас қорыту мүшелері | А.Желбезек | 
| 2 | Қан айналымы мүшелері | Б.2 бөлікті жүрек, көктамыр, салатамыр | 
| 3 | Тыныс алу мүшелері | В.Ауыз->жұтқыншақ->қарын->өңеш->бауыр, ұйқыбезі->ішек->аналь тесігі | 
| 4 | Зәр шығару мүшелері | Г.Көз, есту мүшесі – ішкі құлақ, бүйір сызығы | 
| 5 | Жүйке жүйесі | Д.Уылдырық-дернәсіл-шабақ-балық | 
| 6 | Сезім мүшесі | Ж.: Бүйрек->несепағар->қуық->зәр->аналь тесігі | 
| 7 | Көбеюі | И.Миы 5 бөлімнен тұрады. алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша | 
Зерханалық жұмыс.Сазан балығының сыртқы және ішкі құрылысын қарау.
Керекті құралдар:сазан балығы әр партада біреу,микроскоп,скальпел,салфетка,микропрепарат,әр оқушыда ақ халат және перчатка.(з\ж-тың барысы кітапта)
Мақсаты:Сазанның сыртқы және ішкі құрылысын зерттеп білу.
Жауаптары: 1-в. 2-б. 3-а. 4-ж. 5-и. 6- г. 7-д
Үйге §52 оқу. Балықтар түрінің сан алуандығы. Сүйекті балықтар классының отрядтары. Реферат жазу
