Оқушыларды кәсіпке даярлаудың шартты түрдегі топтасуы.

      Оқушыларды кәсіпке даярлаудың шартты түрдегі топтасуы.

Педагогика ғылымдарының жамып отыруына байланысты мұғалімдерге қойылатын талап анықталғаннан кейін, бүгінгі таңдағы оқушының қазіргі заман талабына сай кәсіпке даярлығын кесте 1 арқылы түсіндірдік. Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау оқушылардың «кәсіптік даярлығы» ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. Бүгінгі күнге дейінгі психологиялық — педагогикалық әдебиеттерде «даярлық» ұғымы:

  • белгілі бір психологиялық жағдай (Селиванов В.И.);
  • жеке тұлғаның тұрақты сипаты (кандыбович Л.А. т.б.);
  • мотивациялық және процессуалдық компоненттерінің ажырамас бірлігі.

«Оқушылардың әртүрлі іс — әрекеттерінде белгілі бір материалды пайдалану арқылы оқушылардың даярлығы» ұғымы: озық дәстүрлерде қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастырудың жалпы гумандық мұраттарына сай іске асыруға мүмкіндік беретін біріктірілген (интеграциялы) қасиеті (Мағауова А.С.);

«Қазіргі уақыттың мәнділігін түсінуін, өнертану мен кәсіптік білім және іскерліктің практикада қолдана алатын тәжірибесінің қалыптасуының өзегі көркем мәдениет болып табылатын күрделі біртұтас білім» (Громакова С.В.) деп түсіндірілетін ұғымды біздің проблемамызға байланысты ұстанамыз. Себебі, мұндағы түсінікте педагогика ғылымындағы даярлықтың дәстүрлі мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері қамтылған. Біздің зерттеуімізде оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай кәсіпке даярлау процесін жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мен оны негіздеу барысында жоғарыда көрсетілген даярлықтың компоненттері негізге алынады.

Даярлықтың мотивациялық компонеті оқушылардың қазіргі заман мәдениетіне дұрыс қатынасының болуымен сипатталады.

Мазмұндық компонент қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді.

Процессуалдық компонент қазіргі заман мәдениетінің оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді.

Сонымен біздіңше: «мәдениет — адамдардың рухани, қоғамдық және өндірістік қатынастары жетістіктерінің жиынтығыарқылы кәсіби мәнде тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын қазіргі технологияларға негізделген күрделі біртұтас білім» — деп санаймыз.

Анықтаманың мазмұны бізге «оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлаудың» үлгісін жасауға мүкіндік берді. (кесте 1). Үлгінің негізінде оқушылардың кәсіптік даярлығының үш деңгейі анықталды: төмен, орта, жоғары.

Төмен: қазіргі заман мәдениетіне деген қызығушылығы, қатынасы бар, оның бүгінгі заман оқушылардың кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсіне бермейді. Мазмұндық, процессуалдық компоненттерінің бірін де меңгермеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ — тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері

2.1Оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлығының мазмұны  Кесте

КомпоненттеріКритерийлеріКөрсеткіштері
1МотивациялықОқушылардың қазіргі заман мәдениетке дұрыс қатынасының болуымен сипатталады.—                қазіргі заман мәдениетін эмоционал- дық тұрғыда қабылдауы;

—     қызығушылық болуы;

—                мәдениет оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын түсінуі;

—                әлеуметтік құбылыс ретіндегі түйсігі;

—                іс-әркеттерде пайдалануы

2МазмұндықҚазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді— мәдениеттің шығу тарихынан білімі;

— мәдениеттің мазмұндық жағынан ерекшеліктерінен білімі;

— қазіргі мәдениет талаптарын іріктей білуі;

— оларды оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын білуі;

3ПроцессуалдықҚазіргі мәдениет талаптарын оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді— қазіргі мәдениетке қатысты мәліметтерді анықтаудағы ептілігі;

— оқушылардың оларды әртүрлі іс — әрекеттерді ұйымдастыруға ептілігі;

— шығармашылық жұмыстарда қолдану ептілігі

 

Орта: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы бар, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін түсінеді. Әлеуметтік құбылыс ретінде түсінбейді. Тек қана іс — әркеттерде пайдаландаы. Процессуалдық компоненттің кейбір элементтерін ғана меңгерген. Қазіргі заман мәдениет жайлы өз бетімен білуге талпынбайды.

Жоғары: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы жоғары, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді.

Оқушылардың кәсіптік даярлығының бастапқы күйін анықтау мақсатында констатациялау (белгілеу) эксперименті жүргізілді. Экспериментке ауылдық мектептердің оқушылраы мен технология пәні мұғалімдері қамтылды.

Сауалнама, әңгімелесу, тест, бақылау әдістерін қолдану негізінде оқушылардың қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіптік даярлығының (практикалық іс — әркетте қазіргі заман мәдениетін пайдалануға дұрыс қатынасының болуы, мәдениет түрлерінен білімі, оларды пайдалану ептілігін меңгеруі) бастапқы күйі анықталды.

Оқушылардың мәдениет ұғымының мәні жөніндегі білімін анықтау үшін жүргізген сауалнамадағы: «Қазіргі мәдениет дегенде нені түсінесіз?»сұрағына берілген жауаптарында мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретінде мүмкіндіктерінің бар екенін білмейтіндігін көрсетті.

Ал, мектеп мұғалімдерінен сабақ барысында «Қазіргі мәдниетке санауға болатын ақпараттық технологияларды пайдаланбауыңыыздың себебі неде?» деп сұрағанымызда, бірқатар мұғалімдер «оны мектептің оқу — материалдық базасы көтермейді», екіншілері, «технология сағаттарының кемуінен» деп айтса, енді біреулері «ауылдық мектептерде оларды практикалық тұрғыда қолдану мүмкін емес» дегенді айтады. Осындай жауаптарын кейін қазіргі шығып жатқан сәндік элементтер ретінде біз, ақпарттық технологияларда дайындалған «аппликация», «кесте», «сәндік материалдар», «гафре» т.б. шикізаттарды практикалық іс — әрекеттерде қолдану барысында қолөнер және тігін бұйымдарында қолдану барысында жүргізілген ІІ — ші бақылаудың нәтижесінде мектеп оқушылардың деңгейінің өскендігін бақыланды. Ол кестеде берілген.

Даярлық деңгейінің анықтаудағы І «бақылау» нәтижелері

Даярлық деңгейіБастапқыІ «бақылау»
«бақылау»

105

105
1.        Төменгі

2.        Орта

3.        Жоғары

58,3 % (63)

41,7% (45)

26,9% (29)

52,8 % (57)

20,3 %(22)

 

Технология пәні мұғалімдердің дайын материалдарды қолданудан кейінгі нәтижелер, яғни мұғалімдермен жүргізген семинар сабақтарының ықпалы болуы мүмкін деп білеміз. Деңгейдің 20,3 %(22) болып артуы осының айғағы. Мәдениетті қамтамасыз ететін оқу материалдарды, оқытудың әдістер мен тәсілдерін көрсете білуі.

  1. Экономика талаптары. Өйткені, экономикалық іс — әрекеттен туындап жатқан қайта құру процесі жаңа ұмтылыстар мен дағдылармен толы.
  2. Білім беру ісін жаңа мазмұнмен байтып, ұлттық дәстүрмен, жаңа мен ескі жүйесінің қайсысы тиімді екенін анықтау, ондағы өзгерістерді өрістету.
  3. Әлеуметтік ықпал. Ата — аналардың оқушыларды еңбекке даярлау мазмұнына жаңалық енгізуге ынталы.
  4. Мәдени факторлар. Оқушыларды еңбекке даярлауға байланысты әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жайлы хабардар етіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдары.
  5. Технологиялық факторлар. Технологиядағы прогесті қолдану аясын кеңейту. Кесте

Аталмыш факторлар оқушыларды кәсіпке қазіргі заман талабына сай даярлауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қоршаған ортаның күрделілініп, оның өзгерістері өсе түсуі. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың ескі құрылымдары жаңа талаптар үдесінен шыға алмайды. Осыған орай барлық жағдайға оңтайлы құрылымдар қажет болады. Факторлар оқушының кәсіптік және мәдени даярлығын арттыруға бағытталған. Нарық жағдайында компютерлік сауаттылыққа сұраныстың арта түсуіне орай оқушылардың кәсіпкерлік біліммен де жан — жақты қарулануына кең жол ашылады.