«Экология негіздері» Бағдарламасы 9- сынып

«Экология негіздері» Бағдарламасы 9- сынып

Аптасына 1 сағат жылына 34 сағат

Түсінік хат

«Экология негіздері» таңдау  пәні бағдарламасы 9-сынып оқушыларына арналған. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат.

Бұл бағдарламаның биология негізгі курсына қосымша бағдарлама болып табылады.

Мақсаты: 9-сыныпта биология пәні бойынша экология бөлімдеріндегі білімдерін кеңейтуге, дамытуға  және болашақта бейінді курстарға бағыттау мақсатында құрастырылды.Бұл бағдарлама бойынша экология негіздері бойынша теолриялық білімді практикада пайдалан білуге байланысты сарамандық сабақтар және экологиялық есептеулерді жүргізу енгізілді.

Мынандай міндеттерді жүктейді:

  • Экология негіздері бойынша білімдерін, дүние танымдарын кеңейту
  • Оқушылардың экология ғылымына  көңіл бөліп  шығармашылықпен ізденуіне және   қоршаған орта экологиялық мәселелерге зерттеп, зерделеуге, ҚР Заңнамасындағы экологиялық баптарды  білулеріне экологиялық тәрбие беруге тәрбиелейді.
  • Жергілікті жердің экологиялық жағдайларына баса назар аударуға
  • Әртүрлі экологиялық жобаларға қатысуды

Оқушылардың міндеттері:

  • Қоршаған орта жағдайларының ластану себептерін танып –білуге
  • Жер қабаттарының биологиялық, географиялық ерекшеліктерін білуге
  • Қазақстанның табиғи су қорларын
  • Сирек кездесетін дәріліу өсімдіктерді табиғат аясында танып білуге
  • Жергілікті жердің экологиялық проблемаларын білуге
  • Қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін
  • Экологиялық есептеулерді сауатты жүргізу
  • Өсімдіктермен жануарлардың экологиялық топтарын ажырата білуге
  • Кеппе шөптермен жұмыс жасай білуге
  • Топсеруен кездерінде табиғатта өздерін ұстай білуге

Сабақты өткізу формалары: лекция, семинар, сарамандық, сұрақ -жауап

 

Құрастырушы: «Семей қаласының №37 гимназиясы»КММ биология пән мұғалімі Архыматаева Арай Жаксылыковна

 

 

 

 

 

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

 

Тақырыптың атауыСағат

саны

өткізілетін күні
1Экологияға кіріспе1
2Экология ғылымы, қалыптасу кезеңдері, экологиялық зерттеулер, бағыттар1
3Ағзалардың негізгі мекен ету ортасы1
4Ғаламдық экологиялық проблемалар1
5Экологиялық проблемалардың түзілу себебі. Антропогендік факторлар1
6Қоршаған орта жағдайы, ластануы1
7Климаттың өзгеруі1
8Шикізат қорларының сарқылуы1
9өндірістік, энергетикалық факторлар1
10Демографиялық жағдайлар1
11Халық санының артуы, қалалардың санының өсуі, қоршаған ортаға әсері1
12Ауыз су тапшылығы1
13Биологиялық алуан түрліліктен айырылу1
14Жерлердің шөлге айналуы1
15Биосфера туралы Вернадский ілімі1
16Географиялық қабық туралы түсінік1
17Литосфера жер бедерінің өзгеруі1
18Атмосфера – ауаның ластануы1
19Су –биосферадағы тіршілік негізі1
20Сарамандық сабақ: Табиғаттағы зат айналымы схема1
21Қазақстанның табиғи суларының ластануы, болдырмау жолдары1
22Топырақ эрозиясы. Қазақстан топырағының экологиясы1
23Топырақтың химиялық заттармен ластануы болдырмау шаралары1
24Сарамандық жұмыс: Топырақ түрлері, химиялық құрамы1
25Өсімдік экологиясы1
26Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер экологиясы1
27Жануарлар экологиясы1
28Жануарлардың көптүрлілігі. Сирек кездесетін немесе біржола құрып бара жатқан жануарлар1
29Қызыл кітап1
30Табиғи байлықтар. Тиімді пайдалану1
31Қазақстанның экологиялық проблемалары1
32ШҚО. Семей аймағының экологиялық жағдайлары. Семинар сабақ1
33Өлкенің экологиялық жағдайы1
34Жинақтап қорытындылау1