Дүниетану пәні бойынша 1-сыныпқа арналған «Жануарлар әлемі» таңдау курсы

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Дүниетану пәні бойынша

1-сыныпқа арналған

«Жануарлар әлемі»

          таңдау курсы

 

       

 

       

 

 

 

 

Пән мұғалімі:  Г.Сералиева

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

 

Келісемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

 

       

             

Бірлестік отырысында қаралды

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:1

Аптасына 1сағат.Барлығы 34 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Түсінік хат

«Жануарлар әлемі» курсы оқушылардың жануарлар туралы түсініктерінің ауқымын кеңейтуге арналып жасалды. Курс оқушыларға алған білімдерін жоғары сыныптарда білімдерін жетілдіруде қолдануға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты:

Оқушылардың жалпы білім беретін стандарт мазмұнын игеруге және алған білімдерін жалғастыруға ,жеткілікті білім жүйесін алып,оны саналы түрде меңгеру.

Міндеттері:

  • Дүниетану пәнінен алған білімдерін дамыта оқыту.
  • Өзіне-өзі есеп беретін жеке тұлғаны қалыптастыру.
  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,өздігінше білім алатын қасиетін қалыптастыру.
  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар білуге тиісті:

  • Жан-жануарлардың түрлерін;
  • Құстардың киелі қасиеттерін ;
  • Жоғалып бара жатқан аңдарды;
  • Пайдасы мен зиянын;

Оқушылар нені жасай алады:

  • Өз ойын ашық айта алады.
  • Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі:
  • Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

Пән аралық кіріктіру:

Ана тілі, бейнелеу өнері

Уақыт көлемі: 34 сағат,аптасына 1 сағат

Курсты ұйымдастыру формасы: топтық және ойната оқыту

Оқыту жетістігін бағалау жүйесі: «игерді», «игермеді»

Оқытуды аяқтау формасы: Тест тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

«Жануарлар әлемі» таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

р/сСабақтың тақырыбыСағат саныМерзімі
1Жануарлар туралы түсінік1 
2І тарау Үй жануарлары1 
3Төрт түлік мал-ел байлығы1 
4Ер қанаты-ат1 
5Түйе- төрт түліктің төресі1 
6Ит –жеті қазынаның бірі1 
7Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі)1 
8Бақылау сұрақтары1 
9ІІ тарау Құстар-біздің досымыз1 
10Үй құстары1 
11Қыран құс не алмайды,салса баптап1
12Қарлығаштың құйрығы неге айыр?1 
13Аққу –киелі құс1 
14Қызық мәлімет.Ең,ең,ең…1 
15Қайталау1 
16ІІІ тарау Аңдар әлемі1 
17Қызыл кітапқа енген аңдар1 
18Қайырымды түлкі  (әңгіме)1 
19Маймылдар адам тәрізді1 
20Аңдар қалай дыбыстайды?1 
21Қазақстан қорықтары1 
22Сен білесің бе?1 
23Сәйкестендіру тест1 
24ІV тарау Бунақденелілер1 
25Өрмекші мен құмырсқа1 
26Бал арасының пайдасы1 
27Халық болжамдары1 
28Жәндіктер қалай дыбыстайды?1 
29Көбелектер әлемі1 
30Қызықты мәлімет.Ең,ең,ең…1 
31Тест1 

 

 

 

 

Ұсынылған әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін:

1.Менің алғашқы энциклопедиям 2011ж.Алматы

2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №2.2010ж

3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №10 2011ж

4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №4. 2008ж

5.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №7.2011ж

6.Айналадағы дүниені бақылау дәптері 2002ж       «Атамұра»

7.Қазақстандағы жануарлар әлемі 2009 ж.Алматы

8.Жануарлардың мекен ауыстыруы 2011ж.Мәскеу

9.Хайуанаттар әлемінде  2011ж.Мәскеу

10.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы2004ж.Арман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу бағдарламасының мазмұны

1.Жануарлар тобы туралы түсінік беру. Әр топтың өзіндік бір ерекшеліктері бар екендігін түсіндіру.

2.Үй жануарларының түрлері және олардың пайдасына тоқталу.

3.Төрт түліктің адамдар үшін маңыздылығы  және төрт түлік малға байланысты ырым-тыйымдар,мақал-мәтелдер қарастыру.

  1. Жылқының қазақ тұрмысындағы өзіндік орнын ұғындыру,еті мен сүтінің адам денсаулығына шипалық қасиетін түсіндіру.
  2. Төрт түліктің төресі -түйе малының өзіндік орны және жүнінің емдік қасиеті туралы түсінік беру.
  3. Иттің жеті қазынаның бірі екендігін және адам үшін маңыздылығы туралы түсінік беру.
  4. «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін сахыналау.
  5. Құстардың тіршілігі,қоректенуі және құстарға қатысты халық болжамдарын пайдалану.

9.Үй құстарына күтім жасау жолдары

10.Қыран құс туралы мағлұмат беру.Құсбегіге қажетті құралдар туралы түсіндіру.

  1. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін теледидардан көрсету және ертегі бойынша ой қозғау.
  2. Қазақ халқындағы аққудың киелілігін М.Мақатев поэмасы арқылы жеткізу.

13 Әлемде болып жатқан құстарға байланысты қызықты мәліметтерге шолу жасау.

  1. Аңдар туралы жалпы түсінік беру және аң балаларының атауларына тоқталу.

15.Қазақстандағы жойылып бара жатқан аңдар туралы түсінік беру.

  1. Ы. Алтынсариннің «Қайырымды түлкі» әңгімесі арқылы ,түлкі туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Адам тәрізді маймылдардың басқа маймылдардан айырмашылығы туралы түсінік беру.
  3. Жер бетіндегі аңдардың дыбыс шығару ерекшеліктері

19.Қазақстанның табиғатын,жануарлар әлемін қорғау мақсатында құрылған қорықтар туралы түсіндіру.

  1. Әлемдегі аңдарға байланысты қызықты мәліметтерге шолу жасау.
  2. Бунақденелілердің пайдасы мен зияны, жәндіктерге қатысты ауа райы болжамдарына шолу жасау.
  3. Ы. Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» әңгімесі арқылы құмырсқаның еңбексүйгіштігі туралы түсіндіру.

23.жабайы аралар мен бал араларының айырмашылығы және балдың емдік қасиеті тралы түсінік беру.

  1. Жер бетіндегі жәндіктердің дыбыс шығару ерекшеліктерін түсіндіру.

25.Көбелектердің түрлері және өсімдіктер үшін пайдасы туралы түсінік беру

  1. Әлемде болып жатқан жәндіктерге байланысты қызықты мәліметтерге шолу жасау.