Бұл кітаптар бәрін біледі
Бұл кітаптар бәрін біледі
Мақсаты: Оқырмандарды әртүрлі сөздіктермен таныстыру, ақпараттық сөздіктермен жұмыс істеуді үйрету.
Көрнекілігі: : тапсырмалармен карточкалар, «Сөздік», презентациясы, музыкамен безендіру, компьютерлер, кітап көрмесі “Бұл кітаптар бәрін біледі” .
Кітапханашы: бүгінгі біздің тақырыбымыз “Бұл кітаптар бәрін біледі”. (Слайд 1)
Адамның бәр өмірі ақпаратты табу мен оны күнделікті өмірде қолданумен өтеді.
Ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінсек, өзінің 41 – ші қара сөзінде «Кітап – жан азығы жығылғанда сүйеу болады, адасканда тура жолға салады» деп айтқан екен. (Слайд 2)
Бүгін біз сіздермен сөздер әлеміне саяхат жасаймыз.
Кітапханашы: Барлығын білетін адам болмайды. Сөздеріңіздің мағнасын түсіну үшін, қандай кітаптар сіздерге көмектеседі ? Бұл жерде сендерге сөздіктер көмекке келеді. Сөздік дегеніміз не?
Сөздік – аударма және түсіндірме сөздердің мағнасын ашатын сөздер жинағы. Сіздер қандай сөздіктердің түрін білесіңдер? (Слайд 3)
Түсіндірме, орфографиялық, фразеологиялық шет ел сөздерінің сөздігі, синонимдер сөздігі, орфоэпиялық сөздігі, омонимдер сөздігі және т.б (Слайд 4)
Түсіндірме сөздік — сөздердің мағнасын түсіндіру.
Ең бірінші түсіндірме сөздікті В.И. Даль 100 жыл бұрын жасаған. Сөздерді жинақтап олардың мағнасын өз жазған. В.И. Даль 1801 жылы Лугани деген жерде туған. Оның ата – анасы бірнеше тілдер білген. 13 жасында әкесі оны Теңіз кадет корпусына орналастырып, оны 17 жасында бітіріп шықты.
Дальдың жастық шағынан бастап орыс тіліне деген қызығушылығы пайда бола бастады.Теңіз корпусынан оқып жүрген кезінде ол бар ынтасымен әдебиетпен айналысып өлеңдер жазған. В.И. Даль 1819 жылдан бастап сөздікпен жұмыс істей бастады. В.И. Даль өзің жазбаларын ешқашан қолынан тастамай әрқашан толықтырып жүретін. Өмірінің соңына дейін 200 мың сөз жинап және өңдеді. (Слайд 5)
Ал қазақ тілінде тұсіндірме сөздік профессор А. Ықыласовтың ғылыми басшылығымен он томдық «Казақ тілінің түсіндірме сөздігі» 1974-1986 жылдары жинақталып шыққан. Қазіргі кезде «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» толықтырылып , он бес томдық етіп шығару ісі жүзеге асырылуда. (Слайд 6)
Түсіндірме сөздіктерде сөздердің қысқаша мағнасы, екпіні, зат есімнің мағнасы қойылады.
Сөздікті қалай қолдану керек?
Француздың жазушысы Анатоль Франс былай деген екен: « Сөздік – алфавиттік ретте бүкіл ғарыш». Алфавит – бүкіл сөздіктің жол серігі.
Ақпараттық беру тәсілі бойынша сөздіктер баспалы, виртуальды, үн таспа сөздік, электронды, суретті болады. (Слайд 7-8)
Баспа сөздіктерімен танысу..
Баспа сөздіктерде әр беттің жоғарғы жағында екі буын. Бірінші буын бұл беттегі бірінші сөздің басталуы, екінші буын сол беттегі соңғы сөз.
Тапсырма: Балалар сендердің алдарыңда карточкалар, ондағы берілген сөздер нені білдіреді? (Слайд 9)
1 топ | 2 топ | 3 топ |
Асcамблея | Аттестат | Құқық |
Конституция | Магистр | Репродукция |
Диплом | Студент | Пломбир |
(Балалардың жауабы).
Кітапханашы: Бірінші тапсырмада берілген сөздердің лексикалық мағнасын біліп алдық. Енді бізге оның дұрыс жазылын білуіміз қажет. Бұл жерде сіздерге қандай сөздік көмекке келеді?
Грек сөзінің бойынша «Орфо» — дұрыс, «графо» — жазу деген мағнаны береді. Сөздікте сөздің дұрыс жазылу және екпіні қай әріпке түседі екенін көрсетілген.. (Слайд 10)
Тапсырма № 2 орфографиялық сөздікті қолдана отырып, сөздердің тұсына олардың орфографиялық нормаларын сақтап жазыңдар. (Слайд 11- 12)
1 топ
- жылан гөз —
- жыланғұрт —
- қайран ғалу —
- мұқият —
2 топ
- қақ пөлу —
- ізденінпаз —
- сегіз ғанат —
- жапан дүз —
3 топ
- келе гөр —
- түйгіссе —
- жам бағу —
- қолқанат –
Көп халықтың сөз сөйлеуі, ақын жазушылардың пікір сөздері тұрақты теңеулер сөздігіне кірген. Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз- тілде екі немесе одан да көп сөздермен тіркесіп, бір ғана мағнаны беретін сөздер. Тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерін фразеологизмдер деп те атайды. Мысалы: ит тұмсығы өтпес (қалың), қоян жүрек (қорқақ), беті бүлк етпеу (ұялмау) т.б. (Слайд 13)
Тапсырма №3: Мәтінен тұрақты сөз тіркестерін табыңдар. (Слайд 14)
Оның мынау сөзі төбемнен жай түскендей етті. Жаңағы өсіп тұрған көңілім су сепкендей басылды. Жүрегім алым ұшып, ас батпады. Атайдың мына сөзі менің шымбайыма батты. Жоғарғы адырлар жаққа көз тігеміз. Енді көпке дейін көзім ілінбей қойды. Бауыржан жан – жағына көз салды. Аралдың көңілі өсіп келеді. Терезеден сыртқа көз тастайды. Алдымен үлкен тіл қатты. Алданның сөзіне ешқайсысы құлақ салған жоқ. Бауыржан көрші ауылға бет түзеді. Әлтайды қорқытамыз деп, өзіміздің үрейіміз ұшты. Серікбектің бетінен оты шықты. Талғат жерге кірермен болды. (Ә. Қалдыбаев)
( Оқушылар жауап береді, берілген жауаптар слайдпен тексеріледі. Слайд 15)
Тапсырма № 4 : тұрақты теңеулер сөздігін қолдана отырып берілген сөздердің мағынасын табыңдар. (Слайд 16)
- көзім ілінбей
- тіл қатты
- құлақ салған жоқ
Бір жерде өмір сүретін, бір тілде сөйлейтін халық тіліндегі түрлі ерекшіліктер диалект сөздер деп аталады. Диалек сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы: шалбар – сым (оңтүстіктің диалек сөзі), денелі – жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыста).
Диалек сөздер — әдеби сөздерге еніп, тілді байытып отыратын қор. Мысалы: еге сөзін алайық. Еге сөзі – Қызылорда облысында иә мағнасын беретін диалект сөз.Қазіргі қазақ тілінде егемен сөздің жасалуына осы сөз негіз болды. Сондай – ақ жейде, ұжым, үшем – сөздері де — диалектілік қолданыстан әдеби тілге өткен сөздер. (Слайд 17)
Тапсырма № 5. Дұрыс мағынасын табыңдар. (Слайд 18 — 19)
Диалект сөз 1. Әл тәман 2. Жертезек
3. Сауман 4. Мәуірт
5. Ұшқын
6. Қаму | Мағынасы А. (Жезказған, Ұлытау) кейін. Мысалы: Әл тәман барайын. Ә. (Жезқазған, Ұлытау, Семей облысы) шөп аты. Мысалы: Мынау жертезек дейтін шөп. Б. (Жезқазған, Ұлытау) сауын. Мысылы: Биені осы сауманнан кейін ағыту керек. В. (Жезказған, Ұлытау) асығыс, тез. Мысалы: Ол тіпті мәуірт кетті, шай да іше алмады. Г. (Жезқазған, Ұлытау) шөп – шалам. Мысалы: Бидайдың ұшқынын тазартып қойыңдар. Д. (Жезқазған, Ұлытау) қабу, көйлектің етегін бастыра тігу. Мысалы: Мына көйлекті немен қамитынын білмей отырмын. |
Бүгін біз балалар түрлі сөздіктермен таныстып отырмыз. Өзінің ана тілін жақсы білгісі келген адамға, сөздіктер өте пайдалы кіпат және онсыз күні жоқ. Сабағымыздың соңында М. Әуезовтың нақыл сөз жинаңыздар. ( слайд 20)
“Әрбір адамның ең жақын досы — өмір досы кітап болуға тиіс.» (Слайд 21)