Ұжым ахуалы және жеке адам

Сабақтың тақырыбы:«Ұжым ахуалы және жеке адам»
Сілтеме:1.«Психология» Ф.Н. Гоноболин «Мектеп», Алматы – 1976ж.

2. «Жантануға кіріспе» Қ.Жарықбаев., Ө. Озғанбаев Алматы 2000ж.

3. «Игры  обучение тренинг досуг» М – 1994ж. «Новая школа» В. В. Петрусинского.

4. «Психологиялық тренингтер». (Көмекші құрал). Ақтау – 2008ж.

5. Басқару өнері. Тәжірибелік құрал. – Фин баспасөзі 1998 жыл.

6. Әдістемелік көмекші құрал: «Жеке адамның психологиялық даму ерекшелігі»  Маңғыстау – 2010ж. Баймуратова Б.

Сабақтың мақсаты:Ұжым ахуалын зерттеу арқылы  жеке адамның ролін көрсетеді
Міндеті:Жеке адамның психологиялық  даму ерекшеліктеріне әсер етуші факторларды анықтайды.

Ұжымдағы қарым – қатынас ерекшеліктерін түсінеді

Оқыту нәтижелері:4.      Жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріне әсер етуші факторларды  анықтай  алады

5.      Зерттеу жұмысының қорытындысы арқылы  ұжымдағы жеке адамның  психологиялық ерекшеліктерін ажырата алады

6.      Салыстыру арқылы топтық  және өзіндік бағалауға дағдыланады.

Жаттығулар:

 

 

Сұрақ қою арқылы әңгімелесу, ассоциация:«Ұжым»,Ситуация: «Кіші топ және үлкен топ», Топтық жұмыс: «Ұжым ережесі», «Ұжым талаптары», «Кедергілер»,Диагностикалық жұмыс:«Социометриялық әдіс»Презентация: «Жеке адамға әсер етуші факторлар»Тренинг: «Жемістер»
Тапсырмалар:

 

 

Зерттеу жұмысы:  жанұя  ахуалына диагностика жасау

 

БлумтаксаномиясыЖұмыстыңатауыМазмұны
БілімҮй тапсырмасы: Жеке өздеріне зерттеу жұмысын жасау арқылы, топ ахуалын анықтау

Сұрақ қою арқылы әңгімелесу:

Топ көшбасшысын сайлау:

 

 

 

Тапсырма: «Өзімнің сыныбыма деген көзқарасым»

ТүсінуАссоциация: «Ұжым»

 

 

 

Ситуация: «Кіші топ және үлкен топ»

 

 

 

Топтық жұмыс:«Ұжым ережесі», «Ұжым талаптары», «Кедергілер»

Оқушылар: «Ұжым» сөзіне ассоциация жүргізу арқылы өз ойларын білдіреді.

 

Сынып ішіндегі мәселе талқыланады. (Оқушылардың ұсыныстары бойынша)

 

Үш топтың ортасына тақырыптарды тастау арқылы топтық жұмыс жүргізіліп, презентация жүргізіледі

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

ҚолдануДиагностикалық жұмыс: «Социометриялық әдіс»Берілісі:

1. Егер әрқайсысында төрт адамнан болатын оқу тобын құрастыру қажет болса, өз тобыңыздан кімді көргіңіз келеді ?

2. Егер түскі асқа өзіңізбен бірге төрт оқушыны  таңдап алу  қажет болса, тобыңыздан кімді көргіңіз келген болар еді?

3. Егер сыныпқа жаңадан келген болсаңыз, бейімделуіңізге көмектесу үшін қандай үш оқушыны  таңдар едің?

Критерилері:

—          Егер теріс дауыс (минус) көп болса, сынып жетекшісіне ескерту жасаймыз. Себебі ол – жағымсыз, ұнамсыз (антипатия) адам;

—          4 немесе одан да көп дауыс жиналса – онда ол лидер;

—          2-3 дауыс болса – белсенді;

—          1 дауыс  топқа қабылданбағандар;

—          Егер 0 дауыс болса —  оқшауланған;

—          2(-1) қатар келсе – келіспеушілігі бар адам.

Талдау

 

Презентация: «Жеке адамға әсер етуші факторлар»

 

 

Оқушылар арасында топтық жұмыс ұйымдастырылады, презентация жүргізіледі.

1.      Жеке адамның дамуына әсер теуші факторларды атайды.

2.      Себебін дәлелдейді.

3.      Ұжыммен байланыстырады.

ЖинақтауТренинг: «Жемістер»Мақсаты: Ұжымдық қарым – қатынасты ұйымдастырудағы әр бір оқушының іс –әрекетін зерттеу
БағалауКөшбасшы:

 

 

 

Үй тапсырмасы:

Слайд: «Ұжым және мен»

 (әдеп және имиджге байланысты)

Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз

 

Рефлективтік есеп

 

         6 – шы сыныптар үшін: 07.05.2012ж — «Әдептен озбайық», 10.05.2012ж — «Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері»,14.05.2012ж — «Ұжым ахуалы және жеке адам»тақырыптарында  орта мерзімді сабақтар ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетіне әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы бағытталады,  жеке адамның психологиялық жақтарын зерттеу арқылы  ерекшеліктерін ажыратуға дағдыланады және ұжым ахуалын зерттеу арқылы жеке адамның ролін түсініп көрсете алады. Нәтижесінде оқушылар қарым – қатынас мәдениеті туралы түсініктері кеңейтіледі, диагностикалық жұмыстары арқылы зерттеу жүргізе алады және жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін  ажырата алады,  диалогтік сұрақтар арқылы оқушылар сыни тұрғыда ойлана алады, салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.

 

 

Жалпы 6 – шы сыныптар үшін ұйымдастырылған орта мерзімді сабақтарымда  7 модульдің әдістерін мен толығымен  қолдана алдым. 7 модульді қолдану арқылы мен  диалогтік тапсырмалар, тренингтер, ой қозғау, мәтінмен жұмыс, ойындар, диагностикалық тренингтер және  логикалық тапсырмалар арқылы топтық жұмыстар жүргіздім. «Әдептен озбайық» сабағын ұйымдастыру кезінде білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдері модулінің диалогтік әдістері арқылы  сұрақ – жауап жүргіздім. Әңгімелесу кезінде өздеріне сыни көзқараста қарай отырып, өз —  өздері туралы түсініктер беріп кетті. Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылардың сабаққа зейінін шоғырландырдым. «Мен  қандай түсті ұнатамын?» тренингін ұйымдастыра отырып, оқушылардың түсті таңдауларына қарай топтарға бөліп және көшбасшыны анықтадық. Бұл тренинг оқушыларды топтарға бөлуге  және көшбасшыны анықтауға жақсы септігін тигізді. «Әдеп» сөзіне ассоциация жүргізу кезінде тақырыпты нақтылап, алдымызға мақсаттар қойдық. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы, қандай мақсаттарды жүзеге асыратындықтары туралы түсінік алды.   Сабақ барысында оқушыларға «Тістелген алма»  мәтіні берілді. Мақсаты оқушыларды мәтін арқылы  әдеп негіздері, әдептің өмірдегі қолданысы туралы жан – жақты түсінік алды.

 

 

Топтық жұмыс диалогтік және логикалық тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылар сыни ойлау арқылы   өз ой пікірлерін дәлелдеп  өздерін жан – жақты көрсете алды. Менің байқағаным оқушылар логикалық тапсырмаларды сыни тұрғыда ойлау арқылы өте жылдам, әрі құнды пікір айтады. Себебі оқушылар сынып жетекшісінің айтуы бойынша логикалық тапсырмаларды орындауға қалыптасқан. Мысалы сыныпта топқа қабылданған Зарина есімді қарапайым оқушым топтың қабылдаған жауабына қосымша басқа дұрыс жауабын да ұсынып және айналасындағыларды таң қалдырып отырды. Жаңа тәсілдерді қолдану кезінде  оқушылардың  жас ерекшелік қасиеттері ерекше орын алды. Себебі белсенді оқушылар  ойларының жүйріктігін көрсете отырып ересектерше құнды мағлұматтар бере білді. Диалогтік сұрақтар берілген кезде ешқандай қиындықсыз оқушылар  кең көлемде түсінік алып  нақты жауаптар бере білді. Мысалы  Абылай есімді оқушым  «Әдеп» халық аузынан шыққан мәтінде оқушы кейіпкердің іс — әрекетін сипаттай келе өзінің пікірін қосымша басқа аңыз әңгімеден естігенін қосып қорытындылады. Абылайдың баяндауы сынып оқушыларына қатты ұнады. АКТ – ны қолдану кезінде  ұйымшылдықпен, ынтымақтастығын жүзеге асырды. Тақырыпқа байланысты  тапсырманы ғаламтор арқылы сайттан  іздеген кезде  құнды пікірлер тауып қызығушылықпен жұмыс жасады. Сынып оқушылары  АКТ-мен жұмыс жасауды жоғары деңгейде қалыптастырған. Ал тақырыпқа қажетті материалдарды  тауып, оны сыни тұрғыда ойлау арқылы  презентациялық қорғау жұмыстарын үлкен  белсенділікпен орындай алды.

 

 

«Жағымды сөз айту» тренингі ұйымдастырылған кезде, оқушылар көршілеріне жағымды сөз айта отырып ынтымақсатықта жұмыс жасауды қалыптастырып отырды.  «Әдепті сөздер» ой толғау тапсырмасы жүргізген кезде  сыни ойлай отырып, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар АКТ – ны қолдана отырып, тіпті орыс тіліндегі сөздерді де алып аударма жасау арқылы тапсырманы шапшаң орындай алды.  Диалогтік сұрақтар қолдану арқылы «Ойланайық, пікірлесейік» тапсырмалары арқылы сыни ойлай отырып, айтқан пікірлері бойынша  когнитивті қабілеттерін көрсету кезінде жас ерекшелік деңгейлері  көрініп отырды.

 

 

Сынып ішінде 22 оқушы болса, оннан астамы дарынды оқушы ерекшеліктерін көрсетіп отырды. Ол бір жағынан жұптық және топтық жұмыс кезінде ерекше көзге түсіп, сабақтың тартымды әрі қызықты өтуіне көмектесті. Оқушылар көбірек қызықты тапсырмалар орындағандарын қалады. Тіпті сабақтан тыс уақытта да үйлеріне тапсырмалар алып кетіп орындап отырды. Мен бұл жерден оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға деген құлшыныстарын байқадым. Ал көшбасшылық міндетін әр оқушы ешқандай қиындықсыз орындай алды. Өз тобынан белсенділік көрсеткен оқушыларға қысқаша сипаттама жазып,  ерекше критерилер бойынша бағалады. Формативтік бағалау кезінде  көшбасшының қолындағы жазған сипатамаларын оқып салыстырып  берген нақты  бағаларына оқушылар ешқандай келіспеушілік көрсетпей, қайта кемшіліктерін келесі сабақта түзетуге тырысып жұмыстанып отырды. Бағалау кезінде әрбір тапсырмаларға  қойылған  критерилер  көшбасшының оқушыларды нақты бағалауына септігін тигізді. Сабақ  барысында диалогтік сұрақтар,  топтық жұмыс: диагностикалық жұмыс  тапсырмаларында  оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай  7 модульдің тиімді әдіс – тәсілдерін қолдана алдым. Осы тақырып бойынша жұмыстар жүргізгенде менің байқағаным  оқушылар арасында  өзін – өзі басқару қабілеттері  көрініп, сабақ қызықты, жеңіл және тартымды болып өтті. Сабақты Ернар есімді дарынды оқушым сыни ойлау арқылы тапсырмаларды орындаумен қатар топтық жұмыстарды ынтымақтастықта ұйымдастыруды өте жақсы қалыптастырды.

Бағалау мақсаты әр мұғалімнің  бағалауды сынып оқушыларына қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керек екендігі туралы  түсінігіне негізделеді.  Мысалы мен  оқытудың қиындықтарын анықтау үшін сынып ахуалындағы проблемаларды анықтау кезінде диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Тәжірибелік сабақтарымда  диагностикалық зерттеу жұмысымның қорытындысын негізге ала отырып, сабақ барысында түзету және бағалау үшін диалогтік сұрақтар арқылы жұмыстар жүргіздім.  Ең алғашқы кезде қиындықтар көрініп отырды. Себебі  сабақтың қолдану, талқылау кезеңінде  оқушылар тақырыптан ауытқып кетіп отырды. Ал жинақтау кезеңінде қайта қарастырып талқылауға тура келді. Осы қиындықтарды ескеру барысында сұрақ  —  жауапты нақтылап қою арқылы бағыт беріп отырдым. Сабақ барысында   оқушылар өздерінің жауаптары арқылы жиі пікірталасқа түсіп,  өздерінің  жауаптарына қарай белгілі бір мәселені дәлелдеуге тырысып отырды. Оқушылар өз ойларын үздіксіз  сабаққа деген қызығушылықтарын пікірталас арқылы көрсетіп,  формативтік түрде бағалады. Көзқарастары нақты мақсатта не жауапты естімей қалған оқушыларға қайталатып және өз ойларын толықтыру мақсатында жұмысқа тарта білдім.  Басында оқушылар бір – бірін формативті бағалау кезінде «өте жақсы» деп әділ бағаламай отырды.  Диалогтік сұрақтың дұрыс қойылуы арқылы оқушымен бірге критерийлерді талдап, оқушылардың берген жауаптарының белгілі бір бөлігін салыстырып, нақтылау үшін кеңінен қолданылды. Нақты критерилер арқылы бағалау жүзеге асты. Сол кезде ғана  оқушылар  өз жауаптарын реттеп нақтылай білді. Кезекті пікірталастарда  енгізуге болатындай етіп жауапты нақтылап отырдым. Себебі оқушылардың даму ерекшеліктерінде қабілеттерін ашу  үшін септігі тиді.  Жауапты, талқылаудың кезекті бөлігін негізге ала отырып, тікелей немесе жанама түрде  мадақтадым. Сондықтан да оқушылар сабаққа ынталанып отырды.  Егер де  көңілге қонымсыз жауаптар және  пікірлер болса, оны қате деп қабылдап немесе дұрыс емес деп айтылған жоқ. Бұндай  жағдайда  қатесін тыңдап, қасындағы оқушылардың назарларына ұсынып,  сыни  ойлау нәтижесінде диалогтік сұрақтар арқылы  бағыт – бағдар  беріп отырдым. Сынып оқушыларының  жауаптары  үшін уақыттың жеткілікті  болуын  қамтамасыз еттім. Әрбір оқушыға қойылған сұрақтардан алынған жауаптарға  деген уақытта  шыдамдылықпен  және сабырлылық білдірдім. Сабақтың соңында оқушылар сыныптасын және өзін – өзі бағалау нәтижесінде кері байланыс орнатылып  критери бойынша бағалады. Жалпы  осы 7 модуль әдістері сабағымда алдыма қойған мақсатыма жету үшін көп септігін тигізді. Соңында «Экстраверт және  интерверт» тақырыбында тестік жұмыстары  арқылы  тақырыптарда айтылған мәселелер жинақталып кері байланыс жүргізілді. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулі  негізінде сабақтың оқушылар ойынан шыққанын, осындай сабақтардың жиі ұйымдастырылып тұруын қалайтындықтарын көрсетті. Топ көшбасшылары форматифтік бағалау жүргізген кезде, әр сабақта оқушыларда  өзгерістердің бар екенін  байқадым.

Негізі бірінші тақырып бойынша жүргізілген  сабағымда бағалау критерилері,  рефлексия   және тапсырмалардың шамадан тыс көп болып кетіп,  уақытқа сыйғыза алмағандығым жағынан қиындықтар туындады.Келесі сабақтарымда ол қиындықтарды өзіммен бірге оқыған әріптестеріммен бірге  жеңе білдім. Барлық 7 модуль психология сабағына  өте тиімді.  Әсіресе 7 модульдің ішіндегі  білім беру мен оқытудағы жаңа тәсіл модулі  психологиялық тапсырмаларды ұйымдастыру үшін ролі ерекше.

Жалпы сабақ барысында сыни тұрғыда ойлау арқылы орындалған тапсырмалар сабақта  өте жақсы  орындалды. Сондықтан да мен оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттеріне  сүйене аламын. Мен енді келешекте оқушылардың когнитивті  даму қабілеттерін жас ерекшеліктеріне қарай дамытуды қолға аламын деп ойлаймын