Кактустың түрлері, оған сипаттама

. Кактустың түрлері, оған сипаттама

Толық әрі инелі кактус басқа өсімдікке ұқсамайды. Америка    ашылғаннан кейін, осы жабайы өсімдікті Еуропадан әкеле бастады, Петербургте бірінші ботаникалық бақ ашылды.

Бұл инелі жабайы өсімдіктер құрғақ, ашық, суы аз жерде өмір сүреді. Кактустың инелері жерге түссе, сол жерге кактус өсіп шығады. Оның бойы толған су. Бұл өсімдік суды бойында ұстайды. Өсімдік тамырлары арқылы маңайындағы суды өзіне тартып алады. Жерге түскенде жылдам тамырланады. Кактус ауаға ылғал жібермес үшін жуан қабықпен қапталған. Ең үлкен кактустың іші 2000 литр суға толы болады. Жануарлар  үшін жақсы азық болып табылады.

Инелері көлемі жағынан әр түрлі болады: дөңгелек, түзу, жалпақ, имек әрі жұмсақ . Олардың ұзындығы 1 мм-ден 25 см-ге дейін. Инелердің қорғанудан басқа тағы бір белгісі-ауадағы ылғалды жұту.

Кактустың мынадай түрлері бар:

1.Перескии кактусы

  1. Опунций кактусы
  2. Нотокактус
  3. Дөңгелек қабырғалы кактус
  4. Алып карнегия кактусы
  5. Көпқабырғалы кактус
  6. Селеноцерус кактусы
  7. Карезон кактусы

Мексиканы кактустар мекені деуге болады.

Перескии кактусы Мексикада, Индияда өседі. Оның тұқымы ішінде өседі. Перескии кактусының ағаш тәрізді сабағы, жапырағы және инелері болады.  Опунциидің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады., одан кейін солып жерге түседі Опунциидің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеде медицинада пайдаланады. Ол-ревматизм, жүрек ауруына ем. Кактус гүлдері өте әдемі, ал кактустың өзі әр түрлі әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді.

Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.

Опунция Мексиканың гербін әрлдендіреді.

Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты әдемі, бірнеше ашық әрі нәзік гүлдер шығып әшекелейді.

Кактустар түсіне, көлеміне қарай әртүрлі. Ең ірі кактус-селеноцерус, оның ұзындығы-24 см. Оны кактустардың ішінде ең әдемесі деп «Түн патшасы» деп атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі.

Кактустың көптеген түрі Перу, Чили; Аргентина шөлді далаларында өседі. Кактустың көбінде хлорофил болады. Тікенектерінің ұзындығы

25 см-ге дейін жетеді. Ол өсімдікті күннің көзінен сақтайды, жоғарғы жағына ылғал жинайды.

Кактустың ерекше жері: тікенегі, сабағы, гүлінің іші шырынға толы болады. Олардың ареолдар дейді. Ареолдар кактустарда ғана болады. Олардың ерекшелігі осында. Олар ауаның ылғалын жұтып, одан жерге түсіп бекиді және осылайша көбейеді.

Кейбір кактустың инелерін кей жерлерде тарақ,   щётка ретінде  пайдаланады. Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі,өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп ал да, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2—3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз.Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.