Абай салған сырлы әндер.

Сабақтың  тақырыбы: Абай салған сырлы әндер.

 

  Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :Әнші  композитордың  шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

                                        таныту, жан – жақты  білімдерін  арттыру

 

Дамытушылығы:Жас  өспірімдердің    музыкаға  әнге деген 

                                      ықыласын  дамыту.                                                

 

Тәрбиелік  мәні :Халық  композиторларының  музыкалық 

                                      шығармалары  арқылы халықтың салт- дәстүрін,  тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,  музыка тыңдау,шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

 

Сабақ жоспары:

 

Ұйымдастыру кезеңі:  Амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа зейін аударту.

Үй тапсырмасын сұрау: Жаяу Мұса. «Ақсиса»әні.

Жаңа сабақты түсіндіру:Абай салған сырлы әндер.

Музыка тыңдау.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

   Сабақтың  барысы:

Қазақтың ұлы ақыны және композиторы Абай Құнанбаев Шығыз Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақтың ән өнерін жаңа  көркемдік бейнелеу құралдарымен дамытты.

Оның «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң»т.б. әндерә және  «Торжорға», «Май түні» атты күйлері бар.

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең — менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.

Ән үйрену: Көзімнің қарасы.

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы.

Жырлайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келгенде қалқама сөз дайын.

Қазақтың данасы

Жасы үлкен ағасы

Сендей бір болсайшы

Адамның баласы.

 Қорытындылау:

1.Қазақтың  белгілі   ақындары?

2.Абай  ән туралы қандай сөз қалдырды? 

  1. Абайдың табиғатқа арнаған өлеңдерін ата.

 

Үйге тапсырма: Абай өлеңдері.

                       «Көзімнің қарасы» әні.

Бағалау