Бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептер

Математика    4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептер.

Сабақтыі мақсаты: 1.Есептің жаңа түрі —  бір бағыттағы қалып қою

қозғалысына  берілген есеп түрімен танысу.

2.Есептеу дағдыларын жетілдіру.

3.Есептің өтілген түрлерін шығара білуді дамыту.

Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап,  СТО,  деңгейлеп-саралап оқыту,

Көрнекілігі:  Кестелер.  Суретті сызбалар. Сағат. Күнтізбе.

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру.

                     2 Психологиялық икем.

  1. Сағатты пайдалана отырып. уақытты есептеу.

5 сағат 10 минут, 2 сағат 35 минут

  1. Күнтізбені пайдаланып шығару:

25 қыркүйек  2001 жыл — 6 қыркүйек 2002 жыл —-1 жыл 346 күн

6 қыркүйек 2002 жыл -5 қаңтар 2012 жыл  —-  9 жыл 4 ай.

 

  1. Тірек білімдерін жетілдіру.

№ 1. Есептің мазмұнын түсініп оқу, талдау.

а) Бір елді мекеннен бір уақытта 90 км\сағ жылдамдықпен жеңіл машина және 70 км\сағ  жылдамдықпен автобус жолға шықты. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы  қандай болады?

Кестені толтыру:    Қозғалыс уақыты:      1 сағ.            2 сағ           3 сағ

Ара қашықтық:          20 км.            40 км.         60 км

Шешуі:          90 ·3-70 ·3=60 км.

ә) Бір елді мекеннен жеңіл машина мен автобус жолға шықты. Автобус 70 км\сағ жылдамдықпен қозғалды, ал жеңіл машина  жылдамырақ жүріп, 3 сағаттан кейін автобусты 60 километрге басып озды. Жеіңл машина қандай жылдамдықпен жүрді?   (Сызба арқылы түсіндіру)

Шешуі:   70·3+60=270     270 : 3 = 90 км

б)  Бір елді мекеннен бір уақытта 90 км\сағ жылдамдықпен жеңіл машина және 70 км\сағ жылдамдықпен  автобус жолға шықты. қанша уақыттан кейін олардың арақашықтығы 60 км болады?

Шешуі: 90-70=20    60 : 20=3    Жауабы: 3 сағат

 

 

 

 

 

  1. Жаңа білімді бекіту. СТО әдісі.

№3 Сызба бойынша есеп құрату.

А)         ṿ-200м\мин  ṣ-?               ṣ-500м                       ṫ-?

        *————————————————————————————

           ṿ-300м\мин   -?

Б)    ṿ-5км\сағ                       ṣ-?               ṣ -?        ṫ=4сағ

        —————————————————————————————

      ṿ -6км\сағ                      ṣ-?

Тұжырым жасау: а)Егер  алыстағының жылдамдығы артық болса,

                                    қуып жетеді және басып  оза алады.

                                 б) Егер бір нүктеден бір уақытта шықса, біреуі басып

                                     озады, екіншісі  қалып қояды.

                                 в) Олардың арасындағы қашықтық ұлғая береді.

 

  1. Өтілген материалмен жұмыс.

№4 Есепті оқып, сандық берілген деректермен толтыру, шығару. (ауызша)

Бір бала мен қыз бала бірдей мөлшерде түрлі түсті қағаз парақтарын сатып алды. Ер бала  О парақ, ал қыз бала О парақ сатып алды.  Қыз ер балаға қарағанда О теңге артық төледі. Қағаздың бір парағы неше теңге тұрады?

Анықтама материалдары: а) 7 бет, 12 бет, 65 теңге.

б) 14 бет,24 бет, 130теңге.

 

№6 Теңдеу шешу. 3 оқушы тақтада, қалғаны соңғы теңдеуді орындарынан орындайды.

(×+20) *4=3105                × :34=17000+204              57*(500-×)=11457

16912 : × =7890 – 7834

№7 Кестені толтыру. Көлемді табу.

       а    ә    б     в       г      ғ
A160см   90дм  50м 40мм  20см 120дм
B30см 70 дм   ? 80мм   40см 40дм
H20см   ?   4м 30мм    ?  30дм
V?6300дм 3 8000м3   ? 3200см3   ?

Жауаптары:  а) 96000см3    ә)1дм  б)40м.   в)96000мм3   г)4см 

 ғ) 144000дм3

 

 

 

  1. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

1-деңгей. Жылдамдық, уақыт, қашықтықтың өзара байланысына берілген ережелерді қайталау.

Жылдамдықты қалай табамыз?

Қашықтықты қаалй табамыз?

Уақытты қаалй табамыз?

2-деңгей . Сурет бойынша қозғалысқа есеп құрастыру.

3-деңгей. Біріне бірі қарама-қарсы бағытталған қозғалысқа есеп құрасыру.

4-деңгей. Артынан қуып жету қозғалысына берілген есеп құрастыру.

  1. Қорытындылау. Бағалау.
  2. Тапсырма № 5, 8