Қазақстан Республикасы: саяси сипаттама

Сабақтың тақырыбы:§ 28. Қазақстан Республикасы: саяси сипаттама

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға егемендіктің сипаты. Тәуелсіздік егемендіктің халықаралық қатынастардағы көрінісі екнін түсіндіру. Қазақстан Республикасы – демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде танылатыны жайлы баяндау.

Тәрбиелік: оқушыларды  өз ойын ашық айтуына, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып, патриоттыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Саяси мәдениет дегеніміз не?
  3. Діл, популизм ұғымдарына сипаттама беріңдер.
  4. БАҚ – дегеніміз не?
  5. Білімдерін жан жақты тексеру
  6. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Егемендіктің сипаты.
  2. ҚР – сы демократиялық мемлекет.
  3. Зайырлы мемлекет.
  4. Құқықтық мемлекет.
  5. Әлеуметтік мемлекет.

    Егемендік (орыс. суверинитет, франц. souverainete – жоғары билік) – мемлекеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын мемлекеттің мәні. Бұл ұғым мемлекеттің өз билігін өз қолына алуын, өзінің аумағына, жер қойнауындағы қазба байлықтарына, суға, аспан кеңістігіне иелік етуін, экономикасын басқаруын, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізуін білдіреді.

    Мемлекеттік биліктің бірлігі қазіргі Қазақстанда тек бір ғана мемлекеттік биліктің болу мүмкіндігінен және бар екендігінен, оның тәуелсіз биліктерге бөлінбейтінінен көрінеді.

    Мемлекеттік биліктің жоғарылығы оның ел аумағында толық тәртіп орната алатын лауазымды адамдарға, азаматтарға, ұжымдарға, заңды тұлғаларға құқықтар беріп, міндеттемелер жүктейтін конституциялық және іс жүзіндегі қабілетін көрсетуімен сипатталады.

    Мемлекеттік биліктің дербестігі оның өзгеге бағынышты болмауының, өздігінен әрекет ете алмауының сыртқы саясаттағы құқық субъектілігінің және мемлекетаралық қатынастардағы егемендігнің белгісі болып табылады.

 

 

 

Қазақстан республикасы
Демократиялық мемлекет
Құқықтық мемлекет
Зайырлы мемлекет
Әлеуметтік мемлекет

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Қазақстан республикасына саяси сипаттама берілген. Ол сипаттаманың аса маңызды қағидаларының бірі, Конституцияның 1- бабының 1- тармағында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны» болып табылады. Бұл ашық және азаматтық  қоғам құрудың бастамасын көрсетеді.

    Демократиялық мемлекет ұғымы – алдымен конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға болатынын білдіретін және халықтың құрылтайшылық билігі үстемдік ететін, мемлекетті республикалық құрылыстағы құрылым ретінде танытатын ұғым.

    Зайырлы мемлекет— азаматтардың дін ұстануы еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігін білдіреді. Дін мемлекеттік идеологияға ықпал ете алмайды. Қазақстанда мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ. Діни негізде партиялар құруға жол берілмейді.

Елдегі дін ұстану бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысын реттейтін заңдылықтарды мемлекет белгілейді және бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, олардың республикадағы діни ұйымдардың жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

    Құқықтық мемлекет – Қазақстан Республикасы алдында мақсат етіп қойып отырған сапалық қасиет. Бұл нысана бойынша барлық органдар мен лауазымды адамдардың қызметі құқық нормаларына сай реттеледі. Заң бәрінен де жоғары тұрады. Лауазымына немесе өзге артықшылықтарына қарамастан, заң алдында барлық адам тең. Қоғам заңмен реттеліп отыратын егеменді ұйым ретінде бір қалыпты, орнықты дамиды.

    Конституциялық мемлекет – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі ұстанымдары азаматтар үшін: «заңда тиым салынбағанның бәріне рұқсат», мемлекеттік лауазым иелері үшін: «заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат» деп тұжырымдалады.

Мемлекеттің әлеуметтік сипаты өз азаматтарына конституция бойынша кепілдік берілген білім алу, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениетті дамыту, тұрғындардың шұғылданушылығын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табысы аз тұрғындар тобын қорғау сияқты әлеуметтік шараларды жүзеге асыруынан көрінеді.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
  3. Зайырлы мемлекет, әлеуметтік мемлекет және құқықтық мемлекет ұғымдарына сипаттама беріңдер.
  4. Жаңа материалды бекіту:
  5. Кесте арқылы тәуелсіздік пен егемендік ұғымдарын салыстыр.

 

ЕгемендікТәуелсіздік
  

 

  1. Үйге тапсырма: 28. Қазақстан Республикасы: саяси сипаттама.
  2. Бағалау: