Саяси мәдениет

Сабақтың тақырыбы:§ 27. Саяси мәдениет.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға саяси мәдениет ұғымы, діл, популизм, бұқаралық ақпарат құралдары және олардың атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: оқушыларды  өз ойын ашық айтуына, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып,патриоттыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы ұстанымды айырманы салыстырындар?
  3. ҚР саяси партияларды атандар?
  4. Саяси партиялар қалай жіктеледі?
  5. Білімдерін жан жақты тексеру
  6. Үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерге сипаттама беріндер?
  7. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Саяси мәдениет.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдары.

   Саяси мәдениет деп азаматтардың саяси білімінің, бағаларының және әрекеттерінің деңгейі мен сипатының, саяси қатынастарды ретке келтіретін әлеуметтік құңдылықтардың, дәстүрлердің және нормалардың мазмұны мен сапасына сәйкестігін айтамыз.

Саяси мәдениеттің негізінде қоғам мүшелерінің саяси құндылықтарды игеруін қамтамасыз етуге бағытталған қызметі- саяси тәрбие жүзеге асырылады. Жеке адам өзінің азаматтық сапалық қасиеттерін, саяси ынтасын, белгілі мәселелерді шешу белсенділігін көрсеттеді, өзінің тәртібін саяси нормалар мен демократиялық институттарға саналы және ерікті түрде бағындырады.

   Саяси мәдениет— әлеумметтік қауымдастықтар мен жекелеген адамдардың саясат аясында іс жүргізу тәжірибесі, тарихи жады, өздерінің саяси тәртіптеріне әсер еттетін бағдарлары.

   Діл (орыс. Менталитет, лат. mens-ақыл, ойлау, ой бейнесі, жан құрылымы) – ұжымдық және жеке сана тереңдігінің деңгейі, жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау мен сезінуге дайындығының, құлшынысы мен зауқының жиынтығы. Ділдің қалыптасуы бұқараның саяси мәдениеті мен құқықтық білім денгейіне, идиологиялық шаралардың бағыттарына, әлеуметтік құрылым мен адамның өмір сүрген ортасына байланысты. Тиісінше, туынды сана ретінде адамның өзі ділді қалыптастырады.

   Популизм (лат. popuius- халықтың, бұқараның құқықтары мен мүдделері үшін күрес)- бұқараға негізсіз уәделер беру танымал болуға тырысу әрекеті.Популистер қашанда, қай елде болмасын, аз болмаған. Олардың саяси мәдениеті төмен елдерде тіпті көп болуы заңды.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) –халық бұқарасына ақпарат жеткізудің қазіргі замандық арналары- баспасөз, теледидар, радио, өзге де дыбыс және бейне тарату құралдарының жиынтығы. БАҚ-тың қайсысы болса да бұқараны елде және одан тыс жерлерде болып жатқан саяси және өзге оқиғалармен таныстыра отырып, ақпараттық-ағартушылық қызмет атқарады.БАҚ-тың қоғамда саяси ахуал қалыптастыруда, демократиялық мәдениетті орнықтыруда, халықты бұрмалаусыз ақпаратпен қамтамасыз етуде, саяси сананы өсіруде атқаратын рөлі өте үлкен. Сондықтан БАҚ- ты кейде биліктің төртінші тармағы деп атайды.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Саяси мәдениетті көтеру үшін қандай шаралар жүргізілуі керек?
  3. Діл деген не және оның саяси мәдениетпен арақатынасы қандай?
  4. БАҚ деген не?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Діл және популизм ұғымдарына түсінік бер?
  7. Үйге тапсырма: 27. Саяси мәдениет.
  8. Бағалау: