Қазақстан Республикасының Парламенті.

Сабақтың тақырыбы:§ 40-41. Қазақстан Республикасының Парламенті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Парламенттің құрамы, жұмыс тәртібі, Заң жобаларының дайындалу және қабылдануы жайлы түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қай жылы Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды?
  3. Мемлекеттік билік неше тармаққа бөлінеді?
  4. Президенттің қандай құзіреті бар?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру

Термин сөздермен жұмыс

Референдум-

Ратификация-

Вето-

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Парламент және оның құрамы.
  2. Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі.
  3. Парламенттің жұмыс тәртібі.

Қазақстан Республикасының Парламенті- Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган. Ол екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.

Сенат депуттаттарының өкілеттік мерзімі – 6жыл.

Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азамат Сенатқа депутат бола алады.

Мәжілістің қазіргі құрамы партиялық тізім бойынша сайланатын -98 және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын -9 депутаттан, жиыны-107 депутаттан тұрады. Мәжіліске жасы жиырма беске толған республика азаматы депутат бола алады.

Депутаттар Парламентте мынадай бірлестіктер құра алады:

Фракция- депутаттардың ұйымдасқан тобы. Бұл саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің атынан құрылып, заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелген топ болуы мүмкін.

Депутатық топ-депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі.

Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында неғұрлым маңызды мәселелер қаралады. Парламент палаталардың  бөлек отырысында мәселелерді әуелі-Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?
  3. Палаталардың құрамы қандай және олар қалай сайланады немесе тағайындалады?
  4. Парламент қандай қызмет атқарады?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Парламенттің Палаталары біріккен отырыстарда қандай мәселелерді қарайды?
  7. Депутаттардың ұйымдасқан тобы қалай аталады?
  8. Сенет пен Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі?
  9. Үйге тапсырма:§ 40-41. Қазақстан Республикасының Парламенті.
  10. Бағалау: