Қазақстан Республикасының Президенті.

Сабақтың тақырыбы:§ 39. Қазақстан Республикасының Президенті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы жайлы баяндау.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша азаматтардың қандай міндеттері бар?
  3. Азаматтардын Отан қорғау міндетін қалай түсінесіңдер?
  4. Білімдерін жан- жақты тексеру
  5. Әскери қызметтің түрлерін атаңдар?
  6. Салық төлеу міндеті дегеніміз не?
  7. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Президенттік институт
  2. Президенттің билік органдарымен байланысы.
  3. Президеттің құзыреті

Қазақстанда президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында енгізілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды. Осы заң бойынша президентті Жоғарғы Кеңес сайлауы керек болды.

Президент (лат.       – алда отырған, бастауыш) – а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы; ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады.

Республикамызда мемлекеттік билік үш тармаққа бөліну ұстанымына негізделіп құрылды.

Мемлекеттік билік
Заң шығарушы
Атқарушы
Сот тармағы

 

 

 

 

 

 

 

Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен тығыз байланыста болады.Президент Парламент қабылдаған заңға қол қояды. Президенттің ерекше вето құқығы бар. Ол құқық бойынша, Президент заңды қабылдамай, әлі жетілдіріп, пысықтай түсу үшін Парламентке қайтара алады.

Вето (лат.      –тйым саламын) –Ежелгі Рим империясында Рим магистратының өзге магистраттардың жарлықтары мен әрекеттеріне тиым салу, мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы.

Республика Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады.

Қазақстан Республикасының Президенті: Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнайды; Республика     Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Президенттің сот билігіне де қатысы бар т.б. Президенттің басқа да өкілеттіктері болады. Солардың бірі – мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізу құқығы.

Президент мемлекет басшысы болғандықтан, елдің ішінде де, халықаралық қатынастарда да халық пен мемлекет атынан сөйлеуге құқылы. Халықтың қалаулысы ретінде Президент халық мүддесіне қызмет етеді. Сол себептен де, ол сайланғаннан кейін, қызметіне кіріспестен бұрын халыққа ант береді.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай?
  3. Бүкілхалықтық референдум дегеніміз не?
  4. ҚР-ның Парламенті қандай қызмет атқарады?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Вето құқығы дегеніміз не?
  7. Ратификация дегеніміз не?
  8. Үйге тапсырма: 39. Қазақстан Республикасының Президенті:
  9. Бағалау: