Мәдениет және оның қоғамдағы рөлі

Сабақтың тақырыбы:§ 53. Мәдениет және оның қоғамдағы рөлі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға мәдениет, материалдық және рухани мәдениет, мәдениеттің қоғамда атқаратын функцияларына түсінік беру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге, рухани сұлулыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Моральдың негізгі санаттарын атаңдар?
  3. Моральдың бағалау ұғымына нелер жатады?
  4. Қазіргі өмірдегі альтруист адамдардың әрекеттеріне қалай қарайсыңдар?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Ар намыс ұғымдарына көңіл аударып, мағынаның айырмасын атаңдар?
  7. Моральдық мұрат дегеніміз не?
  8. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Мәдениет
  2. Материалдық және рухани мәдениет
  3. Мәдениеттің қоғамда атқаратын функциялары

Мәдениет- материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі.

Материалдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы мәдени игіліктерді құрайды. Оларға: техника мен құрал-жабдықтар, тұрмыстық мәдениет заттары, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар жатады. Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі-көркемөнер. Көркемөнер- мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін факторлардың бірі. Көркемөнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады.

 

Мәдениет

 

 

Материалдық мәдениет                                     рухани мәдениет

 

Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер- азық, киім, көлік, баспана, еңбек және қатынас құралдары, т.б. жатады.

Материалдық мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер де кіреді.

Рухани мәдениет деп жеке адамның білім қорын, меңгерген ғылымын, ақылын, шығармашылық қабілетін, ойлау тәсілін, көркемөнерді игеруін, әлеуметтік – психологиялық біліктілігін айтамыз.

 

Мәдениет адамды рухани қалыптастырады.

 

Мәдениет сабақтастырушы функция атқарады

Мәдениеттің атқаратын негізгі функциялары

Мәдениеттің танымдық функциясы

 

Мәдениеттің реттеуші функциясы

 

Мәдениеттің коммуниктивтік функциясы

 

Мәдениеттің құпиясы одан адамгершілік сәулесі шашырап тұратынында. Мәдениет арқылы адам ғажап биік денгейге көтеріледі. Әлкей Марғұланның пайымдауынша, « мәдениет дегеніміз- адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипатта көрінеді ». Мәдениет-рухани байлық, ол ешқашан материалдық пайданың көзі болуға тиіс емес.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Мәдениет дегеніміз не?
  3. Мәдениеттің қоғамдағы рөлі қандай?
  4. Материалдық мәдениетке нелер жатады?
  5. Жаңа материалды бекіту:

Кестені толтыр.

Мәдениеттің атқаратын функциялары.

Мәдениет адамды рухани қалыптастырады
Сабақтастырушы
Танымдық
Реттеуші
Коммуникативтік
  1. Үйге тапсырма:§ 53. Мәдениет және оның қоғамдағы рөлі.
  2. Бағалау: