Жастар және мәдениет

Сабақтың тақырыбы:§ 54. Жастар және мәдениет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жастар  мәдениеті,  жастар арасындағы сабақтастық, мәдени дәстүрлер мен жастардың талғамы жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге, рухани сұлулыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Мәдениеттің қоғамдағы рөлі қандай?
  3. Рухани мәдениет дегеніміз не?
  4. Материалдық мәдениетке нелерді жатқызуға болады?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру

Мәдениеттің атқаратын функциялары.

Мәдениет адамды рухани қалыптастырады
Сабақтастырушы
Танымдық
Реттеуші
Коммуникативтік
  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Жастар мәдениеті.
  2. Түрлі ұрпақ өкілдері арасындағы мәдени сабақтастық.
  3. Мәдени дәстүрлер және жастардың талғамы.

Жастар мәдениеті дегенге демографиялық санат ретінде жас деп аталынатын адамдар тобының басым көпшілігінің тұтынатын және әуестенетін мәдени туындыларының жиынтығын сидырамыз. Жастар мәдениеті мәселелерінің басын ашып алу үшін кейде субмәдениет ұғымы қолданылады.

Субмәдениет (лат.sub- астында, төменде) – екі түрлі мағынада қолданылады

 а) белгілі бір әлеуметтік, демографиялық топтың мәдениеті;

б) тұтас ұлттық мәдениет жүйесіндегі әлеуметтік қауымдастықтың шектеулі мәдениеті, сол топтағылардың өмір салты және ойлау стилі.

Қазіргі жастар талғамдары жағынан өзіндік стильдерімен ерекшеленеді.

Стиль элементтері
Сыртқы келбет
Өзін ұстауы, мәнері, жүздесу ұстанымдары
Сөйлеу ерекшелігі

 

 

 

 

 

 

 

    «Адамды білім сақтайды» деп А.Йүгінеки айтқандай, білім – мәдениеттің маңызды бөлшегін құрайды. Білімсіз ұрпақ – келешегі жарқын қоғамды құра алмайды. Жастар өздерінің рухани байлығына ерекше  көңіл бөлуі керек.

Мәдениеттің даму үдерісінің екі жағы болады. Бірі – тұрақты, екіншісі – дамушы, жаңалыққа толы жағы. Тұрақты жағы – тарихи даму үдерісіндегі адамзаттың жинақтаған тәжірибесі. Бұл мәдени дәстүр. Жаңа ұрпақ сол тәжірибеге сүйене отырып, оны кенейтеді, дамытады. Мәдени сабақтастық – қоғам дамуының барлық сатыларында кездесетін заңды құбылыс. Өйткені, ол ұрпақтан-ұрпаққа жетістіктер мен құндылықтарды, тәжірибе мен дағдыны жалғастырып отырады.

    Мәдени дәстүр – мәдениеттің дамуындағы тұрақты жағы. Адамдар мәдениетке қандай қандай да бір жаңалық енгізетін болса, сол дәстүр көлемінде енгізеді.Мәдени дәстүрлер адамдардың қарым-қатынас кодексін құрады. Оның төңірегіне тұтас халықтар біріккен.

Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелейді. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды, үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды жігерлікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Жастардың тиянақты, сапалы білім алуы мәдениеттің маңызды бөлшегін құрай алады ма?
  3. Субмәдениет дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Жаңа материалды бекіту:
  5. Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
  6. Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіңдер?
  7. Мәдени дәстүрлерге нелер жатады?
  8. Қазіргі жастардың талғамы қандай деп ойлайсындар?
  9. Үйге тапсырма:§ 54. Жастар және мәдениет.
  10. Бағалау: