Мемлекет функциялары, құрылымы мен басқарылуы.

Сабақтың тақырыбы:§ 24-25. Мемлекет функциялары, құрылымы мен басқарылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға мемлекеттің атқаратын функциялары мен мемлекетті басқару формаларына түсінік беру.

Тәрбиелік: оқушыларды  өз ойын ашық айтуына, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып,патриоттыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Демократияның орнығуына қандай шарттар қажет.
  3. Демократияның негізгі белгілерін ата?

 

  1. Білімдерін жан жақты тексеру

Демократиялық емес режімдер

 

Тоталитаризм                                                             Авторитаризм

 

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Мемлекеттің атқаратын функциялары.
  2. Мемлекетті басқару формалары.

Мемлекет бірқатар маңызды функциялар атқарады. Бұдан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті үш функцияны атқаруы керек.

  • Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен қорғау;
  • Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан болатын езгіден сақтау;
  • Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау;

Аталған функцияларды орындау үшін мемлекетке билік органы, басқару органы, күштеп бағындыру органы және сот керек.Үкімет ерікті қоғамды нығайту бағытында шаралар шүргізуі тиіс.

Өрениет тарихын саралап қарасақ, мемлекетті басқаруға жіберілетіндердің төмендегідей ықтималдылығы болуы керек екендігін көреміз.Бірінші жағдайда- билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылады. Екінші жағдайда- билік тізгінін ұстайтын адам билікке ұмтылушылар арасынан  еркін сайлау жүргізу арқылы таңдалады.Үшінші жағдайда- қастандық, бүлік, төңкеріс жолдарының бірімен билікті әлдекімдер күшпен басып алуы мүмкін. Жоғарыда аталған билікке қол жеткізудің мүмкін болатын үш жолының алғашқы екеуі заңды, үшіншісі заңсыз болып табылады.

 

Мемлекетті басқару формалары
Монархия
Республика
Диктатура
Өзі билейді
Заңсыз жолмен келген адамдар тобы
Қоғамдық жалпыхалықтық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Монархия- абсолюттік және конституциялық болып екігебөлінеді. Абсолюттік монархия деп мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуін айтамыз.

Конституциялық монархия деп аталатын басқару формасындағы елдердің алдыңғы легінде қазір Ұлыбритания, Жапония сияқты мемлекеттер тұр.

Республикалық басқару- парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді.Мемлекетті басқарудың парламенттік жүйесін қабылдап алған елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін  сайлауда жеңіп алған партия мен партия коалициясы басқарады. Парламенттік басқару жүйесінде саяси партиялар үлкен рөл атқарады.

Мемлекетті басқарудың президенттік формасында президенті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті  мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады.

Диктатурада қоғамның даму үдерісі көп қырлы және көп нұсқалы болып келеді.Диктаторлық саяси режімде мемлекет билігі бір адамның немесе әлдебір себептермен байланысқан адамдар тобының қолында болады да, зорлық пен террорға сүйеніп әрекет етеді.

Диктатура (лат. diktare-нұсқау беру) –бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Мемлекет қандай функциялар атқарады?
  3. Мемлекеттің қандай басқару формалары бар?
  4. Мемлекттік басқарудың заңсыз жолы қандай?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Қазақстан Республикасында мемлекетті басқарудың қандай формасы қолданылады?
  7. Мемлекетті басқарудың президенттік пен парламенттік басқару формаларының арасындағы ұқсастықтармен ұстанымды айырмаларды атандар?
  8. Үйге тапсырма:§ 24.Мемлекет функциялары,басқару формалары.
  9. Бағалау: